Студенттік өмір қызықтары
Сәлем бердім, уа «Керекинфо» жамағаты. Жайдары жаз келді, көңіл-күй керемет! Салғырттықтан гөрі, белсенділік басым.
Сабақ аяқталды, сессия ақырындап жүріп жатыр. Одан қалды 5 апталық практика бар. Содан кейін нағыз жазғы демалыс басталады. Сабақ, сессия демекші, студенттік өмірдің қызығы біткен бе?!
Жақында ғана курстық жұмыстарымды аяқтап, арқамнан үлкен жүк түскендей болды. Бұрынырақ Әбіләкім ағамыз өз пікірінде сызбаларым жайлы сұраған болатын. Бүгін сол сызбаларымның реті келіп тұр екен. Алдымен, мектеп қабырғасында жүріп, «Сызу» пәнінен салған суреттерім:

Енді, студент болғандағы сызуларым, суреттер сөйлесін…
1. Бұл 1-курстағы ең алғашқы курстық жұмысым. Сәулет-1 пәнінен тұрғын үйді жобалау тапсырмасы берілген болатын. Мынау маған берілген тапсырма, ғаламтордан суреттерді қарап отырып тауып алдым. Бізге дәл осылай журналдан суретті және тұрғын үйдің ұзындығы, ені, биіктігі ғана берілді. Қалғанын өз еңбегіңмен…

2. Кесінді.

3. Шатыр.

4. Іргетас.

5. Жабын.

6. Қасбет.

Әрине, ішінде қателер көп, бұл өзімде қалған нұсқасы болатын. Енді, 2-курсқа аяқ басып, «AutoCAD» бағдарламасымен танысып, үйрене бастадық. «Сәулет-2» пәнінен енді күрделірек, яғни өнеркәсіптік ғимаратты жобалау болатын. Маған Ақтау қаласында орналасқан механикалық цех берілген болатын. Суреттер…







Мұнда қате бар, Автокадпен сызылған соң қателерді жөндеп беруге оңай. Мен үшін ең қиын курстық жұмыс, ол — «AutoCAD және CREDO негіздері» пәнінен берілген тапсырма. Ееең қиын, ағай да қатені тез табады, әр милиметріне дейін білетін болған соң, қатеңді бірден айтады. Осы курстық жұмысымды кешкі сағат 21:00-ге дейін жүріп ақыры тапсырып, 100 балл алдым ғой, шүкір.


Тағы 2 курстық жұмысымды аяқтап, қазір сессия тапсырудамыз. Одан кейін 5 апталық практика бар, иншАллаһ жақсы тапсырайын.


Ааа, ұмытып барамын, өткенде тобымның жігіттері 33 сөзден тұратын сөзжұмбақ дайындап, таң қалдырған болатын. Қандай сөз екендігін біліп отырған боларсыздар?!


Солааай, тағы қызықтар көөөп қой, амандық болсын бастысы, әлі бөлісе жатармын сіздермен. Мамандық жайлы айтар ақыл-кеңес, нұсқаулар болса риза боламын. Қазір емтиханға асығып барамын, амандықта болайық!


Пы.Сы. Кей суреттер бұрынырақ түсірілген, сапасыздығы үшін кешірім сұрайм!

қаңғыбас)))сәтті аяқта!!!
ойнап әрине, қайдан білейін осылай үнемі айтып жүретінін?!