Арнайы Jansarai үшін: Деген екен!

Jansarai , коллекцияңа қосывал!!!

***
Мұғалжар тауларының бөктерінде жатқан Бершігүр бекетінен 46 шақырым жерде ағып жатқан Қарайым өзенінің солтүстік сағасынан Ембіге құя берістегі құрақ мүйісте Қайырбек деген айтқыш бар. Лібә, қалжыңды жатып та атады, тұрып та атады. Бірде соның үйінде соғым сойылып, тек алатын кезде ғана келетін мәңгүрт жеңгесі қаладан келіп, өзінше басына орамал тартып, көмектескен болады. Қасапшылар айғырдың тасын бездермен бірге былай шетке шығарып қойса керек. Сүйтсе жеңгесі тасты ұстап алып қоймайд дейд:
— Это съедобная да? Кімге берейін?
Сонда қыңыр Қайырбек:
— Ойбай кімге берсең де — ағама бермеш, өзінің екеуі енді төртеу болып, егізді қойып, үшем таптыртып жүрер- депті.

***
Бадамшаның солтүстік-шығысына қарай 43 шақырым жүрсең, бір кездерде тау болмаққа ұмтылып, бір қой төбешік боп қалған қырлардың арасынан үлкен жасанды көлді көресің. Бір кездерде мыс шығарамыз деп қазылған жерге жауын-шашыннан су жиналып, ол су көк түске боялып, халық Көккөл деп атап кеткен терең қара су. Сол жердегі «Геологическая разведка МинПром СССР» деген қазықтың түстігін бетке алып, тура жүре берсең, әлде жыңғыл не қурайдан құралған ну тоғайды кездестіресің. Сол тоғайды айналсоқтап жүрсең жалғыз аяқ жолды жазбай табасың. Сол соқпақты тауып, жол екіге айрылатын жерден оң жаққа беттесең — бес шақырымнан соң сол жердің айтқышы, жатыпатар қалжыңымен қарап тұрған елді жапыратын Рәсім деген шал бар. Жаман жері — жапыратын ел жоқ: со жерде жалғыз тұрад.
Бөлісу:

26 пікір

Zhan
Jansarai, коллекцияңа қосывал!!!
alisha


Дүйсенбіде сенің барыңа шүкіршілік айтатын жағдайға жеткіздің ғой…
bazuka
екіншісіне өлдім
alisha
біріншісіне өлуге ұялывотырм дейсіз
Zhan
Сол соқпақты тауып, жол екіге айрылатын жерден оң жаққа беттесең — бес шақырымнан соң сол жердің айтқышы, жатыпатар қалжыңымен қарап тұрған елді жапыратын Рәсім деген шал бар. Жаман жері — жапыратын ел жоқ: со жерде жалғыз тұрад.
Ал мен мына жеріне кеттім.
alisha
Д-лар бақытты, жата кетіп күлетін жұрты бар
Zhan
Д-лар бақытты,
Д-лар деген не?
alisha
Сатыбалдыны мәжбүр еткен Д  

www.kerekinfo.kz/blog/9065.html
torgai
Рәсім тұрған жерге барып №2-і әзілқой боламын-ау дим
19852407
Мән-мазмұны терең, пәлсапалық «деген екендер» екен ))))
a63a1
ыңғапппа мұрыннан атты поқыңдыссс…