БЕСІК – ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ, ӘЛДЕ АҚЫМАҚТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ МЕ?

Маған, бала кезімде, әжем, апам «Бесікте жатқан баланың денесі, аяғы түзу өседі, бала таза болады» дейтін. Ал мен, өзімізді, яғни қазақтарды, бесікті пайдаланбайтын елдердегі азаматтармен салыстырсам, керсінше екен. Бесікті паидаланбайтын елдердегі азаматтардың бойлары да, аяқтары да ұзындау, әрі түзурек, ой-өрісі де жоғары, санасы проблемалардан тазарақ… Сана таза болғандықтан, еркін ойлауға, яғни өмірге жаңалықтар енгізуге, жаратуға кеңістік болады екен. Ұлы ғалымдар сол елдерден шығады, біз пайдаланып отырған барлық техника мен үйіміздегі қасық, вилка, чайникке дейін солар ойлап тауып, солар шығарып отыр, керек болса киіп жүрген киімдерімізді де солар шығарады. Ал, біз тек пайдаланушымыз(потребитель), керек болса, шығарылған бұйымдарды, кейбіреулеріміз дұрыс пайдалана да алмаймыз.
Одан бөлек, басқа елдермен салыстырғанда, денсаулығымыз да нашар. Неге? Себебі, біздің бесігіміз бар деген тұжырымға келдім.
Нәресте, ананың құрсағынан «Мен кіммін, не үшін жер бетіне келдім, енді қайда барам» деп
жылап еркіндікке шыққан кезде, біз оның еркіндігін шектеп, бесікке байлап қоямыз. Солайша, нәрестенің ойында, аталған сұрауларына, өз әрекетімізбен «Сен құлсың, жер бетіне құлшылық етуге келдің, баратын жерің мола» деген түсінікті қалыптастырамыз. Өз еркімен қимыл-әрекет жасай алмаған нәресте, өз бетінше ойлай да алмайды, біреуге бағынышты, құл екенін бесіктен сезіне бастайды.Еркін қимыл-әрекет болмаған соң нәрестенің денесі де, миы да жақсы, яғни табиғи дамымайды. Қимыл жоқ, немесе аз болса өсу де төмен болатыны ешкімге құпия емес, тірінің бәрі, қимыл-әрекеттің, күрестің арқасында өседі, дамиды. Ал, құлдың миы, санасы тұтынушылық денгейден өспейді.
Баланың өмірге көз қарасы, негізінен, 7-8 жасқа дейін қалыптасатынын ескерсек, 1-2 жасқа дейін денесі бесіктің қамауында болған баланың ой-өрісі дамымай, нәтижесінде еркін ойлай алмайды, әке-шешесінің ойымен, басқалардың ойымен жүруге бейімделіп, өз пікірі болмайды. Ол баланың ой-өрісі, әке-шешесі сияқты(әке-шешесі де бесікте жатқан), тұтынушы денгейінен көтерілмейді, тұтынушы ретінде денгейі өсуі мүмкін, бірақ өмірдің құндылықтарын жаратушы ретінде денгейі төмендейді. Бұл айтылғандардың растығын өмір дәлелдеп отыр.
