Зулфиядан алтын рекорд!

Әйелдер арасында 53 кг салмақта Зулфия Чиншанло 226 ұпаймен Олимпиада рекордын жаңартып, чемпион атанды!
Олимпиаданың 2-ші күні, 2-ші алтын! Құтты болсын!
Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғассын!
Александр Винокуров — Лондон Королі
(Еуроспорт комментаторы)

Александр Винокуров Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанға алтын сыйлады. 250 километр қашықтықты 5 сағат, 45 минут, 57 секундта аяқтап, финишке бірінші болып жетті!
Керемет жаңалық, керемет сыйлық! Кейінгі спортшыларымызға дем беретін, рух көтеретін керемет жеңіс! Құтты болсын алғашқы медаліміз!
Әрі қарай

Еріккен тақырып-2
Керекинфоға зиян келмесін деп,«Еріккен тақырып» өшірілді.Осында отырып,әңгімелесе беріңіздер.
Әрі қарай
Ұлы арман, ұлы міндет, ұлы жеңіс. Олимпиададан не күтеміз?
Қазір, үлкен спорттың бәрі саясат пен ақша табу көзіне айналды деушілер көп. Сөз жоқ, Олимпиаданың төңірегінде де топан ақша жүр. Біреулер байып жатыр, біреулер саяси салмақ жинап жатыр. Бірақ мойындаңызшы, нағыз спорттың саясатыңа да, ақшаңа да, әлемдегі экономикалық немесе табиғи күйзелістер пен дағдарыстарға да түкіргені бар. Ұлы жеңістер бәрібір бола бермек.
Әрі қарай
Екі сценарий
Жанұяңызбен таңертеңгілік ас ішіп отырсыз. Балаңыз кофеге тиіп кетіп, кофе сіздің көйлегіңізге төгілді. Оған ұрсасыз. Кофені төккені үшін қатты айыптайсыз. Бала ренжіп, жылай бастайды. Енді кезек әйеліңізге келіп, ыдысты үстелдің шетіне қойғаны үшін оған ұрсасыз. Бұдан соң қысқы тартыс өтеді. Ашуланып, көрші бөлмеге барып, көйлегіңізді ауыстырасыз. Қайтып келгенде балаңыздың тамағын ішпегенін, сабаққа кетуге дайындалмағанын көресіз және мектепке апаратын автокөлігінен қалып қояды.
Жұмысқа тез шығуыңыз керек. Асығып автокөлігіңізге барасыз. Балаңызды мектепке апаруыңыз керек. Кешіккендіктен жол ережелерін сақтамай, жол полициясы тоқтатады. Осыдан мектепке кешігіп барасыз. Балаңыз «сау бол» да деместен мектепке кіріп кетеді.
Жұмысқа бір сағат кешігіп барасыз. Сөмкеңізді үйде қалдырғаныңызды байқайсыз. Күніңіз жақсы басталған жоқ. Бұдан да нашар бола ма деп ойланасыз. Басыңыз ауырады. Кешке үйге қайтуға асығасыз.
Үйге барғанда таңертеңгі оқиғадан кейін араларыңызда салқындық туғанын байқайсыз.
Бұлардың барлығы таңертең қалай әрекет жасағаныңызға байланысты туындап отыр. Неге күніңіз жаман өтті?
А) Кофе себеп болды.
Ә) Балаңыз себеп болды.
Б) Полиция себеп болды.
В) Сіз себеп болдыңыз.
Жауап В. Күніңіздің жаман өтуіне сол 5 секунт ішінде балаңызға ұрсуыңыз себеп болды. Негізінде былай істеуіңіз керек еді:
Үстіңізге кофе төгілді. Балаңыз жылағалы тұр. Жай ғана «Жарайды, балам, әдейі істеген жоқсың ғой. Енді ұқыпты болуға тырыс» десеңіз, ешнәрсе де болмас еді. Көйлегіңізді ауыстырып, сөмкеңізді алған кезде терезеден балаңыздың мектеп көлігіне мініп бара жатқанын көретін едіңіз. Балаңыз сізге қолын көтеріп, әйеліңіз екеуіңіз бір-біріңізге жақсы тілек айтып уақытында жұмысыңызға барып, әріптестеріңізбен сәлемдесер едіңіз. Жақсы көңіл-күймен жұмысыңызды бастайтын едіңіз.
Екі сценарий. Екеуі де бірдей басталды, бірақ соңы әр түрлі. Бұған не дейсіз?…

