"Құрметті қолданушы"

«Блогкемптің» ыстық-суығы басылғанда мынау неге маңырап отыр демеңіздер…  Шымкенттен келе сап, Алматыда бір апта, бір апта универдің аттестациясы мойын бұрғызбай, «Керекке» енді бас сұғып отырмын. Келсем, бәйге жарияланып, жүлдесі үлестіріліп қойыпты. Санымды шапаттап қала бердім, aza салатын единицаны алу бақытынан айрылып қалдеееем деп…  «Блогкепмтің» ресми бөлігі қызееқ болды. Әкім кіргенде қыздар арасында орнымыздан тұрсақ па, тұрмасақ па деген дискуссия болды. Стартаптар байқауында Әбіләкімнің жобасы еленбегеніне ішім ашыды. «Жауһарды» әкелген бала ренжімесін. Оның қазақ өнері үшін ізденгенінің өзі мақтауға лайық. Дегенмен, бұл сайттың тізгінін Әбілге ұстатқан жөн еді. Әбіләкім — дәстүрлі ән мектептері туралы кеңес сұрар мамандармен жұмыс жасайтын, бейнеқоры жасақталған, әншілермен байланыс орнатқан толыққанды маман. Дегенмен, кім жасаса да, жолда қалмасын. Өткен жылы да осындай жобаларға көтермелеу жасалған. Биыл солардың қорытындысы шығарылмады. Стартапты ұтып алғандар келесі жылы есеп берсе дұрыс болар еді. Өткен жылғы «Блогкемпте» маған Талғат Байназаров пен Қуаныш Мағзұмов ұнағантын. Зерделі әрі сырбаз жігіттер екен. Ал, биылғы «Блогкемпте» есімде қалған, болмыс-бітімі елден оқшауланып тұратын жомарт-batyr . Ал, Жігерді түрі Маралбекке тартқаны болмаса, Азаматтың төл баласы ма деп қалдым. Күні бойы Азаматқа еркелеп, қасынан кетпеді. Адамның көптігінен тек «керекшілерді» ғана маңайлап, қара тұтып жүрдім. Шәкіртімді ертіп бармасам, тіпті далада қалғандай екем. «Бәйшешектен» қайтқанда Әбіл "қазір грамоталарың болмаса, абтобусқа кіргізбейді",-деп шәкіртімнің қолына сертификатын ұстата салды. Артынып-тартынып «Керекшілер» жиналған абтобусқа тақадық. Әбілдің «бұлардың грамоталары бар»-деген сөзін Назгүл қыстырған жоқ, қабағын түйіп: «Орын жоқ»-деп кесіп айтты. Оны ұрғам жоқ, автобусқа барып отырып алдым.
Менің көріпкелдік қасиетім, керекшілердің біразы келесі «Блогкемпті» Қарағандыда өткізгенін қалайды деп сыбырлап отыр. Әбіл мен Абзал үшеуміз құрылтай Қарағандыда өтсе бір жасап қалатынымыз хақ. Дегенмен, Шымкенттіктердің блогқұрылтайды жаңа сапаға көтеріп тастауы, осы деңгейді түсіріп алмаймыз ба деген күдік те жоқ емес. Біздің облыста да ұлтқа жаны ашитын азамат отыр. Қасым Аманжоловтың жүз жылдығын дүркіретіп өткізген. Егер, жұрт Қарағандыны қалап отырса, ертерек қимылдап, ұйымдастыру жағын бастап кету керек. Себебі, Қарағандыда блогшы ағайын саусақпен санарлық. Өтетін орны, қарсы алу, шығарып салуды жасау оңай. Ал, демеуші табу жағы өзімді қорқытады. Сол себепті, Талғат пен Данияр тізе қосып, құрылтай өткізуде тағы бас болғаны жөн. Ал, мен ресми жағын ұйымдастыруға дайынмын.
Шымкентке бару үшін біраз тер төгуге тура келді. «Фотобайқауға» қатыстым, "Ұйқыашар" жасаймын деп Қарағандыдан құрт тасыдым, стартаптар байқауына тіркелмесем де, Аршаттың «ләппай» деуімен орта жолдан қосылып кеттім. Біреуі еленсеш…  «Пшен Алматы» тұрғанда қайдааааа... Шутка. Бірақ, мен осы «Блогкемпте» ең басты адамның назарына іліндім. Аршат мені "«Керекшілердің» "құрметтісі" деп таныды. Сатыбалды ушівөөөөөлл!
Әрі қарай

BlogCamp-2013. Алматыдан қашу операциясы.

Пролог
Алматылықтар бұл күнді асыға күтті. Алматыдан қашуды ең көп қалаған e_zhalgas екеуміз сияқтымыз, вокзалға 21-ші наурыз күні еп-ерте келіп алыппыз. Пойыз қойылып, бәрі жиналғанда топырлап, айқайлап-шулап мініп алдық. Алматы қаласынан шыққан соң пойыздың «Ресторан» деп аталатын бөлігіне қоныс аудардық. Ол жерде не болғанын жазбаймын, өйткені оны сол жердегілер ғана біледі және сол түннің куәгерлерінен бөтен адамдар білуге міндетті емес
Әрі қарай

Мен көрген БлогҚұрылтай - 2013 (1-бөлім)

Шамамен 2000 шақырымдық жерді артқа қалдырып, Шымкентке де келіп жеттім.БлогҚұрылтайға бірінші рет қатысуым болғандықтан, алғаш алған әсеріммен бөлісуді жөн санадым. Тіркелуден басталған БлогҚұрылтай алғашқы күні ресми түрде өтсе, екінші күні табиғат аясында бейресми түрде өтті.

Ары қарай суреттер сөйлесін:

Әрі қарай