Саннан сапаға



Блог Құрылтайда айтылған тақырыптардың бірі саннан сапаға өту. Қазір КерекИнфода адам саны да, пост саны да, пікір саны да, оқылу саны да әжептәуір бар. Google Analytics мәліметі бойынша күніне шамамен 4600 адам кіреді, орташа есеппен 12000 рет оқылады сайттағы жазбалар. Сайтқа келуші шамамен 00:04:34 уақыт сайтта қалады екен.
Әрі қарай

Ұнайды / Ұнамайды

Ұнайды: жауынның тырс — тырс еткен дыбысы, күннің күркілі, самал жел, жауын тоқтағаннан кейінгі ерекше тыныштық, алғашқы қар, сәбилердің күлгені, жусан иісі, Ертістің бойында серуендеген,

Әрі қарай

Керекинфода аламан айтыс басталды ағайын

Құрметті Керектіктер, бүгіннен бастап мынадай идеяны жүзеге асырғалы отырмын. Кешегі Абзал мен Әдемі әлемнің айтысынан кейін тасыма сарт ете қалған осы ой маза берер емес. Сондықтан Керектіктердің арасында қойтістердің тойыс айтыскердің басын қосып, айтыс ұйымдастырып отырмын. Аламан айтыстың шарты мен барысы мынадай:
Әрі қарай

Жаңалықтар - 28 наурыз 2012

Жарақатына байланысты Лондон Олимпиадасына бара алмайтын Серік Сапиевтің орнына құрамаға әнші Бейбіт Қорған шақырылды.

***

Қазақ эстрадасына өзбек ағайындардан үлкен қолдау! «3 клип түсіргенге 1 клип тегін» акциясы басталды.

***

«Сыр ақшамы» газетінің кешегі номерінен Блоггерлер Құрылтайы басталатынын оқыған бір топ қызылордалық блоггерлер қауымы Астанаға аттанды.

***

Рикки Мартиннің Қостанайдағы концерті еліміздің әнұранымен салтанатты түрде басталды.

***

Мәжіліс депутаты Марсель Көшімхан бұдан кейін Кувейт тауарларын алмау және KW домен зонасындағы сайттарға кірмеу туралы ұсыныс жасады.

***

Бауыржан Шоуда бірнеше жыл бойы сахнаға микрофон алып, шығып жүрген бір жігіттің де жеке күлкі театры ашылды.
Әрі қарай

Позитив/негатив. Құрылтай. Астана.

Жақсы жақтары:
— Аңсаған, асыға күткен адамдарды көру
— Көп жылдар бойы онлайн таныс, достығымыз жарасқан блоггерлермен оффлайн қауышып, тілдесу.
— Үлкен, маңызды, ерекше бір механизмның бір бөлшегі ретінде сезіну.
— Көп блоггердің таза көңілі
— Маааааааааафия)))
Әрі қарай