СССР қалай құлады? (хроника)



Тәуелсіздікке 20 жыл. Яғни, СССРдың да ыдырағанына 20 жыл. Азаттық радиосы 1985-тен 1991-дің желтоқсанына дейін хроникасын дайындаған екен. Видео, фото және мәтіннен тұратын бұл хрониканы қарап шығуға кеңес беремін. Техникалық жағынан да сәтті шыққан және бірнеше тілде қарауыңызға болады. Тек қазақ тіліндегі нұсқасында аударма қателері бар. Мысалы 1990 және 1991-де Беларусь тәуелсіздігін 2 рет жариялаған болып шығады. Сол жерін түсінбей қалып, орысшасын қарадым. Сөйтсем алдымен тәуелсіздік емес суверенитеті туралы жариялаған екен. Осындай аударма қателері болмаса былай өте жақсы шыққан жоба.

www.ussrfall.com/kazakh/
Бөлісу:

9 пікір

Zhan
Жақсы екен, қарап шықтым)))
omarbirat
Әңгіме жоқ, жақсы жасалған. Кейбір жерлерде тек жазулар тұр: сурет табылмады ма, әдейі солай істелді ме, түсіне алмадым. Егемендік пен тәуелсіздіктің бір сөзбен аударылғаны адамды шынымен жаңылыстырады екен.
ken
Қазір енді СССР-2 құрылуда.
Dzhonsaken
Dzhonsaken
Бес-алты тамырлар карта ойнап отырмыз. Бөлме іші көк түтін. Балалар ұйықтап қалған. Теледидар сөйлеп тұр. Даусы еміс-еміс құлаққа кіріп-шығып тұр. Бір кезде өрт туралы жаңалық беріп жатыр екен. Экранның сол жақ жоғары бұрышына «архив» деген жазу шығып тұр. Жаңалық өрт туралы болғандықтан кадрларды архивтен беріп жатырмыз дегендей үнсіз келісім бойынша. Құлағымен тыңдап, экранға енжарлау көз тастаған бір тамыр:
— Архивте өрт болып жатыр екен! — демесі бар ма…
bake
Тікелей эфирде Брежневті табытын құлатып алғаның көргенмін. Рейген алғашқы рет СССР -ге келді. Алғашқы коперативтер. Шыны бөтелкедегі лимонад, қағазға оралған төртбұрыш балмұздақ. Алғашқы радиоконструкторым «Свет и тень». «Аргументы и факты» газеті, ондағы фотосуретке коментарий «смелая, уверенная, красивая» кыска белдемше киген қыз суретіне. «Мәдениет және тұрмыс» журналының нөмірі, фанерадан жасалған «Жастар» автокөлігі. Араққа салнумен күрес. Қара -ақ түсті порно-фото-суреттер. Теледидардан Ұлыбритандық кино «Робенгуд». Ауылдағы «Тимуровшылар қозғалысы» жиылып карта, тиын ойнау. Алғашқы ауылдан шыққан рецедевист -ауыл балалар кумирі… Уау! бірталай өмір өтіпті. «Романтик», «Ленинград» магнитофондары… Джинсы…
ken
Тікелей эфирде Брежневті табытын құлатып алғаның көргенмін

Ондағы грохот атылған салюттердің дыбысы деп айтыпты мына жерде
bake
қарап көруге уақыт болмай жатқаны. Мүмкін солай болған шығар, теледидардан көргенім рас, үлкендерден естігенім ғой. Ол кезде кішкентай болғанмын. Қалған хрониканы жас шамасы бойынша 7,8,9,10 хранология бойынша орналастыруға тырыстым. «Пионер» болып үлгердік. Қызыл галстук тақтық.
temir1986
Мен ол кезде кішкентаймын ғой. Бірақ сол алғашқы жылдары барлығымыз бешпент-шалбардың жаға жеңіне қазақша ою салып беретіні есімде. Қошқармүйіз. Әлде ол СССр кезіндедде болдыма?