Ауыл жаққа аңсарым жиі ауады
«Керек инфоға» бір танысым жазған-сызғаныңды жариялап тұрғанға жақсы деген соң жақында тіркелгенмін. Бұл жолы «Ауылым жайлы» өлең топтамаларын жариялап отырмын!!! Оқырман болса басқа да өлеңдерімді жариялап тұрмақпын!!!
Ауылым
Сағындым далам исіңді,
Көңілім соны түйсінді.
Ауылым-алтын бесігім
Иісің қандай қи сіңді.
Алыстан ауаң шұрқырап,
Тартады мені шымшылап.
Жетемін аңсап алқынып,
Көкейді кернеп мың сұрақ.
Есімде жондар жалаңаш,
Тай мініп шапқан ала бас.
Ойымнан бәрін өшірмей,
Еркелігімді ала қаш.
Ауылым алтын айдарым,
Бұзылмай қалың қаймағың.
Сен ойлап тастан таймадым,
Сен барда мен де қайда мұң.
Соғамын сөзден жыр мүсін,
Шебердей жасап үлгісін.
Оралар жазда жадырап,
Мен де бір сенің жыл құсың.
Ауылым кімге жат мекен,
Малға да, жанға бақ мекен.
Жусаны қоян жасырған —
Ұйқыда жатқан ақ бөкен.
Адасқанға ай мекен,
Сыныңа сұры сай мекен.
Қашаған керден туылған,
Құбақан құлын қайда екен.
Біздің ауыл
Біздің ауыл
Қырлардың қырқасында,
Таулардың етегінде.
Қиялым жүр тасында,
Мен ертең жетемін бе?..
Біздің ауыл
Өзеннің жағасында,
Сайлардың сағасында.
Жан құрбым барасың ба?,
Үкіңді тағасың ба?..
Біздің ауыл
Өр ауыл биігінде,
Аспаны ашық келген.
Қанбаған иі мүлде,
Ұлы жоқ жасық келген.
Біздің ауыл
Алыстан аңсағаным,
Ақ таңым, мақпалым-ай,
Қиялдап таң самалын,
Қалада жатқаным-ай.
Біздің ауыл
Бақытты балалығым-
Сен де өткен жан азығым.
Ұсыншы дала гүлін,
Апарсам қала қызын.
Ауылмен сырласу
Тайына мініп тынбаған,
Тауыңнан төмен құлдаған.
Ер жігіт болып есейіп,
Екеу боп келді бір балаң,
Боғастың тыныш бойында,
Қанбаған тәтті ойынға.
Сүйінші сұрап жүр сенен,
Мұңайтпау ғана ойында.
Құп алып құрбы-құрдасы,
Екеу болып бір басы.
Қуанып жүр ғой қарашы,
Лүпілін жүрек тыңдашы.
Тіршілік кейде түнек бұл,
Түнектен шығар білекті ұл.
Тірлігі жүріп жұп басы,
Көбейсін деп тілек қыл.
Мазалы мекен, тыныш жақ
Өлшеусіз сенде ырыс, бақ.
Алыстап сенен барамын,
Ақырын-ақырын жылыстап.
Жазатын өлең, талай жыр.
Балаңды баққа балай жүр.
Қашан келіп қалар деп,
Қара жолыңа қарай жүр.
Туған жерді таныстыру
Арумен бірде танысып қалдық,
Кездесіп кейін табысып та алдық.
Жаздың кешінде кіндік қан тамған
Жерімізді айтып жарысып қалдық.
Шығысты мақтап беріліп кеттім,
Ақындарымдай егіліп кеттім.
Тізіп шықтым мен бірін қалдырмай,
Текті тудырған «жері құт» деппін.
Барқытбел, Алтай тауымен өстім,
Мақаншы,Үржар бауымен бөстім.
Ақсуат, Абай малын қайырып,
Зайсанға салар ауымен бөстім.
Өскемен, Семей шаһарларымды,
Арайлап ерте атар таңымды,
Шайырларымды, ақындарды айттым,
Шығысым дейтін қатарларымды.
Еңілік-Кебек ғашықтарымда,
Айтылды күншіл жасықтарымда,
Тарихтан ұзақ сырды да шерттім
Туған жер жыры тасып қанымда.
Сөзіме қостым жауынын, желін.
Даланы, таудың бауырын белін.
Қалада жүрген қырдың баласын,
Күтіп жүр жұмақ ауылым менің.
Шын сүйем сені Шығысым менің,
Кеңейер сенде тынысым менің.
Сағыныштан Алматыдағы,
Сүрген бұл күнім «құрысын» дедім
Шынында Шығыс шұрайлы мекен,
Бүгінде қайта тыңайды бекем.
Айтым ғой бәрін шаттанып тұрып,
Жаным-ау саған ұнайды ма екен?!
Жайқалып тұрар даламыз гүлге,
Ажырамасын арамыз мүлде.
Жерімді мақтап, көңілін таптым
Ауылға кетіп барамыз бірге.
Көруге келді менің жерімді,
Тістетпей маған еріндерімді.
Табиғатыңмен туған жер енді,
Тәнті етші мынау келіндеріңді.
Ауылдасымның айтқаны
Ауыл осы аңсап келген сен алыстан,
Жаманы мен жақсысы тең ауысқан.
Дем аламын дейсің ғой арқа керіп,
Мен шаршадым, ендеше, демалыстан.
Шаруа жоқ бел буып кірісетін,
Сұлуда жоқ сырласып күлісетін.
Қайда бәрі,құлазып жүргеніңде
Дос табыла кетеді бір ішетін.
Ауыл осы
Сұрланып сүреңденген,
Жазда келіп жастары түр — өң берген.
Сендер кетіп қалғасын құлазимыз,
Қызғалдағы қайтқандай күрең белден.
Қиялдаймын, ол да бір арман босқа,
Амал барма арманға алданбасқа.
Шөбін шауып,қодасын қалыңдаймыз,
Сүйенерімізде жоқ малдан басқа.
Қателескіш ауыз бен құлақтары,
Жаңалықты жатырқап ұнатпады.
Қайсы бірін айтайын достым саған,
Жаман емес біліп қой, бірақ бәрі.
Түсінігі төмендеу иман жайлы,
Сайтан сусыз еш қонақ силанбайды.
Үлкеннің жоқ ауызын бекіткені,
Әңгімесі ішкен мен құйған жайлы.
Ауылда осы арайлап таң ұлғайсын.
Талантыңмен, талаппен танылғайсың.
Кемшілігін көре жүр керек болар,
Жақсылығын жазудан жаңылмайсың.
Ауылым
Сағындым далам исіңді,
Көңілім соны түйсінді.
Ауылым-алтын бесігім
Иісің қандай қи сіңді.
Алыстан ауаң шұрқырап,
Тартады мені шымшылап.
Жетемін аңсап алқынып,
Көкейді кернеп мың сұрақ.
Есімде жондар жалаңаш,
Тай мініп шапқан ала бас.
Ойымнан бәрін өшірмей,
Еркелігімді ала қаш.
Ауылым алтын айдарым,
Бұзылмай қалың қаймағың.
Сен ойлап тастан таймадым,
Сен барда мен де қайда мұң.
Соғамын сөзден жыр мүсін,
Шебердей жасап үлгісін.
Оралар жазда жадырап,
Мен де бір сенің жыл құсың.
Ауылым кімге жат мекен,
Малға да, жанға бақ мекен.
Жусаны қоян жасырған —
Ұйқыда жатқан ақ бөкен.
Адасқанға ай мекен,
Сыныңа сұры сай мекен.
Қашаған керден туылған,
Құбақан құлын қайда екен.
Біздің ауыл
Біздің ауыл
Қырлардың қырқасында,
Таулардың етегінде.
Қиялым жүр тасында,
Мен ертең жетемін бе?..
Біздің ауыл
Өзеннің жағасында,
Сайлардың сағасында.
Жан құрбым барасың ба?,
Үкіңді тағасың ба?..
Біздің ауыл
Өр ауыл биігінде,
Аспаны ашық келген.
Қанбаған иі мүлде,
Ұлы жоқ жасық келген.
Біздің ауыл
Алыстан аңсағаным,
Ақ таңым, мақпалым-ай,
Қиялдап таң самалын,
Қалада жатқаным-ай.
Біздің ауыл
Бақытты балалығым-
Сен де өткен жан азығым.
Ұсыншы дала гүлін,
Апарсам қала қызын.
Ауылмен сырласу
Тайына мініп тынбаған,
Тауыңнан төмен құлдаған.
Ер жігіт болып есейіп,
Екеу боп келді бір балаң,
Боғастың тыныш бойында,
Қанбаған тәтті ойынға.