Тәуелсіз Қазақстанымыз, жер бетіндегі мемлекеттермен салыстырғанда, ғалымдарының санының көптігі жағынан, алдынғы қатарда бола тұра, неге, мемлекетіміз заводтар, үлкен құрылыстар салу үшін, шет мемлекеттердің ғалымдарын, милиондаған қаржылар беріп, жалдайды. Біздің ғалымдардың дипломдары ғана ғалым, өздері ғалым болмағаны ма? Неге ғалымдарымыз, орта мектеп оқулықтарын да жаза алмай отыр. Біздің ғалымдардың жұмыстары көп болғандықтан, қолдары тимейді ме, жоқ, әлде ғалымдық дипломдарын сатып алған ба екен? Мүмкін байлық іздеп, бір-бірімен жарысып жүрген шығар?
Бесікте байланып жатқан балада қимыл болмағандықтан, қан айналымы да төмендейді. Өздеріңіз білесіздер, организіміміздің барлық органдарына қоректік заттар, витаминдер қан арқылы тарайды. Демек дененің дұрыс өсуі, дененің қимылына тікелей байланысты болғандықтан бесікті пайдаланатын семьялардың балаларында «дисплазия» деген ауыру көп кездеседі. Себебі аяқтары қимылдамағандықтан жан-бас сүйектері жақсы өспей қалады, ол ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, кейінгі туылғандарының ұршық сүйектері орнынан шығып кете береді.
Ал бесікті пайдаланбайтын елдерде дисплазия ауыруы жоқтың есебі. Мысалы орыс халқы нәрестелерін корзинаға немесе коляскаға салып қояды, нәресте аяқ-қолын қимылдатып еркін оинап жатады, қимыл болған соң, денедегі қан жақсы айналып, қоректік заттар органдарға уақтында жеткізіліп, дене сүйектерінің өсуі дұрыс болады. Европа халқының, негізінде, денелері биік, аяқтары түзу, сүйкімді болуының, «дисплазия» ауыруының жоқтығының себебі, оларда бесіктің жоқтынан екенін түсіндім.
Біз, ата-аналар, ой-өрісіміздің саяздығынан, өзіміз құл болғандықтан, санамыздың төмендігінен, есепті білмегендіктен, шамамызға қарамай, араларын 1-2 жыл етіп, 5-10 баладан туып алып, баламызға қарауға уақытымыз болмай, оларға дұрыс көңіл де бөле алмай, миымыз ашып, өз нәпсіміз үшін, уақытымызды тежеу үшін, туылған нәрестені бесікке байлап, өзіміз сияқты құл жасаймыз.
Сондықтан, балаларымыздың, біздің, санымыз бар да, сапамыз жоқтың есебі. Ал, мен, сапалы деп бүкіл әлем, немесе жоқ дегенде, әлемнің жартысына жуығы мойындаған, ғалым, әуле азаматтарды айтамын. Қазіргі таңда біздің «ғалымдарды», «әулелерді» тек біз ғана білеміз, біз ғана мойындаймыз, олар ештеңе жаратып, ешқандай жаңалық ашпаса да. Өкінішке орай бізден әлі, менің білгенімше, нағыз ғалым, нағыз әуле шыға қойған жоқ, бірақ мақтанғанда бүкіл әлемге жар саламыз.
Ұлы ғалым Альберт Эйнштейн айтқаныннындай, өмірде бәрі салыстырмалы түрде бағаланады, сондықтан менің жазғандарым салыстырмалы.
Қортындылай келіп, айтарым, бірінші кезекте біз өзімізге, екінші кезекте бесікке қапа болуымыз керек деп оилаймын. Ал, маған келсек, мен, өз ойымды жаздым, менің ойым мүмкін дұрыс, мүмкін дұрыс емес, әркім өзі шешсін деп алдарыңызға қойып отырмын.

