Мен көрген БлогҚұрылтай - 2013 (1-бөлім)
Шамамен 2000 шақырымдық жерді артқа қалдырып, Шымкентке де келіп жеттім.БлогҚұрылтайға бірінші рет қатысуым болғандықтан, алғаш алған әсеріммен бөлісуді жөн санадым. Тіркелуден басталған БлогҚұрылтай алғашқы күні ресми түрде өтсе, екінші күні табиғат аясында бейресми түрде өтті.
Ары қарай суреттер сөйлесін:
Мұрат Әбенов арнайы келіп, ойымен бөлісті.
Берік Уәли жылы лебізін білдіріп қана қоймай, табиғат аясында блогшылармен футбол ойнады.
Жалғас Ертай: «Бойымыздағы стереотиптерді жоғалтып, қай сала маманы екендігімізді мойындап, геолог болсаңыз геология туралы, маркетолог болсаңыз маркетолог туралы, ал аудармашы болсаңыз аударма туралы сапалы, өтімді, сатылымды контент беріңіз. Қазір интернет жарнама 12 миллион доллар. Оның 60 пайызын майл.ру сайты иеленіп отыр. Не үшін екенін бәріңіз білесіздер: бәріміз сол сайтқа кіреміз. Біздің мақсат — Ресейге кетіп жатқан 60 пайыз ақшаның кішкене бөлігіне болса да қазақ тілді аудиторияның назарын аударту. Яғни, Қазақстандағы ең ірі компаниялардың көзін қазақ тілді аудитория бар екендігіне жеткізу. Біз, қазақ тілді орта нарықтық жағдайға келгенде нөлміз, яғни бізге ешқандай ақша бөлінбейді. Контент жасаушыларда бір ғана мақсат болуы керек, ол — аудитория жинау. Сіздің аудиторияңыз қаншалықты көп болса, жарнама берушілердің қызығушылығы артып, ол қызығушылық ақшаға айналады.
Марапаттау сәті
Мен көрген Керекинфолықтар:
Бірден бәрімен танысып-білісіп, араласып кеттім деп айта алмаймын. Араларында амандасудан ары бармағандарым да, амандасып үлгермегендерім де болды. Дегенмен, алғашқы ойыммен бөліскім келеді. Артық айтып, орынсыз сыйпаттаған болсам, алдын ала кешірім сұраймын.
Барғаннан қайтқанға дейін қасына баруға батылым жетпей, сол күйі таныса алмай кеткен адамдардың бірі — Аршат Оразов аға. Сәтін тауып, „Аға, қалыңыз қалай?“ деп едім „Қал жаман, шаршап тұрмын“ деп ары қарай кетіп қалды. ))))))))))) Ары қарай әңгіме өрбітудің мәні жоқ екенін түсініп, Нұрлан Жанаймен „Қашан, қалай қайтасыздар?“ деген сұрақ төңірегіндегі әңгімені жалғастырып отыра бердім. Аршат аға шынымен де құр сөзден гөрі, нақты іспен айналысқанды дұрыс санайтын адам екен. Сөзге шорқақ. Бірінші күні оған сұрақтар қойылған кезде „ойыңызды жинақтап алыңыз“ деп қолына қағаз бен қалам ұстатқым келіп кетті. Керекинфода қалай салмақты болса, өмірде де дәл солай сабырлы, салмақты екен. Өзгелерден мың рет естіген адамды өмірде бір рет болсын көзіммен көргеніме қуаныштымын!
Gastarbaiter (Асқар Базарбайұлы) аға туралы менің ойыммен көпшілік келіседі деген ойдамын. Қыз баланы қалай сыйлау керек екендігін, қалай жақсы жар, жақсы әке болу керек екендігін сол адамнан үйренуге болатындай. Селтеткізер сыйлар сәтінде екі қызының анасы, аяулы жары туралы „Ол қандай сыйлыққа болсын, қандай құрметке болсын лайықты!“ деген сөзді айта білудің өзін ерлікке баладым. Көп адамдардың мұндай жылы сөзді көпшілік алдында былай тұрсын, оңаша айтуға да жалған намыстары жібермейтінін күнделікті өмірде де көріп жүрміз. Керекинфода оның жазған ой-пікірлеріне мән беріп, қалт жібермей оқып отыратынмын. Ғаламтордағы әлемде сыйлы адамның өмірде де сен ойлағандай тұлға болып шығуы көңілге қуаныш ұялатады екен.
