Осы жұма күні Халық сөзі газетінің редакциясы Қазақ контентін дамыту мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізбекші. Астаналық блогшыларды соған келуге шақырамыз. Жұбанов көшесі 27 үй, сағат 10-30 да
… Байғұс сәби тағы да ауруханада.
Ініме мен күн сайын келіп тұрам. Пряник, кәмпит әкеп берем. Мұнда оны келісімен моншаға салған, шашын алған. Тап-таза іш киім, халат берген. Күйген қолын добалдай етіп таңып, ақ жаймалы, сеткалы темір кереуетке жатқызып қойған. Мен алғаш келгенде өз інімді өзім танымай қала жаздадым. Түрінен кісі шошығандай бұрынғы Тұрдыбек емес, екі көзі қарақаттай, сүп-сүйкімді біреу. Мені көріп, әдемі жымиып күледі. Інім екенін сонда ғана таныдым.
Адамды адам ететін де, хайуан ететін де тұрмыс екен, мен соны білдім.
Бір күні сабақ, соңынан Тұрдыбекке тағы да келген едім. Төсегінің қасында отырмын. Тұрдыбек сау қолымен жастығының астын сипалап, бірдеңе іздей бастады. Сөйтсем, үш тал домалақ кәмпит екен.
Cmd — көптеген мамандардың көмегіне келетін, көп деген бұйрықтарды беруге болатын шағын ғана бағдарлама.
Бірақ бұйрықтардың көп болғандығынан, мен ішінен күнделікті өмірде көп қолданатын бұйрықтарды ғана теріп жазамын.
Енді «Командная строка»-ны шығару үшін «Пуск» басамыз.
Содан кейін «Выполнить». Ашылған терезеге «cmd» деп жазамыз.
Осы жердегі біразымыздың үлкенді-кішілі балаларымыз бар. Оларға қазақша мультфильм көрсеткіміз келеді, бірақ олардың саны саусақпен санарлықтай ғана. Кейінгі кезде «Алдар көсе» шығып жанымыз қалып жүр әйтеуір.
Назарларыңызға тағы бір қазақ мультін ұсынамын
Қытайдағы шетелдік студенттердің бір-бірімен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсінісіп кетуі тез де, ал керісінше осы елде қанша ұзақ жүргендіктеріне қарамастан, солардың басым бөлігінің қытайлықтармен соншалықты сіңісіп кетуі қиын. Және бір байқағаным – бәріміз бір қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тіл табысуы да көп орындала бермейтін құбылыс. Бейне бір екі ел арасындағы шекара біздің сана-сезімдеріміз бен ой-түсінігіміздің де арасын бөліп тұрғандай… Неліктен бұлай?! Жақсы, мұның себебін бірі – орыс тілділер де, екіншісі – таза қазақ тілділер деп түсіндірейік. Ал қазақ тілінде таза сөйлейміз деген біз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңірегіндегі басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестім.