Достарым барда

Досы көпті жау алмайды деген халық даналығы бар. 100 теңгең болғанша 100 досың болсын деп орыс мақалын да аударып алып қолданып жүрміз. Достың бары жақсы ғой әрине. Бірақ менде көп емес.
Бала күнімізде, шіркін, көп сияқты еді. Төбелесте жаныңда бірге болғанның бәрін дос көретінбіз. Есейе келе біртіндеп қатары сиреп кетті. Әркім өзінің ниеттесін табады екен ғой. Мектептегі достарымнан саусақпен санарлығы қалды қазір қасымда. Алыста болса да, солардың анда-санда қоңырау шалып жағдайымды сұрағаны бір серпілтіп тастайды. Күшікі кезімізде бірге таланған соң ба, олардың орны ерекше.
Ал бүгінгі таңда жақсылығымды асырып, жамандығымды жасырып жүрген мына суреттегі 5 досым. (Сол жақтан 2-і тұрып тұрған өзім). Студенттік өмірді бірге өткізіп, «бір кириешкиді 6-ға бөліп жедік» деп айтамыз өз арамызда. Расымен солай. Әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетсем.
1) Оң жақ шетте қара киімде отырған – Дәурен. Жаңақорғанның жігіті. Денесі қандай үлкен болса, пейілі де сондай кең. Мәрт жігіт. Достарымыздың біреуі үлкен сомадағы ақша іздегенін біліп қалса, өзі қарызданып тауып беруге тырысады. Қалада болмай қалып, жұмысың бітпей жатса Дәуренге тапсырсаң – ол өз шаруасын қоя салып сенікін бітіреді.
2) Одан кейін Айдар. Жаркенттің тумасы. Бірбеткей, тік мінезді жігіт. Артық уәде бермейді. Достарының барлық қуанышы мен қайғысының ортасында. Біздің кейбір қылықтарымыз бен жігерсіздігімізді көрсе бетімізге басып отыратын да сол. Сол тура айтқандығының арқасында өз ортамызда белгілі бір дәстүр қалыптасты. Бәрі бір ретпен өтеді.
3) Галстук таққан – Ержан. Біздің диспетчер. Ұйымдастырушы. Басымызды қосып, айлап болса да үлкендігін пайдаланып ағалығын жасап жүреді. Оның үйі Астанаға жақын болғандықтан үй-ішімен де етене араласып кеттік. Қазір ол кісілер бәріміздің екінші ата-анамыз сияқты. Ауылды сағынғанда сол кісілерге бір барып қайтамыз. Жақсы дос – туысыңнан артық.
4) Алмас. Өмірге көзқарасы қызық жігіт. Арамызда кей кездері темекі шегетін де сол ғана. Бірақ, достарына десе жаны бөлек. «Сыныптастың, группаластың бәрі дос емес» дегенді содан естідім.
5) Сол жақ шетте Бейбітжан. Дастархан жайылған отаудың иесі. Тұйық мінезді, көп сөзі жоқ жігіт. Бізді қиын жағдайда тастаған емес. Жігіттер кеңесі бастаған істерден тыс қалмайды.
Шешімі қиын түйіндерге кеңесетін қабырғам осылар. Менің қарабайыр тілім достықтың мәнін аша алмады білем. Мұқағали ақынның жазғанымен түсіндіріп көрейін.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып…
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық

Достық туралы айтарларыңыз болса…
Әрі қарай

Көлемді видео жүктегіңіз келсе...

Жұртың көбінің видеоларды ютубтан көретіні жасырын емес. қызықты видеоларны да осы видеохостинг арқылы бөліседі. Олары дұрыс та. Себебі, көпшілікке танымал. ана жолы Омарбрат бір жазбасында (қай жазба екені есімде жоқ, әлде пікірлерінің бірінде) Ютуб-ке 15 минуттан асатын виео жүктей алмайтынын айтқаны бартын. Мен де сол мәселеге бетпе-бет жолықтым.
Бұның оңай шешімі бар екен. Бар-жоғы http://kset.kz/ сайтына тіркеле салып, қалаған видоңызды жүктей беріңіз. Жүктелу жылдамдығы да тез. Бәлкім, үйдегі провайдер жылдамдығына да байланысты болар. Салмағы 1.25 гигтік видеоны 10 минут жобасында жүктедім. Сапасы да сонша нашар деуге келмес.

Әрі қарай

Жолаушы

Блог - bake: Жолаушы
Жолға шыққалы бері күннің ыстығы бет терісін біртіндеп сылып алып тастағандай. Салқын жел лебі тигенде, ашыта түсті. Жауын айдап әкеле жатқан жел. Көзімді көкжиекке жүгірттім. Жан-жақта қатпар-қатпар сұр бұлттар. Төмен қарай бұлттардан түскен ақ тұман -алыста жауған жаңбырдың көрінісі. Желдің салқындай түскені жаңбыр тамшылары іріленіп, мұздай денеге тиетінін айқындағандай. Соны ескеріп, қалқан болатын паналайтын жер іздестірдім.
Көзге ілінер еш нәрсе жоқ. Адам баласынан жалғызбын.
Әрі қарай

Кесіртке адамдар


Кесіртке деген бауырымен жорғалаушының өз құйрығын тастап кете алатынын білетін шығарсыз? Егер көрмеген болсаңыз қысқаша тоқтала кетейін.

