Зулфиядан алтын рекорд!



Әйелдер арасында 53 кг салмақта Зулфия Чиншанло 226 ұпаймен Олимпиада рекордын жаңартып, чемпион атанды!

Олимпиаданың 2-ші күні, 2-ші алтын! Құтты болсын!







Суреттер london2012.com сайтынан алынды.
Бөлісу:

141 пікір

bazuka
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!!!!!!!!!
Adiletshu
Ән ұранды жатқа біледі екен. Бұл үшін Ырысбек!
qyzylordalyq_jigit
Бар болғаны 16 жасында әлем чемпионы атанып Гинесс рекорд кітабына кірген екен, енді 19 жасында Олимп чемпионы атанды. Мәссаған, жарайсың, керемет!
P.S. Бұл қыз Қазақстанда туылған екен, сондықтан таза біздікі деп айтуға болады
satibaldi
Бұл қыз Қазақстанда туылған екен, сондықтан таза біздікі деп айтуға болады
Фашист епті, мынадай аламан күні көңілді түсірмей, тұяғымды жемей отырш нақ!
asaubota
қытайда туған емес пе?
Adiletshu
Википедияда Алматыда туған дейді
asaubota


сене берме Викиге, әсіресе қазақтілдісіне
asaubota
кейін шыққан «аңыз» сияқты. менің есімде қалғаны ол Қытайда туған. мына ақпарат та 2009 жылғы. сол сенімділеу мен үшін

Зульфия Чиншанло – дунганка. Она родилась в Китае, выросла в Киргизии, а два года назад присоединилась к казахстанским тяжелоатлетам.

www.contur.kz/node/1003
mercedes
Мая Манеза екеуі Қытайдан келген
StrangeR
Алматыда туғаны рас.

Ал бүгінде 18 жастағы Зүлфия Чиншанло мен 26 жастағы Майя Манеза – 2007-жылы Қазақстан азаматтығын алған Қытай қыздары. Олардың ұлты – дұнған. Зүлфия негізі Алматыда, ал Майя Қырғызстанда туылған екен. Бала кездерінде ата-аналары Қытайға қоныс аударған.

kultobe.kz/?p=1508
asaubota
неге басында солай айтылмады екен деймін да. сондықтан кейін шығарылған аңыз деп ойлаймын. адамдар керісінше Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп жатады ғой, ал бұлар Қытайға көшкен. кішкене ақылға сыймайды да…
StrangeR
е солай деңіз) бұл да бір өкіметтің саясаты шығар.
qyzylordalyq_jigit
Тек чемпион болып қана қоймай, әлем рекордын жаңарту дегеніміз енді… Уау деп үш рет айттым
mercedes
Жарайсың қазақтың дүнген қызы. Шәмші Қалдаяқовтай біреу болса тағы да «дүнген қызы» деген өлең шығар ма еді, тек сұлулығы емес, күшіне байланысты!
19852407
Шәмші Қалдаяқовтай біреу болса тағы да «дүнген қызы» деген өлең шығар ма еді, тек сұлулығы емес, күшіне байланысты!
Ужы шығарып тастады  одалар мен арнаулар ағады енді, алтын алған сайын