Сарыағаш ауданы тұрғыны: Ибрагим Жунисбеков
bk
Бөлісу:

88 пікір

asaubota
тақырып неткен пафос еді?!
Aya
тақырып неткен пафос еді?!
жүрегіңіз айнып кеткендей болып сезілді маған
ken
тел: 27281, 51074.
ұялы тел:87019535042
телефон кімдікі? сенікі ме, И.Жүнісбековтікі ме?

ал жазбаға келсек, тым асыра сілтеп жіберген
ruslan_rys
И.Жүнісбековтікі хабарласуларыңаа болады
AKY
Руслан Рус-ты сен екен деп қалдым
Adiletshu
Шынында да аяқтың түзу болуы бесікке байланысты ғой дейм. Үлкен қалаларда бесік пайдаланбай өскен балалардың аяғы түзу болады, ауылда өскен, аяғы түзу болсын деп бесікке таңылған балалардың аяқтары қисық болады.
ken
демек, жапондар да балаларын бесікке бөлейтін болғаны ма?

бесікке балаларын өзбектер де, тәжік, ұйғырлар да бөлейді. алайда олардың аяқтарын қиысқ деп айтпайсың.
Aya
Қойш, а! Менің аяғым қисық емес!
Daniar-Alan
факт керек. аяқтарыңызды суретке түсіріп осында жариялаңыз.
meirzhan
оо, тағы бір суреткөргіш
Aya
Біздікі дәлелдеуді қажет қылмайтын аксиома
AL-ASTER
Мәселен атқа отырып өскен кей балалардың аяғы қисық болады.
Gastarbaiter
Миф. Атқа бір ақ жыл отырдым. Аяғым қисық сонда да.
asaubota
мен кішкентайымда көп отырғанмын, мен де солай ойлаймын аяқ талтайып қалады
Daniar-Alan
сен битсей, мына жазба-сымағыңды басқа бір көтриоттық блогқа ма, сайтқа ма жарияла да комент күт. ұйқыдан оянғаныңда атақты болып оянасың.
ruslan_rys
сенн сүйтіп котриот болғасынау димдааа
aikarakoz
Мен намыс.кз-ні ұсынам, ық ық
Onlasyn
Бесікті тастасақ бақытты боламыз дейсің ғо
saltanat23
Мен баламды дүниеге әкелген кезде бекікке салғым келген. Бірақ, педиатр мен балалар неврологы рұқсат берген жоқ. Баланың басы шайқалып, неврологиялық аурулардың пайда болуына әкеледі деп. Тынышы бесік қой дегенбіз, бірақ солай-ақ өсірдік.
Daniar-Alan
педиатр мен неврологоңыз ақмақ кен
saltanat23
Қазір көп ата-аналарға осылай кеңес берілетінін естіп жүрмін. Өйткені, жаңа туылған балаларда неврологиялық аурулар көптеп кездеседі.
Daniar-Alan
егер шынында да солай болса 1500 жыл бойы бесікте тербетілген қазақ псих боп кетпей ма. мен де бесікте жаттым, қыздарым да бесікте жатты, жатыр. шүкір ондай нәрсе байқаған жоқпын. 7-жыл клубта жүрген дәрігер-сымағыңызды тыңдамауға кеңес берем.
Kipshakkyzy
Демек, біздің миымыз шайқалған болды ғой!
saltanat23
 Мүмкін, тыңдамау да керек шығар. Бірақ, біз сияқты жас аналардың әр түрлі айтылған пікірлердің қайсысысының дұрыс, қайсысының бұрыс екенін біле алмай дал болатындығын айта кетейін. Әсіресе, әңгіме өз туған балаңа қатысты болса, не болса да маманның айтқаны дұрыс шығар деген ойға келесің.
Daniar-Alan
мамаң дұрыс айтад не болса да
saltanat23
 Маман (специалист) дедім ғой
Daniar-Alan
7-жыл клубта жүрген дәрігер-сымағыңызды тыңдамауға кеңес берем.
мамаң (ана), енеңнің (тещя) ақылын тыңдасай ең дұрысы.
Kipshakkyzy
Болашақта екі баламды эксперименттен өткізіп көрмесем.  Бірін бесікке бөлеп, екіншісін жазбадағыдай корзинаға салып өсіріп. Сосын белгілі болады қайсысының аяғы түзу ғалым болатыны.
Adiletshu
Аяқтарын жөргекпен қатты тартып байлап жатқанда әлдиді аяп кетем
alisha
Негізі, әлдилердің аяқ бермей, шырылдап жылауы тегін емес. Жамбас буынының дисплазиясы бар балалар, туа бітті жамбас ұршығы тайған сәбилер бесікке бөлер кезде қатты ауырсынады. Сондықтан да мұндай сырқаты бар балаларды бесікке жолатпаған жөн. Адамның түрі бар ғой, кейбірі дәл осы диагнозбен ауыратын балаларына арнайы массаж алады, массаждан шығады да, үйге әкеліп, бесікке тапжылтпай таңып тастайды. Ем зая кетеді бұл жағдайда, ауру үстіне ауру жамайды. Дұрысы — бала қарақұлақтанғанша конверт әдісімен орау.
AL-ASTER
Мені бесікке бөлемей еркін өсіріпті дәрігердің айтуымен, екі інім бесікте бөленді.

Шыққан жерің емес, бара жатқан бағытың маңызды дейді ғой. Мүмкін бар мәселе бесікте емес болар, бар мәселе өсіп жатқан ортада болар. Өзін дамытқысы келген адам бесіктен емес, қараңғы ортадан өзін аулақ ұстауы керек сияқты.
satibaldi
тел: 27281, 51074.
Қаланың коды қандай, сіңлім-ай? Байыз таппадым ғой мына мақаладан, авторымен сөйлескім келеді тез арада.
Adiletshu
Соткасына хабарлассайшы
dark_nazgul
йопты. Бесіктен аяғым шығып кеткенге дейін жатыппын. Денсаулығым мықты, аяғым түзу, менен ақылды адамды ваще табу қиын.
Қыртпасын аптыр.
AKY
Десе де бесікке жатпаған еуропалық қыздар ең аяғы түзу, ең сымбатты екені факт.
Бесікке жатқам жоқ, аяғыма не жалуюсь Мәселе бесікте емес, мәселе генде.
Abilakim
қазақтардың атқа отыруынан да аяқтарының қисықтығының бір ұшын іздеген қыздарды көргенбіз.
aikarakoz
Ол рас деп ойлаймын. Менің кенже ағам басқа ағаларыма қарағанда аттың құлағымен ба, құлағында ма ойнаған. Аяғы талтақ
asaubota
тақырыпқа қарап ой сол баяғы бесікті мадақтау шығар, баяғы жыр деп ойлап оқымап едім.

