Үйшік-үйшік ойнайық!
Кешкі тамақтан кейін балаларымды еркін ойнатып қойып, өзім интернет аралайтын әдетім бар. Қазір де азан қазан болып ойнап жүр.
Өздері бір кішкентай отбасы.
Жаңа бір әзірде қызым қуыршағын көрпешеге орап алып, перзентханадан шығып жатқан. Оны «күйеуі» Талғат (үлкен ұл) пен «баласы» Ердос (кіші ұл) күтіп алды. «балаға қарай тұршы» деп айқайлап қояды арасында.
Енді қазір, қыз бөпесін көтеріп дәрігердің алдына келіп отыр. "Іші ауыра береді, аяғы да сынған" деп қояды. «Дәрігер» қағазға бірдемені мұқият жазып болып: «Трахисан беріңіз, күніне үш реттен» дейді. "Үлкен балам да ауырып жүр, тамағы ісіп кеткен". Оған «Канефрон беріңіз, күніне төрт рет». Бір кезле «дәрігер» «балаларыңыздың туған күні қашан?» деп сұрады. Қыз: «Біреуі тамызда, біреуі қазанда туған» деді. Бәрін жазып болғаннан кейін: "Қай жылы туған?" деп сұрады «дәрігер». Бәрін білгенде, төрт жасар «мамаша» жыл санау білмейді екен.)))

Кішкентайларға қарап отырсаң, білмейтіндері жоқ. Ойыншықтың да түр-түрі дамып келеді оның үстіне. Бұрын Барбилер ғана болса, қазірде олар жалғызбасты емес, күйеулері бар :)
Ал мен осылай ойнаған жоқпын, сіңлім 7 жас кіші, ал мен 5 жасымнан спорттық биге бардым, аптасына 3 күн би,2 күн хореография. Сосын 1-ші сыныптан ағлышын тілі) Барбиді 2-ші сыныпта тастадым, ал сіңлім 3-4 сыныпқа дейін ойнады.Бүкіл ауланың қыздарын жинап,үйге алып келетін.Үйшік жасап, тамақ «пісіріп», доктор болып)))
ВКМ: Негізі бала кезде түсінбейміз ғой. Елдер сияқты ойнағың кеп тұрады. Спорт биі болғасын ерте бастаған дұрыс қой әрине.
Мен 3 сыныптан домбыраға баратынмын. Сондағы сольфеджиоға бармаудың амалын іздеуші едім:)))
Құдай-ау, ана дәрілерді қайдан біледі?!
Трахисан деген тамағы ауырғанда соратын таблетка, ал канефрон бүйректігі ғой))