Қоржынға түсті тағы алтын, Қуанамыз сіз бен біз. Ел сенімін ақтады, Шынашақтай дүнген қыз! Зульфияшым осылай, Желбіретті көк байрақты. Кіп-кішкентай болса да, Көтерді ауыр салмақты.… Бір кездері Шәмші аға, Дүнген қызға ән арнап, Бекер ғашық болмапты!
Zhan
Өзің шығарып қойыпсың ғо ужы))))
mercedes
Мемлекет қатты шығындалатын сияқты ғой… Алда әлі Мая Манеза, Света Подобедова, Илья Ильин, Максим Раков, тағы боксшылар мен күресшілерден минимум бір-бір алтыннан.
salamat
Байдың асын байғұс қызғанадының кері ме?
aza
мен де құттықтай салайнш, алтынның астында қалғырлар, өңшеңңң
konvict
Құтты болсын! Ақ түйенің қарны жарылған Олимпиада болды бұл
GulL
  Қазақтар алға!!!
Видеосы болса сілтеп жіберсіңіздер
aza
kiwi.kz/watch/y4zusshv5g68
asaubota
былай негізі 2 сағаттай болып қалады барлығы. ешкімде жоқ шығар.
aza
— Қандай музыка ұнайды Сізге?
— Мойныңа Олимпиаданың алтынын тағып алып, Әнұран тыңдап, ебіл дебіл жылаап тұрғанға не жетсін?!
AKY
Маладес! Ұстамды қыздың көңілінің босауы бәрімізді жылатты))
зы: Тайпей қызына жыным келді, шошаң шошаң, молдованка алса екен деп ем күмісті.
asaubota
бойы сорайып алып дисің ғо  

молдован қыз ұнады, түрік қыздың басқа проблемалары болған сияқт…
AKY
солай болды ғой дейм, қоланы сол ала ма деп ем
aza
Алтыннан басқасына басымды ауыртқаным жоқ деп маңыздыланып отсам да)))
aza
Ұтқан соң не айтсақ та жарасат я)))
Әнәссс, Зүлпія, мадец!
mercedes
молдованка көп адамга ұнаған сияқты ғо
19852407
 біз де сөйтведік, есщо ең сүйкімді тяжелоатлетка екен балық сияқты аузымын ауа қарманғанына дейін))
AKY
тәп-тәтті ғой, тура бауырсақ
bazuka
Тайпей қызы өзі 123кг шаққа көтерді. үйдегі інім, мынау қыз емес, жынысын ауыстырып алған еркек шығар дид.
Zhan
үйдегі інім, мынау қыз емес, жынысын ауыстырып алған еркек шығар дид.
Маған да осы ой келіп отырды. Күдікті әрі күмәнді…
omarbirat
Екінші орынды Брюс Ли алған екен деп қалыппын
AKY
шынымен, еркек сияқты бір ыңғайсыз қыз екен)))) молдованка соңғы попыткасын көтере алмай қалғанда, ырзаа бов потоға түсіп жүр.
19852407
енді куанватыр ғо,үшінші орынға таластып жатқандай болды ғой онда екеуі))
бірақ ана түрік қыз көтере алмай қалғаннан кейін 2-ші орынға бір-ақ секірді
AKY
ия, Айлин не в тему айдала қалып қойды
GulL
 шынында ер бала екен деп ойладым басында
AKY
Медаль алса дүнген қызы, осы еді арманым,
Олимпиада басталғалы сенен көзді алмадым…
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім,
Түсінер деп бар қазақтың жүрегін, штангалым...
gauxar9595
Серік Сәпиев шықпайтын болдыыыы…
GulL
мяссаған неге ??
gauxar9595
«Бүгін асыға күткен Серік Сәпиевтің жекпе-жегі болмайтын болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстанның сенім артып, алтын дәметіп отырған спортшысы, 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасатын боксшы Серік Сәпиевтің жекпе-жегі өтпейтін болды. Әлемдік спорттағы екінші орындағы рейтингісіне орай, ол жарыссыз бірден екінші айналымға өтті»
omarbirat
GulL
 гуглден издеп таба алмай отыр едим
omarbirat
Дереккөз бар ма?
asaubota
жеребе бойынша қарсыласы жоқ, Bye деп тұр ғой ресми сайттағы кестеде
GulL
Англия біздің әнұранымызды жаттап алса екен күнде алтын алып
alisha
 Менің көңілшектігім-ай осы… Зульфияға қосылып жыладым. Әлде бәрің жылдадыңдар ма?