Abilakim аға ғаламторда адамдарды қалай күлкіге қарық қылса, өмірде де айналасындағы адамдарды дәл солай күлдіріп жүреді екен. Оның әзілдерін біреу түсінсе, біреу түсіне бермейді. Тіпті „Қасыңда сенен басқа қаншама адам тұр, абайлап айт“ десе де, ағай „маған десе үш миллион адам тұра берсін. Өзімнің стильім солай!“ деп жүре береді. Аға, сізбен де танысқаным үшін қуаныштымын!
Marco аға туралы не жазуға болатынын да білмеймін. Сөз жоқ! Білгенін үйретуге құштарлығы (Көкбөрінің оқушыларымен кездесіп, көрген-білгенімен бөлісіп, бағыт-бағдар берді), сөз саптауы, бойындағы қарапайымдылық қасиеті қандай құрметке болса да лайық! Қасында жүрген өзінің көшірмесі Жігердің үлкен азамат болсып, әкесіндей көпшілікке сыйлы, құрметті тұлға болып өсуіне тілектеспін!
Adiletshu жүзі жылы адам. Керекинфода жөнсіз сұрақ қойып, жөнсіз пікір қалдыратындардың қатарынан емес. Өмірде де жөнсіз сөйлей бермейтін, көбінесе іштей ой қорытып жүре беретін адам болып көрінді.
Қарасақал да ерекше адам. Көздері мұңсыз, таза. Біз Алматыға кетер кезде (Ерке қыз, Жанның саясы, Мәншүк, Ербол Әлиасқарұлы, Ертай жалғас) алтын уақытын бөліп келіп, шығарып салды. Өз жалғыз келмей, қасына қызын ерте келіпті. Сөйтіп, Қарасақалдың қызымен ғана емес, қызымен де танысудың сәті түсті.
Ая Өміртай Керекинфода өжет, адуынды болып көрінетін. Ал өмірде әдемі, нәзік, кез келген адаммен бірден тіл табысып кете бермейтін, тұйықтау қыз екен. Бірақ неге екенін білмеймін оны өмірде бірінші рет көргендей болмадым, керісінше мені қырық жыл бойы танитындай емін-еркін араласып кеттім. Арнайы уақытын бөліп, мені Алматыдан Өскеменге шығарып салғаны үшін оған да үлкен алғыс айтамын!
qisyq туралы айтудың өзі артық сияқты. Оны өмірде көргендер қандай екенін менен артық біледі, ал көрмегендер жазбалары арқылы жақын таныс деп ойлаймын. Оны мен тым салмақты, мінезі қатал адам деп елестететінмін. ал өмірде керісінше болып шықты. Қайтар кезде автобус ішінде ән айтқанда оның жүзіне қарап еріксіз жымидым: жас бала сияқты, шын жүрегімен беріліп айтады екен. ))))))
Janasil аға да ерекше адам. Бойында тәкаппарлық жоқ, кім не айтса да сөз таластыра кететіндердің қатарынан емес. Мейірімді. Ешкімге ұқсамайтын өзінің бір әлемі бар сияқты. Сөйлегенде дауысында мысқыл да, зіл де жоқ. Осындай жаны таза адамдар бар кезде ертеңін үшін алаңдамай, тыныш ұйықтауыңа болатын сияқты.
aza — арқалы адам. Оның ойын, көзқарасын өзгерту қиын. Түртіп айта кетерлігі, балажан екен. Жігерді мойнына да, арқасына да отырғызды. Аяқ киімінің бауын да байлап берді. Балаға деген мейірімін көріп, мен ойлағандай тым қатал адам емес екен ойға тоқталдым. ))))))) Бойында жасандылық жоқ, өтірік күле салуды, өтірік қосыла салуды білмейді, сол себепті адамдармен ортақ пікірге келуі де қиын деп ойлаймын. Онымен тіл табысудың ең оңай әрі тиімді жолы — оны барлық болмысымен қабылдап, табиғи мінезіне мойынсұна білу деп ойлаймын. Әнді жаттап айту бір басқа, түсініп айту бір басқа. Әнді түсініп айтатындықтан болар, ол ән салғанда ұйқыда жатқан туған жеріме деген сағыныш сезімі оянып, көңілім құлазып қалды.
Нұрғиса аға жаны жайсаң адам. Керекинфода үлкен-кіші демей бәріне ақ тілегін айтып, ақ жол тілеп отыратын аға өмірде де ақжарқын адам. Оның әнін жүрек тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Өмірде жақынырақ танысып, басқа да адамдық қасиеттерін терең біле алмасам да сырттай көргеніме қуанамын!