пікірлерді көріп, оқып шықтым енді

бесіктің аяққа қатысы жоқ сияқты. мен бесікте жаттым, аяғым қисық. шешем мұны ерте жүріп кетуіммен байланыстырады. өзімнің екі ұлымның да аяқтары қыз қызығатындай түзу. екеуі де бесікте жатқан жоқ. қазіргі балалардың жартысында бас сүйек іші қысым (внутричерепное давление) бар екен. бесік немесе аяққа салып тербетуге болмайды мұндай балаларды.
saltanat23
Менің де жоғарыда айтқым келгені осы болатын. Түсіндіре алмадым-ау деймін.
asaubota
аха, бұрынғы кез бен қазіргі кездің адамдарын салыстыруға болмайды және стресі көп қала тұрғындарын. стресс көп, ол балаға да әсер етеді.
Daniar-Alan
мен дұрыс түсінбедім ба?
Abilakim
бесік жайлы жазылған еді осында.
Бесіктің зиянын білмедім пайдасы көп.
Бала жылы жатады.Қол аяғын ербеңдетіп оянып кете бермейді,үлкендер бала өз қолынан да шошуы мүмкін дегенді айтып отыратын.
Памперс деген пәлелерге әжептеуір эконом,ғалымдар памперстерді де зиянды деп жатыр ғой.
Бесікке жатқызғанда 24 сағат ешкім таңып тастамайды ғой.Сондықтан аяқтың қисықтығына еш әсері жоқ.
dark_nazgul
сонайтам. бесік десе жұрттың көзіне тәулік бойы серейіп жатқан бала елестейді осы. Бар ондайлар, ауылда, шешелері күні бойы нан жауып, тезек теріп, келген қонаққа сәлем салудан босамайтын, ал әжесі тек тербетуге ғана шамасы келетіндер. Ал есі дұрыс отбасында мезгіл мезгіл ғана жатады бала бесікке.
Үлкен ұлым сегіз айға дейін жатты. Уақытымыен отырды, еңбектеді, уақытымен жүріп кетті. Түк те ақымақтық деп есептемеймін.
asaubota
тақырып енді қызып жатыр. автор сәтсіз күнде жариялапты
Abilakim
менің екі балам да бесікке жатты,қалғандары да жатады бұйырса!
Adiletshu
Аяқтыры қандай
Abilakim
кішкентай қызымның аяғы қандай болар екен деп арам ойлап көрмеппін.Екі аяғы тең тәрізді, біреуі қысқа емес Құдайға шүкір.Кем болмаса болды ғой.
Ал,ұл баламды тіпті уайымдамаймын. Жүгіріп жүр.Бір тізесі екіншісіне соғылып жатқан жоқ әйтеуір
Gulistan
Қазақтывң бар қайғы қасіретін бесікке таңған қайран заман-ай!
Daniar-Alan
Бесіктің пайдалы жақтары:
1.Бесікке бөленген бала таза жатады.Қазіргі памперстер секілді баланың құйрығын сорып тастамайды.
2. Баланың қол аяғының түзу өсуіне септігі тиеді. Қазіргі балалардың жамбасына кергіш пе, таңғыш па бірдеңе салып жүргендерін көп көрдім ауруханаларда.Медициналық тілмен ол аурудың қалай аталатынын біле алмадым. Осының бәрі бесікке жатпаудың кесірі.
3. Бесіктен шыққан бала керіліп-созылып рахаттанады, балаға ол да пайдалы.
4.Бесікте жатқан балаға суық тимейді,қымтаулы жатады.
5.Бесіктің ырғақты тербелісі баланың психикасына оң әсерін тигізуі мүмкін.МОМП (менің ойым-менің пікірім)
6.Анасы баласына аунап кетіп жастыққа тұншығып қалды ма екен деп алаңдай қоймайды.
Әбіләкім (шамамен б.э.д. 12 ғасыр)
AKY
негізі баланы тербетіп ұйықтатуға үйретпеген дұрыс екен. содан ғой, біздің қазақ бала ұйықтатам деп, өзі ұйықтап қалатыны. әуел бастан үйретсе, балапандар жатқызып, жай ғана көтенінен қаққанда ұйықтап қалады. басы түсіп қалғанша тербету міндет емес.

