Жалғас Ертаймен болған сұхбат


Мына фигураны «Керектіктерге» таныстырудың қажеті жоқ шығар. Биылғы блогқұрылтайда өз басыма Жалғастың презентациясы қатты ұнағанын айта кетейін. Әрине, «Керектіктер» үшін Жалғастың кейбір айтқандары «тізесі шыққан» тақырып болуы мүмкін. Бірақ, жұрттың барлығы бірдей емес, біреу біледі, біреу білмейді дегендей. Айтпақшы, құрылтайда Нұрғисаның да жасаған презентациясы ұнады.

Жалғас ЕРТАЙ, блоггер, «WikiBilim» қоғамдық қорының қызметкері, «Центр тяжести» сайтының редакторы:

«Қоғам қандай болса, оның интернеті де дәл сондай болады»

«Интернет журналистен универсал болуды талап етіп отыр»

«Қазақтілді интернеттің бар екендігін дәлелдейтін уақыт келді»
Әрі қарай

Орамжапырақтан жасалған голубцы


Суреттің сапасы нашар болғанына ренжімессіздер! Бұл менің алғашқы постым!
Сайттың аты айтып тұрғандай керекші қыз-келіншектерге көмегі тиер деген оймен өзім дайындаған голубцыдың (қазақшасы қалай екенін білмеймін) мәзірін жазбақпын.
Қажет заттар тізімі:
— 500 гр тартылған ет (фарш)
— 1 үлкен орамжапырақ;
— 0,5 стақан күріш;
— 1 сәбіз;
— 2-3 тал сарымсақ;
— 1 үлкен пияз
— 2 орташа қызанақ
— Тұз
— қара бұрыш
Соус үшін:
— 1 ас қасықтомат соусы немесе кетчуп
— 2 ас қасық қаймақ
— Су (қажетінше)
— Тұз (қажетінше)
Дайындалуы:
Алдымен орамжапырақты жапырақтарынан айырып аламыз. Сосын әрқайсысын бөлек-бөлек ыстық суға 2-3 минут қайнатамыз. Немесе орамжапырақтың екі жағындағы түйінін пышақпен алып тастап, бүтіндей ыстық суда ұстауға болады. Содан кейін жапырақтарын даралап аламыз.
Пияз бен сәбізді 3-4 минут табада қуырамыз. Күрішті шала пісіріп аламыз. Сосын тартылған етпен осы аталғандарды араластырамыз, үстіне сарымсақ пен қызанақты және қажетінше бұрыш пен тұз қосамыз. Жақсылап араластырамыз.
Дайын болған қоспаны орамжапырақтың жапырақшасының ортасына саламыз да, жан-жағы жабық болуын қадағалап ораймыз. Қалған жапырақшалар мен қоспаны дәл осы әдіспен жасаймыз.
Соустың дайындалуы:
Томатсосусын(мен осыны пайдаландым) сметанамен араластырамыз. Қажетінше тұздаймыз да су қосамыз.
Терең қазанға оралған голубцыларды салып, тығыз орналастырамыз. Үстіне соусты құямыз. Соус голубцыды жауып тұруы керек. Қақпағын жауып, 40 минутқа асты жай отқа қоямыз.
Дастарханға берген кезде үстіне қаймақ қойып, көк шөптермен әрлейміз. Астарыңыз дәмді болсын!
Әрі қарай

"ОккупайАбайлықтар" Қарағандыда

Бастауын Ресейдің Москва қаласынан алған «ОккупайАбай» қозғалысының көлемі осылайша үлкейіп кетерін басында ешкімде білмеген шығар?! Ресейдегі сайлаудың нәтижесіне көңілі толмаған қарағандылық орыс жастар наразылық шарасы ретінде 18-ші мамыр күні Абай ескерткішінің жанына жиналып, соткаларынан музыка тыңдады.

Жаңалықтар бір сөйлеммен



  • Қазконтентте өзіндік орны бар Гаста вахталық жұмысының орта шенінен асыпты, оған дәлел өзінің іші пысқанда жазатын, көлемі бір постқа татитын коменттері,-дейді білетіндер/Маңғыстау оттары/
  • Сатыбалды Муза шешеймен ажырасу сот-процесін бастап кетіпті/Хабар/
  • Өзіндік стилімен танылған Рафаелло, «Ескіге қайтып оралмаймын» атты проза жазып жатқан көрінеді/Жас алаш/
  • «Балдар юнайтедтен» қатарынан 2-рет оңбай жеңілген «Шалдар юнайтед» командасы стадионның жөндеу жұмыстарына жабылуын сылтауратып ойынды кейінге шегеріп жүр/Өзақпарат/
  • «Астанаға Көкбөрі кеш келеді» фильмін 14-рет көрген Саясат ойланыыып қалыпты/Время/
Әрі қарай

БЕСІК – ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ, ӘЛДЕ АҚЫМАҚТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ?

Маған, бала кезімде, әжем, апам «Бесікте жатқан баланың денесі, аяғы түзу өседі, бала таза болады» дейтін. Ал мен, өзімізді, яғни қазақтарды, бесікті пайдаланбайтын елдердегі азаматтармен салыстырсам, керсінше екен. Бесікті паидаланбайтын елдердегі азаматтардың бойлары да, аяқтары да ұзындау, әрі түзурек, ой-өрісі де жоғары, санасы проблемалардан тазарақ… Сана таза болғандықтан, еркін ойлауға, яғни өмірге жаңалықтар енгізуге, жаратуға кеңістік болады екен. Ұлы ғалымдар сол елдерден шығады, біз пайдаланып отырған барлық техника мен үйіміздегі қасық, вилка, чайникке дейін солар ойлап тауып, солар шығарып отыр, керек болса киіп жүрген киімдерімізді де солар шығарады. Ал, біз тек пайдаланушымыз(потребитель), керек болса, шығарылған бұйымдарды, кейбіреулеріміз дұрыс пайдалана да алмаймыз.
Әрі қарай

"IT-тірлік" онлайн-журналы

Армысыздар!

Ұзын сөздің қысқасы: биылғы құрылтай қатысушыларына көрсеткен «IT-тірлік» атты журналымды шығаратын күн таяп қалды. Күнделікті ит тірлікпен арпалысып, "Әне-міне шығарамын" деп жүргенде жылдың бір жартысын еңсеріп тастаппыз. Соны есіме алып, міне біртіндеп күн, түн демей осы шаруаны қолға алып, бітіргенше жанымды қоярға жер таппай жатырмын.
Әрі қарай

Ханшатырда түріктердің Эбру сурет өнері таныстырылады және концерт болады



Ханшатырда 19 мамыр, сенбі күні сағат 18:00-де Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түріктердің мәдени орталығының Эбру сурет өнеріне арналған шарасы өтеді. Қонақтарға Эбру өнері таныстырылып, мәдени орталықтың осы саладағы курсына қатысушылардың шығармаларының көрмесі өтеді. Келушілерге түрік кофесі ұсынылады және қазақ-түрік оркестрінің концерті қойылады.

Керекшілер, ертең бірге барып қайтайық. Ханшатырдың 1-ші қабатындағы алаңда, сағат 18:00-де.
Әрі қарай