Айтпақшы, олимпиаданың алғашқы күнінде комментаторлардың боксшыларды шатыстырып қуғандарын көрдіңдер ме?
Janasil
Фейзбук пен агентте жыладым деп жатқандар көп болды. Қуаныштың жасы ғой.
konvict
Коментатор демекші, кеше әбден жыным келді. Қазақстан екінші алтынына қол жеткізіп, Зүльфия тұғырда тұрған кезде дым болмағандай сөйлеп қанды ішті. Ондай сәттерде адреналин, тамақ жыртылғанша айқайлау керек қой.
Janasil
Мыңқылдап отырады үнемі, азартпен жүргізу керек қой.
alisha
Бес минут бойына алаңдағы кубалық боксшы Түгенше деп бастап, кейін сол түгеншесінің тарихын түгенде-еп отырды да: «Кешірерсіздер, біз шатастырып алыппыз. Шаршы алаңда португалиялық Бәленше екен» деп қарап отыр.
satibaldi
Өсек
alisha
Ұйқылы-ояу отырып өзім көрдім, боксшылардың есімі есімде қалмады. Әйтеуір екі боксшыны бірдеңе етіп бір-бірімен байланыстырып, өздерін жуып-жәйғандай болды.
satibaldi
Ал мен кеше сыраханада көк киген боксшының барлығына қазақстандық екен деп жақтасып отырған ақкөңіл арда журик азаматты көрдім. Ішімнен ойладым:"alisha жоқ сендерге!" деп.
alisha
 Туһ, кетші бар… Риза боп отырмын саған, неге екенін айтпаймын.
satibaldi
Байың риза қылжіверсе де, мені ойлайтының қызық екен
alisha
Сыраханада отырсаң да мені ойлайтының бәрінен қызық боп тұр ғой
satibaldi
Жоға, жәй, мына журикті қатал жазалайтын ең озбыр адам ретінде ғана есіме түстің.
alisha
Біреуді жазалау үшін озбырлық өз алдына, шама-шарқыма қараймын… Так что, оны жазалауға тырыспаймын да…

Бірақ, сол жолғы қателіктері ұят қой енді. Ең болмаса, астына субтитр шыққанша күте тұрмай ма, танымайтын болса.
alisha
Қазақстандықтарды білемін, жазбай танимын, соныма шүкір деймін
mercedes
Қазақша комментаторларды құрту керек. Алдында дзюдошыларды қайта-қайта боксшылар деп жынға тигені. Аренадағы болып жатқан жарысты айтпай, лағып кететініне жыным келеді. Ана Дәулет Бабамұрат деген то***ты қайдан алғаны белгісіз. Дым хабары жоқ спорттан уапще 0-ғо,
құр сөз, даусы да жаман тыңдағанға. Саясатына құрығаны дұрыс оның!
alisha
Дәулет Бабамұрат??? Дәурен емес пе? Ол спорт комментаторы болып кетті ме не?

Дауысы Амангелдіге келіңкірей ме?
mercedes
Иә сол ғо Дәурен. Өзінше спорт комментаторы болғысы келеді.
alisha
Біздікілер шет-шетінен бесаспап десеңші…

Ел-жұртты сынауға шебер жігіт еді өзі.
Janasil
alisha
Көрінбейді Сол ма? Егер осы видео болса комментатордың "өкіл" сөзін қанша рет қолданғанын да санап жіберіңдерші…
AKY
«Тұманды Альбион»
Janasil


Қолымен Елтаңбаны көрсеткенінің өзі керемет қой.
Rafaello
Құтты болсын кезекті алтын!

