Екі сценарий

Жанұяңызбен таңертеңгілік ас ішіп отырсыз. Балаңыз кофеге тиіп кетіп, кофе сіздің көйлегіңізге төгілді. Оған ұрсасыз. Кофені төккені үшін қатты айыптайсыз. Бала ренжіп, жылай бастайды. Енді кезек әйеліңізге келіп, ыдысты үстелдің шетіне қойғаны үшін оған ұрсасыз. Бұдан соң қысқы тартыс өтеді. Ашуланып, көрші бөлмеге барып, көйлегіңізді ауыстырасыз. Қайтып келгенде балаңыздың тамағын ішпегенін, сабаққа кетуге дайындалмағанын көресіз және мектепке апаратын автокөлігінен қалып қояды.
Жұмысқа тез шығуыңыз керек. Асығып автокөлігіңізге барасыз. Балаңызды мектепке апаруыңыз керек. Кешіккендіктен жол ережелерін сақтамай, жол полициясы тоқтатады. Осыдан мектепке кешігіп барасыз. Балаңыз «сау бол» да деместен мектепке кіріп кетеді.
Жұмысқа бір сағат кешігіп барасыз. Сөмкеңізді үйде қалдырғаныңызды байқайсыз. Күніңіз жақсы басталған жоқ. Бұдан да нашар бола ма деп ойланасыз. Басыңыз ауырады. Кешке үйге қайтуға асығасыз.
Үйге барғанда таңертеңгі оқиғадан кейін араларыңызда салқындық туғанын байқайсыз.
Бұлардың барлығы таңертең қалай әрекет жасағаныңызға байланысты туындап отыр. Неге күніңіз жаман өтті?
А) Кофе себеп болды.
Ә) Балаңыз себеп болды.
Б) Полиция себеп болды.
В) Сіз себеп болдыңыз.
Жауап В. Күніңіздің жаман өтуіне сол 5 секунт ішінде балаңызға ұрсуыңыз себеп болды. Негізінде былай істеуіңіз керек еді:
Үстіңізге кофе төгілді. Балаңыз жылағалы тұр. Жай ғана «Жарайды, балам, әдейі істеген жоқсың ғой. Енді ұқыпты болуға тырыс» десеңіз, ешнәрсе де болмас еді. Көйлегіңізді ауыстырып, сөмкеңізді алған кезде терезеден балаңыздың мектеп көлігіне мініп бара жатқанын көретін едіңіз. Балаңыз сізге қолын көтеріп, әйеліңіз екеуіңіз бір-біріңізге жақсы тілек айтып уақытында жұмысыңызға барып, әріптестеріңізбен сәлемдесер едіңіз. Жақсы көңіл-күймен жұмысыңызды бастайтын едіңіз.
Екі сценарий. Екеуі де бірдей басталды, бірақ соңы әр түрлі. Бұған не дейсіз?…
Бөлісу:

21 пікір

dark_nazgul
мынау қазақтар туралы емес қой
dark_nazgul
амандасқан постына қарап, «тағы бір сауатсыз келді ме» деп ойлап едім, жартылай дұрыс ойлаған екенмін.
Devlet
өмір алда ғой әлі талай қызықтар болары сөзсіз
dark_nazgul
осы «мисс Көрінеугөз» деген титулымды өткізіп беретін кез де, адам да келді ау деймін
bake
сырт киіміне көп қарапсыз…
dark_nazgul
енді, сырт киімін бірден шешіп алмаймын ғой
bake
dark_nazgul
өзі де мұнда келгенде, "қой, тонымды сыпырып алмас" деген есекдәмемен келген шығар, дәу де болса
bake
Соғым сойылғанда, қасапшыға бірінші болып қуырдақ тиюші еді. Пышағынды қайрай бер… Өтпей жатса, қуырдақтан құр қаласың…
dark_nazgul
айтақшы ма едің?
одан да аяғын бууға көмектесіп жібер, тыпырламай тыныш жатсын.
bake
Меніңше автор жаман адам емес көрінеді, жазған жазбасы көңілге қонымдын. Қадам жасатпай жатып… Әлі де жазбалары болатыны анық көрінеді
dark_nazgul
мұндай тақырыптағы жазбаларды «доморощенный психоанализ» дейді.
мен қазір өңкей еркектерге арналған журналдар оқып жатырмын, мұндай мақалалар жыртылып айрылады (әсіресе кенжетай қолымнан журналды жұлып алып лақтырып жіберген кезде)
Devlet
Кандай болсын булда бiр пiкiр гой
VKM
Голливуд кинолары есіме түсті, мектеп автобусы,қол бұлғап тұрған ата-ана)
GulL
әрине бұл жай қазақтар туралы мысал емес жәй мыслай ғой, автордың ойы ұнады
Шынында өмірде солай болып жатады, бір ауыз сөз, бір артық жасаған қимыл бәрі бірнәрсеге себеп болып жатады. Болмашы нәрсе көп айғай тудырып жатады, арты «эх былай істігенде ғой» деген өкініш
bake
Өнегелі әңгіме… Керек кезде есте тұрса… Телевизор бетінен, күнбегей өмірден көрген ашу, ыза, күйгелектік еліктетпей қоймады. Кешірімді, мейрімді болуды насихат етіп тараз басын игі іске басым қылдың. Жақсы жақсыға жетелейді
ken
бір жерден оқығанмын. қай жерден екені есімде жоқ.
19852407
Дәу де болса, орысшасын оқыған шығарсыз, мынау адармасы шығар
Zilola
Аффтор озiнiн ойын емес, дайын нарсенi кошiрiп коя салды. Тым курыса сiлтеме коюды уйрену к/к.
Aldeken
таак, salamat қайда, 9 әріптің жоғын жоқтамай не істеп жүр, өзі, а?
MMMM
Тағы да бір қуғынбай әңгіме ма?