Блогшы Қожа. Видеобайқауға

Шама-шарқымыз келгенше бұл байқауға да қатысып көрейік.Өзімізге бала кезден таныс «Менің атым Қожа» филімін «Блогқұрылтай-2013» насихатына пайдаланып көрдім. Ұнамаса кешірім, ұнаса лайк!
Бөлісу:

40 пікір

Abilakim
Бағалай отырыңыздар
Nurgisa
Базар жоқ!!! Мықты шығыпты!
Marco
Жақсы! Озвучка болғанда тіпті қатып кетеді екен.
Abilakim
Дауысым Сұлтанға келсе де Қожаға келмейд)))
dark_nazgul
Бердім галакси табты. Ала бер!
Abilakim
«Бұрымыңды бер маған, тұлымыңды бер маған, Тағы нең бар беретін?» Шаншар.
neoaskar
Жақсы шығарыпсың, шынымен бе, дауыс бергеніңде таза ұтатынын едің, қазір жартылай ұтып тұрсың, асығың оң түссін деп тілейік. сосын айтпақшы Галакси таб 2 шынымен де Сұлтан айтқандай дәу ме? ұтып алсаң жартысын бөліп бересің бе?
Abilakim
дауыс қосып қойсам ба екен?
Abilakim
лібә, дауысым қазақ киносының актерлерінікі секілді жасанды шыға ма бірдеңе))) Осылай тұра берсін
Aya
Сән екен)))))
Tyulpan
Ayaaaa, сән айттыңыз ))
Aya
өзін Құдай бере салған))) амал құтты болсын
Tyulpan
Айтсын! бірге болсын!
daugozhek
Зын екен! Ох лібә нені тапты десиш?!!! «Зын» деген сөзді ағылшынша раскладкамен жазсаң «psy» болад екен
Marco
psy зын болып тұр ғо!
torgai
Жақсы. Блогқұрылтайдан соң екеуінің күрескенін қосып, Қожаны жеңіске жетелесең тіпті қатып кетер еді.
neoaskar
Иә, иә, сол күрескен жерін қосып, жүлде беретін жерде галаксиді беріп жіберсең қатып кетер еді. Сол Қожаның киносы блогқұрылтайға барып, жүлде ала алмай қайтан адамға қатты келеді екен. Галакси аламын деп барып, сұлтанға ұрынып қалған. сенари сұранып тұр екен де
torgai
Мынау саған «галакси үшін, мынау саған құрылтай үшін» деп ұрып жатқан жерін де ұмытпау керек сыңайлы.
Abilakim
Енді оларды қоссам сендердің идеяларыңды ұрлаған боламын
torgai
Авторлық құқымды бердім десем а)))
Abilakim
енді түзесем менің тарапымнан азаматтыққа жатпайды, ашкөздік болып кетер ед…
torgai
Түзеу емес. Блогқұрылтайдан кейін дегеніміз ғой.
neoaskar
мә, осы Менің атым Қожа фильімін бастақ аяқ Құрылтайға арнаса да болғандай екен. Күлкіден жарылатын шығармыз, әсіресе сол жаңағы мынау галакси үшін, мынау құрылтай үшін деген жерлерін айтқанда
rauan97
… Керемет__ … Бас жүлдеге лайықты
Adiletshu
Мен де жасаймын, бұйыртса
asaubota
идея мықты. жалпы стимул болса қазақтар контенттің түрін жасайды екен ау
torgai
Блогқұрылтайға қатыспаған соң суреттер де жоқ. Әттең, мен де өлтірер ем.
Abilakim
биыл қатыс, келесі жылы жырт!
torgai
Сол сұранып жатырмыз жұмыстан. Бұйыртса қатысамыз. Шымкентті де көрмегелі 5 жылдан асыпты
Abilakim
Қолыңа менікіндей бұйрық алып ал. Маған керемет бұйрық шығарып берген жұмыстан
Tyulpan
бердім дауысымды аямай )) жап-жақсы
Tyulpan
өзі пайдалы кеңестері де жоқ емес кен )) жарайсыз, Әбіләкім мырза!
ademi_alem
Күшті, қызықты жасапсыз!
Dinmukhamed
Фантазияңызға базар жоқ!