P.S Зульфия бір жолдас жігіттен аумайды
alisha
Мен де АтМу-да /2002-2006/экономфакта оқыған бір жігітке ұқсаттым Екеуміз бір адамды айтып отырған жоқпыз ба?
Rafaello
Еламан оның аты. Еш жерде оқымаған
asaubota
Шынымды айтсам бұл алтынға Винокуровқа қуанғандай қуанған жоқпын…

Клубтарда легионерлер болса болсын, бірақ Ұлттық құрамада тек қазақстандықтар болуы керек деп есептеймін. Жеңіс сонда тәттірек болады. Өткенде жаңадан қосылған екі қытайлықтың құрамадан шығартылғанына қуандым. Сол сабақ болса екен енді.
alisha
Винокуров "Өңім бе, түсім бе?" деп тұрғандай көрінді маған…
Көзіне қарасаң, ішінде неше түрлі сезімдер арпалысып жатқан сияқты. Мойындатты ғой әйтеуір бәрін. Енді спорттан кететін шығар, иә…
asaubota
кетемін деді
alisha
Дұрыс қой! Шыдады, мойындатты, жеңді! Енді абыроймен кетпек!
aza
Александр Карелинше, Зинедин Зиданша кетпектен сактасын спорттан)
Adiletshu
Карелин нестеп қойып еді
aza
Соңғы олимпиадасының финалында жеңілді…
Janasil
Винадан негізі ешкім күтпеде ау бұл жеңісті. Көп адамдар «Ол спорттан кетіп қалған еді ғой» деп таң қалып жатты.
alisha
Алтын алып абырой болды, әйтпегенде «Осыған не жорық?» деп шығушы еді бәрі…
AKY
Ол жайлы көп өсек те шыққан, допинг, анау-мынау деп. Мойындатты.
asaubota
Дастан деген баурымыздың Фейсте жазғаны:

Жаңа ғана Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаның 2007 жылы Қазақстанға келгенінде сол кезде Олимпиялық даярлау орталығының директоры болған кісімен сөйлестім." Бұл екі қыздың ұлты дүнген емес, олар Фархад Харки мен Арли Чонтей сияқты таза қытайлар. Қазір Алматының барахолкасында Қазақстанның азаматтығын алып, Олимпиадаға қатысқысы келетін қытайлар өте көп. Олар бізге ақша керегі емес, паспорт берсеңіздер болды, ауыр атлетикада бәрін көтереміз дейді. Әрине, Олимпиадада алтын жүлде алып жатқанымыз жақсы. Бірақ, қытайларды өзімізге көп жақындатпай, өзіміздің қаракөздерімізді, өз елімізде туып-өскен басқа ұлттардан шыққан талантты спортшыларды көтерсек жақсы болар еді. Біз басшыларға осыны үнемі айтамыз, алайда құлақ асып жатқан ешкім жоқ"- дейді.
Былай ойлап қарасақ, айтып жатқаны рас. Алтын жүлде әрине, жақсы. Бірақ сол алтыннан гөрі, бізге өзіміздің баланың 20-шы орын алса да Олимпиадаға қатысып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп келгені де жақсы емес пе деп те ойлайсың.
Zhan
Олар бізге ақша керегі емес, паспорт берсеңіздер болды, ауыр атлетикада бәрін көтереміз дейді.
Сондағысы бір паспорт үшін олар бәріне дайын ба? Қазақстанның азаматтығын алу мәртебе ме или басқа себептері бар ма?
kokbori
Бұл уақытша нәрсе болар. Кешегі Зүльфияның өнерін көріп қаншама жас ауыр атлетикаға барғысы келді, қаншама ата ана баласын осы спортқа бергісі келді. Жалпы мамандардың негізгі ойы осы ғой. Әйтпесе хоккей, атлетика, велоспорттарда қазақ саны аз. Өйткені қазақ оларды білмейін де еді. Зүлфия мен Контодор арқылы, Дэллман арқылы осы спорт түрлерін тани бастады емес пе?!
alisha
қаншама ата ана баласын осы спортқа бергісі келді

