Спазмолгон көмектеседі))

sammita-ның каментінен соң есіме түсіп кетті))
Былтыр, Елбасы Ассамблеямен жиналыста эликсир сұрап, жұртты бір күлдіріп еді ғой.
Содан бір шай үстінде үлкендер соны сөз қылып, прикол ұстап отырғанбыз.
Бір кезде балам сұрайды: «Назарбаевтың жасы нешеде?»
Мен: «жетпісте»…
Балам: «кәрі екен ғой»…
Мен күліп: «онда сен өсіп, оны жасартатын дәрі жасап берсеңші» дедім.
Сөйтсем балам, ойланып отырып: «спазмолгон көмектеседі» дейді...)))
Не күлерімді, не ойланарымды білмей отырып қалдым)))
Әрі қарай

Балалы үйдің ұрлығы жатпас

Бүгін балаларды қорғау күні. Балалы үйдің ұрлығы жатпас деген, баланың аңғалдығы мен аңқаулығы сондай үйдегі бар болған оқиғаны сыртқа жасырмай айтуында емес пе?!

Әрі қарай