Балалы үйдің ұрлығы жатпас
Бүгін балаларды қорғау күні. Балалы үйдің ұрлығы жатпас деген, баланың аңғалдығы мен аңқаулығы сондай үйдегі бар болған оқиғаны сыртқа жасырмай айтуында емес пе?!
Әрқайсымыз бала болдық: әркім өзінше бірдеңелер бүлдірген болар бала кезде. Қане кімде қандай оқиға бар?
Әрқайсымыз бала болдық: әркім өзінше бірдеңелер бүлдірген болар бала кезде. Қане кімде қандай оқиға бар?
Бала кезде неше түрлі болды ғой… Мен екі жарым жасымда ғана жүре бастаппын, ал тілім тым ерте шыққан екен. Сегіз айымда кәдімгідей сөйлей алатын едің деп әлі күнге шейін папамдар айтып отырады))) (көп сөйлеп қойсам, міндетті түрде осыны айтады). Бір күні үйге қонақтар келсе керек. Жүре алмаған соң, еңбектеп барып горшокты сүйреп алып, төрге барып (ол уақытта папамдар жерде отырып тамақ ішеді екен), горшокка отырып алып, түкіріп (ағам менен біраз үлкен жасы, бірге ылғи ертіп жүрген, сонда үйренген әдетім екен), үйдің барлық мәселесін айтып отырады екем. Папам былай істеді, мамам былай айтты деп))) Тіпті ағаммен бірге жүргендегі сөздерді де айтып, бір кездері пахан деп сөйлеп жүріппін…
Кәмпит ұрлайтынмын. сервантта ылғи коробка конфет тұратын. Әбіләкім секілді күнде біреуден алып, бітірген кездер болатын)))
Мектепте 6-ға толмай бардым. Мектеп директоры шешен әйел ол кезде. Мамама қырсығып, мені алғысы келмей әдейі істеген, ақыры емтихан тапсыртқызды. Жазып, сызып, ол кезде уже жазуды білетінмін, жазуым да әдемі етін, қазір ғой ол шимақ шимақ, медиктердікі сияқты:)))) Сосын аудан орталығына барып медициналық тексеруден де өткенбіз. Негізі солай жасамаса да болар еді, бір жыл қалып. Мен подружкаларымнан қалғым келмеді, олар енді жазда туғандар, жастары жетіп түр, сосын мамам да шешен директриссаға қырсығып принципке барды, аяғына дейін бүкіл тексерулерді өттік:))))
анда екі деген сөзді жазбаппын))) екі жарым жасымда ғана жүре бастадым)))) су жүрек біреу болғанмын ғой. Ағам үйреткен екен. Қазір енді өмірдің жолында жүруді үйретіп жүр)))
Сен енді мегасың ғой)) Жапонша меңгергеніңе қарап вечно мәз болам саған. ути пути жаным сол)))
олай дейтінім, бес жасымда талаптанып тұрғанымда бала жинап келген мұғаліммен келіспей қалдым. тізімге тізілу процесі мектеп жайлы менің балалық қиялға толы түсінігіме кереғар боп шықты, оЧм:)
сонан бірінші кластамын. сабақ жүріп жатыр. мектепке барар жол бір кісінің үйінің үстінен өтетін. үйге қайтып келе жатқан мені үйге қаладан апаларың, ағаларың келіпті деп алдайтын. және бұл көрініс мұнан соң да бірнеше рет қайталанды. мені алдағандарына мәз болады ма, сонда үп-үлкен кісілер өтірік айтады деп ойламайтыныма әлі таңмын
Мамамның сіңлісінің шашы қалың әрі ұзын болатын. Бір күні қырқып тастады. Мама обедке келіп, апам шәй беріп отыр, жаздың күні басына шапка киіп алған, мамаға шашымды бояп қойдым дейді. Мен мына жақта жүрмін жыбырлап, басындағы шапкесін жұлып алғым келіп. Олай жүрдім, былай жүрдім, ақыры шапкені жұлып алдым ғой. Ой сонда қатты қуандым ғой, апам таяқты жеді деп, ал мама кеткесін таяқты мен жедім :)
Үлкендер айтып берген: бір өзбекше жыланышты фильм көріппіз. Фильмде бір үйдің әкесі ішіп алып, үйіне келіп скандал шығарыпты әйеліне қыз туа бересің деп.
Ертеңіне көршілердің бәріне «Папам кеше ішіп келді да, үйдегі бесікті бір тепті. Мамаға қыз туа бересің деп айқайлады»- деп өтірік әңгіме жайып шығыппын.
Барлығы сеніп қалыпты. Біздің үйде де 3 қыз, ұл жоқ болған соң шығар :)))