Мен баламды бермес ем ауыр атлетикаға
asaubota
иә, сол ғой. бұдан кейін тек өзіміздің адамдар шықса деген тілек.
konvict
Мен келіспеймін бұл пікірмен. Бет кітабы жабық болғасын жаза алмадым. Осы алтын арқылы Қазақстанның аты шықты. Әлем тани түсті. Шетелдіктер қызғаныштан уішіп, «тіпті Қазақстан бізден озып кетті» деп жатыр. Күйінсін. Ал, алтын әкелген қызға айтылған мына сөзді жала деп есептеймін, имхо. Қалай десек те, ол 15 жасында Қазақстанға келген. Бәрібір ол біздің қыз
Janasil


Жеңістің арқасында мынадай қателік жібергендер жазаланбай қалар ма екен?
GulL
жиырылып қалған ғо тек
alisha
Мен де солай ойлаймын…

Сосын жеңімпаз елдердің туларын көтерген кезде неге үтіктеп ілмейді екен…

Элементарный нәрселер ғой, экранда қыртыс-қыртыс боп жаман көрінеді.
Marco
Англияда жүргенде киімді де үтіктемей киіп жүре беретінбіз)))
alisha
Ол бөлек әңгіме ғой енді…
Janasil
Солай болар дегенмін. Бірақ олай емес екен. Видеоны анықтап қараңыз.
alisha
видео көрінбейді

Мынау бір қолапайсыздау адам болып, формасын шегеге іліп алған шығар
aikarakoz
Мен де видеоны қарай алмай отырмын. Шынымен де ұят болған екен ғой… Туымызды тіліп кетті деп несіне ренжіп отырмыз?
asaubota
жиырылмаған, кеше бірнеше рет көрдім
GulL
видео менде жұмыста ашылмайды, егер шынында солай болса ужс екен, неге сол дұрыстап жазбайды екен, кіллең сауатсыз, жауапкершілігі жоқ адамдар істейді ме осындай заттарды түсінбеймін
asaubota
кетайлар ғо олар бәрі
mercedes
Жиырылмаған. Кзахстан деп тұр.
omarbirat
Жиырылмаған. Бірнеше рет жылт етіп көрінді
gauxar9595
Ауыр атлет Майя Манезада үмітті ақтады! алақааааааааай! Алтын құтты болсын! Жаса ҚАЗАҚСТАНЫМ!!!
GulL
 ураа! Алтын құтты болсын!
gauxar9595
әнұранды жанкүйерлер де қосыла шырқады ғой! мен де қосылдым… ҚАЗАҚСТАНЫМ!!!!!!
ken
дүнген қыздары жарады!
asaubota
Фейсбукте Қытайда оқып жатқан Ертай досымыз бөлісіпті:



Қытай басылымынан:
«Екі ел арасындағы келісімшарт бойынша Лондондағы Олимпиада赵常宁 (Зүлфияның өз аты) үшін Қазақстан атынан шығып отырған ең соңғы жарысы. Осы Олимпиада ойындарынан кейін күтпеген бір жағдайлар орын алып жатпаса, Chang Ning Қытайға оралып, ел ішіндегі бірқатар жарыстарға қатысуы тиіс. Өйткені мұндай сындардан өтпейінше спортшы ірі жарыстарға қатыса алмайды. Ал мұндай додаларға Chang Ning қай провинцияның атынан түсетіні әзірге анық емес. Қалай болғанда да Зүлфия қазір әлемге танылды. Осы сәттен бастап оны 赵常宁(Zhao Chang Ning) деген өз атымен атаңыздар»