Сүйінші сұрап жүр сенен,
Мұңайтпау ғана ойында.
Құп алып құрбы-құрдасы,
Екеу болып бір басы.
Қуанып жүр ғой қарашы,
Лүпілін жүрек тыңдашы.
Тіршілік кейде түнек бұл,
Түнектен шығар білекті ұл.
Тірлігі жүріп жұп басы,
Көбейсін деп тілек қыл.
Мазалы мекен, тыныш жақ
Өлшеусіз сенде ырыс, бақ.
Алыстап сенен барамын,
Ақырын-ақырын жылыстап.
Жазатын өлең, талай жыр.
Балаңды баққа балай жүр.
Қашан келіп қалар деп,
Қара жолыңа қарай жүр.
Туған жерді таныстыру
Арумен бірде танысып қалдық,
Кездесіп кейін табысып та алдық.
Жаздың кешінде кіндік қан тамған
Жерімізді айтып жарысып қалдық.
Шығысты мақтап беріліп кеттім,
Ақындарымдай егіліп кеттім.
Тізіп шықтым мен бірін қалдырмай,
Текті тудырған «жері құт» деппін.
Барқытбел, Алтай тауымен өстім,
Мақаншы,Үржар бауымен бөстім.
Ақсуат, Абай малын қайырып,
Зайсанға салар ауымен бөстім.
Өскемен, Семей шаһарларымды,
Арайлап ерте атар таңымды,
Шайырларымды, ақындарды айттым,
Шығысым дейтін қатарларымды.
Еңілік-Кебек ғашықтарымда,
Айтылды күншіл жасықтарымда,
Тарихтан ұзақ сырды да шерттім
Туған жер жыры тасып қанымда.
Сөзіме қостым жауынын, желін.
Даланы, таудың бауырын белін.
Қалада жүрген қырдың баласын,
Күтіп жүр жұмақ ауылым менің.
Шын сүйем сені Шығысым менің,
Кеңейер сенде тынысым менің.
Сағыныштан Алматыдағы,
Сүрген бұл күнім «құрысын» дедім
Шынында Шығыс шұрайлы мекен,
Бүгінде қайта тыңайды бекем.
Айтым ғой бәрін шаттанып тұрып,
Жаным-ау саған ұнайды ма екен?!
Жайқалып тұрар даламыз гүлге,
Ажырамасын арамыз мүлде.
Жерімді мақтап, көңілін таптым
Ауылға кетіп барамыз бірге.
Көруге келді менің жерімді,
Тістетпей маған еріндерімді.
Табиғатыңмен туған жер енді,
Тәнті етші мынау келіндеріңді.
Ауылдасымның айтқаны
Ауыл осы аңсап келген сен алыстан,
Жаманы мен жақсысы тең ауысқан.
Дем аламын дейсің ғой арқа керіп,
Мен шаршадым, ендеше, демалыстан.
Шаруа жоқ бел буып кірісетін,
Сұлуда жоқ сырласып күлісетін.
Қайда бәрі,құлазып жүргеніңде
Дос табыла кетеді бір ішетін.
Ауыл осы
Сұрланып сүреңденген,
Жазда келіп жастары түр — өң берген.
Сендер кетіп қалғасын құлазимыз,
Қызғалдағы қайтқандай күрең белден.
Қиялдаймын, ол да бір арман босқа,
Амал барма арманға алданбасқа.
Шөбін шауып,қодасын қалыңдаймыз,
Сүйенерімізде жоқ малдан басқа.
Қателескіш ауыз бен құлақтары,
Жаңалықты жатырқап ұнатпады.
Қайсы бірін айтайын достым саған,
Жаман емес біліп қой, бірақ бәрі.
Түсінігі төмендеу иман жайлы,
Сайтан сусыз еш қонақ силанбайды.
Үлкеннің жоқ ауызын бекіткені,
Әңгімесі ішкен мен құйған жайлы.
Ауылда осы арайлап таң ұлғайсын.
Талантыңмен, талаппен танылғайсың.
Кемшілігін көре жүр керек болар,
Жақсылығын жазудан жаңылмайсың.
Жазбаң ұзын болып кеткен екен. Жазбаны жариялар алдында, орта тұсына курсорды қойып қайшының суретін басып қал, содан кейін жарияла. сонда жазбаң қысқарып шығады