Жаңалықтар бір сөйлеммен



  • Қазконтентте өзіндік орны бар Гаста вахталық жұмысының орта шенінен асыпты, оған дәлел өзінің іші пысқанда жазатын, көлемі бір постқа татитын коменттері,-дейді білетіндер/Маңғыстау оттары/
  • Сатыбалды Муза шешеймен ажырасу сот-процесін бастап кетіпті/Хабар/
  • Өзіндік стилімен танылған Рафаелло, «Ескіге қайтып оралмаймын» атты проза жазып жатқан көрінеді/Жас алаш/
  • «Балдар юнайтедтен» қатарынан 2-рет оңбай жеңілген «Шалдар юнайтед» командасы стадионның жөндеу жұмыстарына жабылуын сылтауратып ойынды кейінге шегеріп жүр/Өзақпарат/
  • «Астанаға Көкбөрі кеш келеді» фильмін 14-рет көрген Саясат ойланыыып қалыпты/Время/
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
жазғы сылбырлық керекинфоға кеш келейін деп тұрған сияқты, тіпті келмей-ақ қойсын
yerbol89
Гугл брат аман болсын. Енді ол бізді де, Керекті де өлтірмейтін секілді.
sigma
Бірінші жаңалық екі сөйлем.

Не ғо, дүзге толтырайық
Daniar-Alan
Сіз үшін арнайы арасына үтір қойдым
sigma
12 тіркелген керекші отырып, сылбырайсыңдар. Давай жазыңдар түнімен.
Daniar-Alan
сылбырайсыңдар
қаяқтың лексиконы?
VKM
Мен бұрын «Жастар» сайтында осындай жаңалықтар жазушы едім...қызықты осылай. Келесісін күтемін
a63a1
Өткен аптаның сенбіден жексенбіге қараған түні АБзал және оның сыбайластары Чкалов су қоймасынан 20 кәрәс аулап қайтты, жалпы салмағы 4,7 кг.
Adiletshu
браконьер
a63a1
кетей нақ, 300 теңге төледім 1 суткаға
konvict
«Балдар юнайтедтен» қатарынан 2-рет оңбай жеңілген «Шалдар юнайтед» командасы стадионның жөндеу жұмыстарына жабылуын сылтауратып ойынды кейінге шегеріп жүр/Өзақпарат/
Мына ақпараттан қортынды шығарса екен басшылықта отырғандар
Rafaello
Менде стиль жоқ қой
kokbori
Енесс, онсыз да ойланып жүрсем, мынауың бір соққы болды ау, ең болмаса 1 аптаға барып қайтамын ба деп жүрмін Астанаға