Ұнайды / Ұнамайды

Ұнайды: жауынның тырс — тырс еткен дыбысы, күннің күркілі, самал жел, жауын тоқтағаннан кейінгі ерекше тыныштық, алғашқы қар, сәбилердің күлгені, жусан иісі, Ертістің бойында серуендеген, кітап оқыған, адамдарды қуанту, Көктөбеден түнгі Алматыны, Аблакетка тауына шығып түнгі Өскеменді тамашалау, жолға шыққанда шеті де, шегі де жоқ болып көрінетін кең далаға қарап отыру, «Бұл да өтер!» деген сөз, тыныштық, кездейсоқ танысқан, екінші рет көрмейтін адамдармен сөйлесу (ой бөлісу), көңілім құлазыған сәттерде артық сұрақ қоймай, оңаша қалуға мүмкіндік беретін адамдар, сөзі жоқ әуендер, суық су, бетпердесіз адамдар, туған жерімнің жұлдыздары, үнсіздік, қарапайымдылық, түн;

Ұнамайды: қыста үйге естілетін боранның уілдеген дыбысы, суық, қатып қалған қағида (таңнан кешке дейін жұмыста отыру немесе сабаққа кешікпей келіп, соңына дейін отыру т.б), жаның ауырған сәтте «Мен жылауға тұрарлық нәрсе ме, емес пе айтайын. Не үшін екенін айтшы? Салыстырып қарасаң...» деген сөз, ұйықтаған кезде бастырылып қалу, «Бұл да өтер...» деген сөз, экземам, әлдекімдерге әлденені дәлелдеу, құлшылыққа қатысты сұрақтар, күту, қоштасу, орынсыз дауласу, күйзеліске түсуім, ана тілінде сөйлеуге арланатындар (жалған намыс), тәкаппарлық, сұйық дәрі ішу, өрмекші, үнсіздік, бос үміт, сағаттың тық – тық еткен үні, жолдан өту;

Бөлісу:

63 пікір

araika
Жолдан өткенде қорқатындар бар ғой, сен сол қатардансың ба? Менің нағыз батырлығымды көрсететін тұсым осы. Бір-екі күн бұрын бір оқушыны қағып кете жаздадық, Құдай сақтады. Сол кезде сәл сабақ алғандай болып ем, бірақ қайдам
сұйық дәрі ішу
Дәрі атаулыдан аулақ жүруге әу бастан үйреткен, қанша ауырсам да қабылдамауға тырысамын. Әсіресе, сұйық дәрі мен ыстық укол дегендермен байланыс жоқ.
kokbori
жауынның тырс — тырс еткен дыбысы
тырс — тырс, к
үннің күркілі
гүрс гүрс,
самал жел
ууууу,
ерекше тыныштық
......,
алғашқы қар
қырық қырық,
сәбилердің күлгені
іңгә иахаха,
жусан иісі
іммм,
адамдарды қуанту
Апа, жолдың ар жағына шығарайын (кейде апам шыққысы келмейді),
кездейсоқ танысқан, екінші рет көрмейтін адамдармен сөйлесу
Сәлем Әдемі әлем, сен шығыста мен Батыста, сен маған ұнап қалдың, сен де, жақсы дауай,
көңілім құлазыған сәттерде артық сұрақ қоймай, оңаша қалуға мүмкіндік беретін адамдар,
сен қала тұр мен надзирательден сыртқа шығуды сұранайын,
сөзі жоқ әуендер
тра татам, тра татам, тата там,
қарапайымдылық
ой, мен сұлу емеспін ғой, жәй ғана әдемілік
Қалай, мен ұнап жатырмын ба?
ademi_alem
күннің күркірі ме, күннің күркіреуі ме?
kokbori
бәрібір
ademi_alem
маған ұнап қалдың, сен де, жақсы дауай, )))))))))) қатырасыз))))
kokbori
ұйықтаған кезде бастырылып қалу,
немене үстіңе жинаулы төсек құлады ма, әлде люстра түсір кетті ме
meirzhan
Бастығырылу деген адам өң мен түсін айыра алмайды, не қозғала алмайды, қорқынышты бейнелер елестейді, айғайлайын десе де айғайлай алмайды, көбінесе балалық шақта болады.
kokbori
Содан?
meirzhan
Кімге ұнауы мүмкін енді )
kokbori
Бастығырылудың не қатысы бар дим де, ағасы?
meirzhan
екеуі 1 мағына береді
kokbori
бастырылу деген астында қалу деген мағына екен десем
ademi_alem
айғайлайын десе де айғайлай алмайды, иә, бір қызығы айғайлай алмай жатырмын деп ойлап, айғайлап оянатының.
meirzhan
кішкентай балаларда болатын нәрсе ғой. қазір пашти есте жоқ
ademi_alem
ммм менде әлі де болып тұрады. Оқушы кезде көп болған, түнде айғайлап оянып,өзім ары қарай ұйықтап қалып, қасымдағы қыздар (РМИ) ұйықтай алмай қалатын. )))
meirzhan
 Осы уақытта жазып отырғаның сол екен ғой ))
ademi_alem
))) соңғы уақытта мен ұйқыны, ұйқы мені жек көріп жүр. ))
kokbori
Оның емі сонау Хауа ана әзірейіл берген алманы жегеннен бері табылған ғой
ademi_alem
Оның емі сонау Хауа ана әзірейіл берген алманы жегеннен бері табылған ғой. Сандырақтай бастадыңыз)) ұйықтамай да сандырақтауға болады екен ғой, иә?!)))
kokbori
Қой, неге? Хауа ана жемісті жегеннен кейін, алдында тұрған Адам атаны байқап, ох деп көзін қысып қапты ғо. Содан не керек, ал кеп ұйықта
ademi_alem
Хауа ана жемісті жегеннен кейін, алдында тұрған Адам атаны байқап, ох деп көзін қысып қапты. не деген бас, не деген ми, не деген ой сіздікі а! ))
kokbori
не деген компьютер деп төкпелей берсеңші
kokbori
хехехе, ондайды «Айкезбе» дит
ademi_alem
Нені? Түнде айғайлап оянуды ма, әлде осы уақытта ұйқысыз отыруды ма?
kokbori
Түнде айғайлап оянуды
ademi_alem
түнде айғайлап оянуды «Айкезбе» деп атамас едім. Екеуі екі басқа. Айкезбелік басқа, бастырылу басқа.
meirzhan
Айбастырылу десе
ademi_alem
Айбастырылу??? )))))))))))))) Сізде айта салады екенсіз)))
kokbori
Бастығырылу деген адам өң мен түсін айыра алмайды, не қозғала алмайды, қорқынышты бейнелер елестейді, айғайлайын десе де айғайлай алмайды, көбінесе балалық шақта болады.
өзің айттың ғой ақиқатын
ademi_alem
Дәл солай. Ал айкезбе деген… олар айғайламайды, ұйқылы күйі тып тыныш орындарынан тұрып, әрі бері жүріп кететіндер емес пе қаелеспесем. ))))
kokbori
ой түрлісі бар, нақ, түнде айқайлап оятып, төсегіндегі өзінің нәжісін көрсетіп, мынау не дегендерді көргенбіз
meirzhan
иә, иә. менде айкезбелік болған. орнымнан тұрып кете беретінмін
ademi_alem
мяяя ол тіптен қорқынышты сияқты ғой… оянып қалсаңыз басқа бөлмедесіз… )))
meirzhan
қайтып жата қаласың ғой. )) барған ізбен қайтып
ademi_alem
қайтып барып жата қалған жақсы ғой! сонда да қорқынышты ғой. )))
meirzhan
Басқалар үшін қорқынышты шығар )) Бірақ ең бастысы өзің үшін қорқынышты болмаса болды ғой ))
Өзің айтпақшы, «түнде айғайлап оянып,өзім ары қарай ұйықтап қалып, қасымдағы қыздар (РМИ) ұйықтай алмай қалатын»
ademi_alem
Солай ғой. Бірақ сол кезде қыздар шағымданып, мені басқа бөлмеге ауыстырған. ((
kokbori
тіпті столдың тартпасына кіріп жатып, оянғанда столдың быт шытын шығарыпты ғой
ademi_alem
)))))))) бұл енді бос сөөөз.
kokbori
Сен айкезбенің төбеге өрмелеп жүретінін естімеп пе едің?
ademi_alem
Естімейтініңіз жоқ екен сіздің де. )
kokbori
дәл өзі, ай толған мезгілде істемейтіндері жоқ көрінеді
meirzhan
Айкезбелер айға қарап ұлиды деп естігем. Сол шын ба екен?
Абай Асанкелдіұлы, Астана қаласы
kokbori
Дәл қазір Әдемі әлем, қол аяғын, аузын скочпен буып жатқанына бәстесе алам
meirzhan
Айкезбелер ұқпайды ғой ондайды. скотч деген олар үшін не тәйірі.
kokbori
енді… сақтықта қорлық жоқ, одессейіңдссс
meirzhan
Бастырылу деп айта беретін сияқты. анығын білмейді екем.
Айтпақшы Хауа Анада да бастырылу болды деп ойлайсыңдар ма?
kokbori
ойламаймыз, тек
соңғы уақытта мен ұйқыны, ұйқы мені жек көріп жүр.
дегеннен шықты ғо
meirzhan
Әйтеуір алмаға әкеліп тіреп қойдың ғой )
ademi_alem
Айтпақшы Хауа Анада да бастырылу болды деп ойлайсыңдар ма? қалай қызық сұрақ. )))
meirzhan
жай әңгіме болсын деп қой )
meirzhan
Лунатиктің сәтті аудармасы
kokbori
Меке ау, ол баяғыдан бар сөз, керісінше лунатик бұның аудармасы
meirzhan
солай ма, жақсы естілетін сөз екен. Бірақ мағынасы онша жақсы емес )
kokbori
Енді қайтесің, «тұмау аяғы құрт(туб), тұман аяғы жұт» дегенді мақалымыз деп мақтанышпен айтып жүрміз ғой