2012.ifeng.com/weightlifting/detail_2012_07/30/16394162_0.shtml
ken
сонда бұл қыз қытай ма?
дұнғандардың есімдері негізінен мұсылманша болып келуші еді.
StrangeR
Сонда бүткіл елді алдағаны ма? Кейін ірі жарыстарға шынайы есіммен және шынайы өмірбаянымен қалай шығады? бұл келісімшарт алаяқтық емес пе? сөз жоқ
ken
қытайлық ақпараттың жалған болуы да мүмкін ғой
AKY
міне, ол қалай, Михаилұлы…
GulL
енді Мая Манезанын да зерттейтін шығар, оның асқазаны кімдікі екен?
Негізі көп елдердің атынан қытайлықтар шығып жүрғо, бәрін жинайын деп жатыр ма екен
asaubota
Азаттық толығырақ жазыпты www.azattyq.org/content/kazakhstan_cnn_xinhua_on_chinshanlo/24662228.html
bazuka
күріштен бәлішті сағынып жүрмін депті, былай біздің ауылға келсе, аспазшы апайымыз Тамара Ивановна жақсы әзірлейтін еді, жеп кетуіне болады) әзіл әрине. Бұл қыз төңірегінде біраз дау-дамай болатын түр бар.
AKY
Зуляны онша жақтырмай қалдым чет)
mercedes
Енді махаббатың Маяның да былықтары шығып жақтырмай қалуың мүмкін))
Barsa
"Қытайлар не демейт, көтен шөп жемейт". Осы кезге дейін неге жарияламай келген? Он алты жасында Әлем чемпионы болғанда не бітірген. Қазақстанның асын ішіп, тәжірибесін жинақтағанына бес жыл болыпты. Оның аты Қазақстанды жүріп шықты. Қазақстандық бапкерлер оны осы деңгейге жеткізген. Сосын, бұл ресми мәлімдеме емес қой.

Жалпы, инцедент сырттан атлет іздейтіндердің аяғына тұсау салатын болды.
asaubota
Жалпы, инцедент сырттан атлет іздейтіндердің аяғына тұсау салатын болды.

солай болса жақсы болар еді. біраз адам алдық қой сырттан, біраз көтерілді спотымыз. енді тек өз спортшыларымыз шыққаны дұрыс.
alisha
Кеше Манеза шыққанда күйеуім: «Түріне қарасаң, бөтен бір елдің туының астында қор болып тұрысымды қарашы деп өкініштен жылап тұрған сияқты» деп еді.
neoman
2006 жылғы сұхбаттан үзінді
Алексей Геннадьевич Ни, главный тренер РК по тяжелой атлетике, вспоминает о том, как впервые встретил наших чемпионок и заметил их спортивный потенциал.

АЛЕКСЕЙ НИ: В 2006 году мы поехали в Китай в провинцию Хунан на совместный сбор казахстанской и китайской команд. Вместе тренировались почти месяц, параллельно мы присматривали девочек, начинающих спортсменок, из спортивного интерната. Это были никому неизвестные, начинающие спортсменки, которых в интернат набрали месяц назад из разных деревень провинции. Они даже не выступали в чемпионате провинции. Просмотрели около 30 человек, выбрали двух — Зульфию и Майю Манеза. В январе 2007 года они приехали в Казахстан, мы заключили договор с федерацией, получили согласование интерната и их родителей. Девушки приняли гражданство РК. Сами они дунганки, а поскольку в Казахстане большая дружная дунганская диаспора, мы решили, что спортсменки не будут у нас чувствовать себя в одиночестве.


Қытайдың ауыр атлетика федерациясымен қандай келісімге отырғаны белгісіз… Бастысы, чемпиондарды алыстан тани білетін тренерлер аман болсын
GulL
Соны айтам, әбден атақтары шыққанда іздеп қалуларын, Қытайда не көп адам көп емеспе 2 қызға тірелмей сол
Janasil
Ұлтын қоя беріңдерш, Бастысы қазақтың атынан шығып, алтын алып, жүрегіне қолын қойып, әнұранды қоса шырқап, тіптен көздеріне жас алып тұрды емес па!!!
Adiletshu
Бұл қызды бір қазаққа күйеуге шығару керек. Қазақстанда қалатын болады.
Gulistan
Азаттықта «Алам!» деп жатқан жігіттер шығып жатыр.
Adiletshu
Керекинфодан да шығады
AKY
Майяны өзім-ақ алвалар едім нақ!
satibaldi
Лесбос аралында ата-жұртың қалды десем, ренжуші едің ертеректе…