Бала кезімізде қызық көріп кесірткені аулайтынбыз. Қызығы сол – құйрығынан ұстасаң болды, кесіртке құйрығын үзіп тастап өзі құтылып кетеді. Әрине бізге ермек болғанымен, бұл олар үшін басын аман сақтаудың амалы ғой. Мен мұны не үшін айтып отырмын. Бүгінгі таңда дәл осы кесіртке іспеттес адамдар көбейіп бара жатыр. Ашып айтсам, қара басын қорғау үшін қарамағындағыларды шыңырауға итере салатын басшылар жайлы.

Олай дейтінім, кейінгі кездері бір мекемеде былық шықса, көп жағдайда басшысы емес, қарапайым қызметкер бәлелі болатыны әдетке айналғандай. Қаражат жөнсіз жұмсалса есепші кінәлі, мемлекет қаржысы жымқырылса күзетші ұры атанады. Әйтеуір басшыдан басқасы айыпты. Тек жұлып тастайтын «құйрық» табылмаса ғана басекеңдер тұтылуға мәжбүр. Ықлым замандарда бастың қылмысы үшін мойын байғұс айбалтаға түсетін еді. Қалай дегенде де бас пен денені дұрыс жалғамағаны үшін осылай жазалау жөн шығар. Бірақ бүгінгінің «құйрық лақтыру» әдісі қай жағынан алсаң да ақылға сыйымсыз. Өйткені, құзыреті шектеулі жұмысшының биік секіре алмайтыны бесенеден белгілі. Жоғарыдан бұйрық келмесе бас изегіш бағыныштының мұндай қадамға бара қоюы екіталай. Тіпті, бұйрықсыз өз құлқынын толтырды десек те, басшы қайда қараған деген сұрақ қажайды-ау!

Бүгін қазақ контентін дүр сілкіндірген "ҚазПочта" менеджерінің қазақ тілін суахили тіліне теңеуі де осындай жағдай. Тек менеджер-құйрық үзіліп түсіп қалатын сыңайлы. Оны жұмысқа алған басшы қайда қарады екен.

Түйіні сол, Абылай ханның түсіндегідей, «жәндік ұрпағының» дәуірі келгені да. «Бастан құлақ садаға» деген заманда, мойын – салғырт, бас – миқұрт болған кезең келгендей ме, қалай?
Әрі қарай

Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?

Жә, сабыр. Ашуланбай тұра тұрыңыз. Біреудің жынын келтірейін, болмаса, мағынасыз жанжал тудырайын деген ниетім жоқ. Шын сұрақ.
Қазақ ұлтының сақталып қалғанына мүдделі адамдардың бірі мен. Осы уақытқа дейін ұлт, тіл туралы біраз әңгіменің басын шалыппын, жалпы, бәріміз сөйтіп жүрміз ғой. Енді, қызықты қараңыз. Жақында бір қарындас: "Ұлтты сақтап қалудың қажеті қанша",- деген сұрақ қойды. Әуелі абдырап қалдым. Өйткені бұл туралы ойланып та көрмеппін. Содан соң бар ойымды жиып, мейілінше түсінікті, пафоссыз, ұрансыз жауап беруге тырыстым. Жауабым қаншалықты қанағаттарлық шықты, білмедім. Енді сізден сұрап отырмын.
Ұлтты сақтап қалу не үшін қажет?
Әрі қарай

Ауыл жаққа аңсарым жиі ауады

«Керек инфоға» бір танысым жазған-сызғаныңды жариялап тұрғанға жақсы деген соң жақында тіркелгенмін. Бұл жолы «Ауылым жайлы» өлең топтамаларын жариялап отырмын!!! Оқырман болса басқа да өлеңдерімді жариялап тұрмақпын!!!

Ауылым

Сағындым далам исіңді,
Көңілім соны түйсінді.
Ауылым-алтын бесігім
Иісің қандай қи сіңді.

Алыстан ауаң шұрқырап,
Тартады мені шымшылап.
Жетемін аңсап алқынып,
Көкейді кернеп мың сұрақ.
Әрі қарай

Әйелдер тұрақсыз

La donna è mobile. Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсындағы Мантуан герцогінің ариясы. «Әйелдер тұрақсыз», — дейді герцог. «Әрдайым ізетті, әдемі бола тұра, олардың ойы мен дауысы құбылып шыға келеді. Күлгені де, жылағаны да өтірік. Оларға сенген еркек бақытсыз». Шамамен осылай аударуға болады.
Әрі қарай