Қалған доводтарыңыз да так себе.
Daniar-Alan
көтенінен қаққанда
ұйқтай салса жақсы ғой. біздікілерді миын шайқап, талдырып тастау керек
AKY
туғаннан бастап солай ұйықтату керек. әпкем солай үйреткен, баласын жатқызса болды, өзі-ақ ұйықтай салатын. қазір де ұйықтағысы келсе барып, томпиып жата қалады. ал ағамның балаларын ұйықтату мұң болатын. бесікке не аяққа салып тербету керек, еще айғайлап тұрып ән айтасың.
aikarakoz
Біраз тәжірбие жинақтапсың, өзіңе бала табу қалды енді
Abilakim
Малды да баланы да көп баққан жан ғой бұл кісі))) Заманында сиыр да баққан
AKY
бесікті аяғыммен тербетіп отырып, теледидарға есім кетіп, бірнеше рет құлатқаным бар ол жағынан да бесік зиян
AKY
мен балаларымды ең күштіііі, ең ақылдыыы етіп тәрбиелеймін
Daniar-Alan
бесікпен оңайырақ. матап тастаған шүберек-жіптен қолын шығарып алам деп тырмысқан балаға күшті болудан басқа амалы қалмайды.
AKY
мифбассын сені, мифбасқыр.
Daniar-Alan
қарғыстың жаңа түрі?
AKY
жоға, жай анауың өтірік әңгіме дегенім даЧы,
Daniar-Alan
менің қызым сөйтіп өсті. иии опытныйлармен таласпасанызшы
AKY
менің қызым сөйтіп өсті деген довод емес
Daniar-Alan
неге? күшін көрсеңіз қазір
Abilakim
Тербетпей ұйықтатып та көрдік.Дегенмен тербетіп ұйықтатқан жақсы тәрізді. Қазір есі кіріп қалған неме көбіне біздің жанымызға жатады.Түсте бір уақ ұйықтатып аламыз.
Басы жұлынып қалғанша тербету дегенді түсінбедім. Бір ырғақпен тербетесің ғой баланы. Мен ұйықтап жатқан баланы жақсы қарап отырамын негізі, оянған кезде келіншегім қарайды)))
saltanat23
Мен де тербетпей-ақ ұйықтатып үйреттім. Бесікке де жатпады, аяққа салып та тербетпеймін. Қазір ұйықтағысы келсе жастық берсең өзі-ақ ұйықтап қалады.
AKY
Бесік көшпенділік кезінде ыңғайлы болды, ал қазір оның түк те қажеті жоқ.
Daniar-Alan
мен пәтерде тұрам. өз үйім жоқ. 3-айда бір рет көшем. маған ұстауға бола ма?
AKY
абылай-ханнан қояндыға көшіп барғанша балаң шыдай алмайтын болса, ұста
Abilakim
Қайын жұрт бір ебедейсіз коляска әкелді қызыма. Жиналған кездің өзінде ебедейсіз. Зима-Лето деген пале, ананы көшеге итеріп шықпай-ақ трактордың артына тіркей салып көмір тасуға болады.Бесік көп орын ала қоймайды меніңше.
Ал,қызымызға шағын жазғы арба сатып алдым, ана коляска қалды 40 кун де қолданбадық
AKY
коляска баланы ұйықтатуға арналған дүние деп кім айтты? көшеге шыққанда пайдалан. Балаларды жатқызатын керуеті болады, немесе қастарына да алып жата береді біздің қазақ Одан қалды, тым кішкентай кезінде баласын кәнігі үстелдің үстіне жатқызып қойғандарды да көргем.
Daniar-Alan
немесе қастарына да алып жата береді біздің қазақ
біз өйтпейміз. мешайть етед
AKY
бұл ақпаратыңыз аздап артықтау енД
Daniar-Alan
қара түнек ойларға кетіп қала беретініңіз ай осы сіздің
AKY
қайдан білейін
asaubota
мына жерде нағыз тақырыптық дискуссия болып жатыр екен, зынданнан шығарайық, жаңа қолданушының жазбасын плюстеп қояйық.
Daniar-Alan
мен минустап қойғам ужі. зынданнан шығаруды енД… патша көңіліңіз білсін
Gulistan
Кейбір сәбилер массажға бұйығып ұйықтап қалса, кейбірін талдырып қана ұйықтатасың
AKY
массаждан да сілесі қатып талып қалады ғо олар
сосын тұяқ серіппей ұяқтайды
AL-ASTER
Кей балалар қатты музыка ойнап тұратын колонканы құшақтап юхтап қалатын көрінеді)
AKY
Керекинфо.кз: тіпті Гуантанамо зынданында да 87 пікір!