Алыстағы жақыным...
Біздің таныстығымыз осы Алматыда бастау алған еді. Мен көптің бірі, ал ол әрқашан басты назарда. Бірақ, тағдыр бір жерде бірге жүруді жазбапты. Дегенмен, алыста болғанымыз жақындата түкендей бізді. Жүрегі жылы адамды кім жақсы көрмесін? Көпті өзіне баураса да, өзі көпке ашылмайтын жұмбақ жан өзі сондай. Жұмбақтығымен де қызық бәріне. Өзгелер секілді алып-ұшып, желігіп, желпініп тұрмаса да назарын аударта алады болмысымен. Сонысымен де аяулы, сонысымен де ардақты. Менің ең ауыр күндерімде жанымнан табылған да Өзі. Кездескен сынақтардан сүйреп шығатын да Өзі… Ол болмағанда, қайта жүрер ем, кім болар ем… білмеймін… Алыстағы жақынымның менің өміріме деген ықпалын айтып жеткізе алмаймын. Көзден таса болса да, көңілден ада емес. Өйткені оның орны жүректе! Алыстағы жақыным сонысымен де ерек, сонысымен де құрметті, сонысымен де сағынуға лайықты…
"Өз ішіңе сыймаған сыр — өзгенің ішіне де сыймайды" деп жатамыз. Бірақ, сол сыр өз ішіме сыймаса да Оның ішіне сияды. Аллаһ оның жүрегін кең қылып жаратқан ғой, шүкір! Сондықтан да шығар, Блогқұрылтайдың «Селтеткізерінде» оған кішкентай сандық сыйлағаны… Кезіндегі «Сыр сақтайтын сыр сандығын болайын»-деп басталатын өлең бекерге жазылмаған болар… Орның ерек сенің- Әдемі әлем!
Әрі қарай

Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.