90 жылдар қайтып келсе, қай бандиттік топқа кірвалар едің?
Ал киіңдер Abibas-тарыңды, сүңгітіңдер аяқты Greebook-тарға, толкучкадан мылтық алыңдар! Соынмен?
Әрі қарай
Ордабасы-Русенборг матчы
Еліміздің «Ордабасы» футбол клубы Норвегияның «Русенборг» командасымен ойнайтыны туралы естігеннен бастап, бірге жұмыс істейтін қыздар жігіттер болып командаға жанкүйер болуды ұйғардық. Лейрвик-Берген-Тронхейм маршруты арқылы матч өтетін қалаға кешкі сағат бестерде жеттік. Аэропорттан дереу стадионға барып билет алып, қонақтарға берілетін секторға өттік. Ол жердегі стадион қызметкерлер Қазақстанға болысатын ешкім келмейді деп, жайбарақат жүр екен, жетіп барған төртеумізге басында өз тілдерінде бірдеңе деп күліп алды. Стадионға өтіп киініп, «пісіміллә» деп командамызға болыстық барымызша. Қолымыздан келгенше барымызша дайындалып көк футболкамен, кішкентай офиста тұратын флажокты да алып келдік. Айналамызға қарасақ Русенборгтың жанкүйерлері 2-3 секторды алып отыр, ал біздер тек төртеуміз. Сонымен не керек дымға қарамай болысып, бірінші таймда сәл еңсеміз түсіп қалды. Басыма келген алғашқы ойлар «Неге біздің қазақтың командасына үнемі жеңілу жазылып қойған ба?» «Эх, біз де ГОЛ деп айқаласақ қой» деген нешетүрлі ойлар. Бірақ екінші таймда бізге тағы бір жанкүуйер қосылып, еліміздің байрағын қоса алып келді. Көк байрақтың әсері ме екінші таймда тек айқайлаумен болдық, уақыттың қалай өткенін де байқамаппыз. Екі гол соғылып есеп теңескенде қуанышымзда шек болған жоқ, менің де «ГОЛ» деп айқайлаңым келген арманым орындалды ;-) Сол үшін Ордабасы командасына рахмет!!! Қазақтар алға!!! 

Енді кезек суреттерде:

мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
Әрі қарай

мына видеодан көре аласыздар Your text to link...
№28 автобус – армандар орындалатын мекен

Аялдамада арқа-жарқа сөйлесіп тұрған адамдар, қажетті автобус келгенде әңгімесін ұмытып жапа-тармағай есікке ұмтылады. Ең бастысы есіктің алдына жету. Одан кейін өздері-ақ көтеріп мінгізіп жібереді. Кіргеннен соң да қарманудың қажеті шамалы. Иін тірескен адамдар арасында құламақ түгелі, дем алуың да оңай емес.
Жә, армандарға көшейін…
Өзің бір аяғыңмен тұрып, ілігерге қара таппай келе жатқанда әзілдейтіндер де табылады. «Қарындас, бұл сіздің қалтаңыз емес!» деп жанындағы қызды әжуалап жатқан жігіттер, «ой апай, сіз қырыңызбен өтсеңіз де, былай өтсеңіз де 2 адамның орнын алады екенсіз» деп толық кондукторды күлкіге айналдырған қулар да осы жерде.
Кеше кешқұрым 28-і автобусқа отырып, дұрысы тұрып келе жатқанда бір ағамыз «менде арман жоқ» деп жар салсын. Достары не болды десе, «4 жас қыз маған құлап жатыр» деп мәз. Жүргізуші тормозды басқан сайын бар адам алға тықсырылып, сол 4 қыз тағы ағамызға қарай еріксіз қисаяды. Ай, «менде арман жоқ» деген ессіз айқай одан қаттырақ шығады-ай шіркін.
Қапырық ыстықта лүп еткен желді аңсаған бізге ол ағамыздың арманы ерсілеу көрінді. Алайда, соны қызықтаймыз деп аялдамамызға жеткенімізді де байқамай қалдық. Сонысы үшін рахмет!
Сіз мінген автобуста орындалған армандар болса жазыңыз, өтініш…
Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!
Бүгін он екі айдың ең қадірлісі — Рамазан айының алғашқы күні. Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай.
Әрі қарай