Тау бөктеріне барған күні dark_nazgul апай жатқан бөлмеге барып, амандасып, танысып шықтым. Ғаламторда қандай, өмірде де сондай адам екен. Ойын бұқпалап қалмайтын, тіке айта алатын, ерекше ойлы адам. Домбырамен ән салғанда сүйсіне тыңдап, мен білмейтін тағы бір қырынан таныдым. Өмірде танысқаным үшін алғыс!
Айқаракөзбен танысудың да сәті түскенмен, жақынырақ танудың сәті түспеді. Көңілді қыз. Жазбалары да қызықты, салған суреттері де әдемі, дайындаған тағамы да дәмді дейді білетіндер.
Розатай туралы мен досымнан Керекинфоға келмей тұрып жиі еститінмін. Оны көрмесем де, сырттай құрметтейтінмін. Осы жолы өмірде көрісу бұйырыпты. Үнемі күлімдеп жүретін, өмірдің сәулелі сәттерін көруге құштар қыз. адамдармен тез тіл табыса біледі. БлогҚұрылтайға қатысушы ғана емес, оның жақсы өтуіне атсалысып, қол ұшын созып жүрген қыз.
Zilola ны сырттай ғана білетіндердің бірімін. Бірінші күні оны көңілді күйде көп көрдім, ал екінші күні көңілсіз жүрген сияқты болды. күнделікті араласып жүрген адамың болмағаннан кейін мінезіне қатысты бірдеме деу қиын, бірақ ол менің көзіме тәкаппар болып көрінді. Өзгелерден бұрын тұрып, БлогҚұрылтайға келушілерді күлімсіреп қарсы алған қызға көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
АКАмен тілдескен бір сәтте көңіліме қуаныш ұялады. Өсектен, өтіріктен, жасандылықтан ада, мейірімді қыздың жүзіне қарасаң өзің де мейірленіп, көңіл-күйің көтеріліп қалады екен. Сізбен танысқаныма да қуаныштымын!
Бұл — 19852407 Гулфайрус. Керекинфодағы атын есте сақтау қиыыыын. Өмірде де мінезі күрделі десем қателеспейтін сияқтымын. Тік мінезді. Бірге суретке түскеніміз болмаса, жақынырақ тануға мүмкіндік болмады. Дегенмен, оған қарасам өмірге деген құштарлығым артып кетеді. Табиғатты жақсы көреді ме екен, әйтеуір айналасына сондай сүйіспеншілікпен қарайды. Қараған көз қызығады.
Көкбөрі көке. ))))))))))) Көрмей тұрып қандай ойда болдым, көргенде де сондай ойда болдым. айтқан бетінен қайтпайды. Бір топ шәкірттері бір кездері банға кетіп қалса, осы жолғы бір топ оқушылары көз алдымызда жетістікке жетіп қайтты. Қуаныштымын! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз демекпін!
Батыр үнемі күлімдеп жүреді. Бірақ сол күлімсіреген жүзге үңіліп қарасаңыз, сынай қарап тұрған көзқарасты көресіз. Ол заңдылық та шығар бәлкім. Ерекше ойлы, ерекше мінезді адам. Кез келген адам көре алмайтын, кез келген адам көре алмайтын өзіне ғана белгілі ерекше әлемі бар адамға ұқсайды.
Жалғас туралы күнді батырып, таңды атырып айта беруге болатын сияқты. Көбінесе сұрағыңа сұрақпен жауап береді. тыңдай біледі және тыңдата біледі. Кей аждамдардың қасыңда бар-жоғы белгісіз болып жүреді, ал Жалғастың іс-әрекеттірен назар аудармау мүмкін емес. Алыстан болсын көз тоқтатып қарағаныңды өзің де байқамай қаласың. Қиялы ұшқыр, ойы жүйрік, мақсаты биік адам.
Жансарай — жомарт адам. Оны „ұйқы ашар“ кезінде аңғардық. Көп жігіттің көңілін де, қолын да құр қалдырмай, құрт ұстатып жіберді. Сізбен де танысқаныма қуаныштымын!
Көркемнің Көркем екенін кетер кезде бірақ білдім. Сондықтан жақын тануға мүмкіндік болмады. Керекинфода орынды пікір жазып, өзіндік ойын білдіріп отыратын қызбен болашақта жақынырақ танысудың сәті түседі деп үміттенемін.
Абай Отар көргенінен көрері мол адам деп ойлаймын. ))
Мәншүк тұйық қыз. Ішіндегі ойын сыртқа шығармай тыныш таппайтын адамдар қатарынан емес. Әрбір блогшы туралы жеке ойы, жеке көзқарасы бар, бірақ өз ішінде. Оның не көңілді, не көңілсіз жүргенін аңғару қиын. Себебі үнемі бір қалыпты, эмоциясын байқау қиын.
