Сағыз шайнаудың пайдасы
Сағыз шайнау пайдалы жаттығу. Ол адамның ауыз қуысындағы бұлшық еттердің тынымсыз қозғалысын тудырады. Сағыз шайнау барысында сілекей көп бөлінеді және ол 300 %-ға күшейе түседі. Ол асқазандағы бактерияларды жоюға таптырмас дәрмек. Одан қала берді, тілдің де таза болуы үшін керемет пайдалы. Сағызды тамақтанып болғаннан соң шайнау, асқазанға жаңа түскен астың оңай және тез қорытылуына көмектеседі.