Алғашқы күні мені күтіп алған досым Ботагөз Жүсіп блогшылар жатқан пәтердің біріне апарды. Жанның саясымен сол пәтерде таныстым. Үйінің еркесі екені бірден байқалады. Адамдармен сөйлескендегі дауысы сөйлесіп тұрғандай емес, ұрсысып тұрғандай естіліп кетті. Ертесінде тауға шыққанда бірге серуендедік. Оны жақынырақ тани бастадым. Суретке түсуді ғана емес, түсіруді де жақсы көреді екен. Қоштасуды жек көрем, сондықтан Алматыға жолға шығарда да қоштаспай, келесі жолы кездесерміз деген ниетпен үнсіз қоштастық.
estetika91 көңілді, ақжарқын қыз. Ойын еркін жеткізеді. Күле біледі, күлдіре біледі. Адамдармен тез тіл табыса алады. Атына заты сай адамдардың бірі.
Келгендердің көңілінен шығу үшін көп еңбектеніп, ең көп шаршаған жандардың бірі — Daniar-Alan аға. Керекинфода үнемі көңілді отыратын ол өмірде әлдеқайда салмақты екен. Қанша шаршап жүрсе де қасына келген адамның сұрағына түзу жауап беріп, үнемі жымиып жүрді. Шаршаған адамның өзі оған қараса шаршағаны басылып қалатындай. Ара-тұра отыра қалып, тұра қалып темекісін тұтатады. )) Келгеннен кеткенге дейін блогшыларға қызмет етіп, тер төккен ағаға үлкен алғыс!
Орынсыз болса да өзімнің суретімді де қойдым мына жазбаға. Кейбір адамдар „басқаша ойлап едік, өмірде басқа екенсің“ деген пікір айтты. Өмірде басқа екенімді өзім де кейбір пікірлерім арқылы білдіргенмін, сондықтан таңқаларлық ештеңе жоқ деп ойлаймын. ))))))
Бұл Керекинфолықтар туралы қысқаша ойларым. Ал көңілде қалған кейбір көріністер мен түйген ойларымды келесі жазбамнан оқи аласыздар.

Қарасақал туралы мен де алғаш солай ойлаған едім. Оның мұңсыз, таза көздеріне алдануға болмайды
Сол жақтан санағандағы үшінші сіз ғой, иә? Осы жалғыз сурет қана екен сіз бар. ((
ана суретім ұнады. суретке түсе алмайтын адаммын, андай сырттан түсірілгендерде сәтті шығатыным бар
Ары-бері жүгіріс көп болды, өзім де шаршадым, «жақын сөйлесе адмадық», «Эльвира адам менсінбейді» деген әңгімелердің көбейгенін біліп жатырмын артынан)) Негізі уақытым болмады. Әлі талай кездесеміз деген ойдамын, Зарина.
Пы.Сы. Сюреттерім көп сенде, білем)) elvira.ergalina@gmail.com
Рахмет!!!
Тек, Жалғас жайлы депсің. Сау кезінде солай шығар бәлкім…
Мейірімді психологтың жазбасы сияқты.
«Janasil аға да ерекше адам… Осындай жаны таза адамдар бар кезде ертеңін үшін алаңдамай, тыныш ұйықтауыңа болатын сияқты» дид. Жанасылға айтылған төөөөнкій нәмөкке ұқсай ма, қалай?)))
А так мен тәкаппар емеспін, қарапайымның қарапайымымын )))
Кофе-таймда «келген қонақтар ішіп алсын, мен соңынан» деп жүріп, ақыр соңында столда дым қалмапты. Әйтеуір қолға ілінген 4 пішінәйді алып қыздардың қасына барсам, Нұрлан бір пішінәйімді әкетіп барады. Қолынан қағып, «бұл африкадағы аш балдарға» деп әзер алып қалып едім, бәрібір миды ашытып тұрып әкетіп қалды. Жалпы ұнады Нұрлан ))) Қанша жерден алып, жерге салып тіиісіп жатсақ та, күліп қойып жүре береді екен.
Лібә, ну зачем так, онсыз да центр прикола боп жүр бұл інім. Бір ауыздан қояйықшы осыны
Дегенгмен… мхм. бхм… бхмуахахахахах… Кхм-кхм кешіріңіздер. Енді қайталанбайд.
Қыз сынына қатысқан да шығар мүмкін
Өзі айтсын енді