Бақытты Лоторея жеңімпаздары
Хамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды.
Осыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Тағы бір әдемі шахмат партиясы мәресіне жетіп, Серік Әбденов отставкаға кетті. Басқаша айтсақ, дардай министр жұмыстан қуылды. Уәзірлердің өз қалауымен немесе басқа жұмысқа кетуіне байланысты кресло ауыстыратынына үйреніп қалыппын (әрине, бұл жүйе де ара-тұра сыр беріп, біреулер қашып, біреулер сотталып жатады). Сондықтан, бұл жаңалықты форс-мажор ретінде қабылдадым. Шындығында фарс болып көрінді. 

«Синдзи Кагава – әлемдегі ең үздік ойыншылардың бірі. Қазір ол «Манчестер Юнайтедте» 20 минут ғана ойнайды. Сол қанатта! Жүрегім қан жылайды. Шынымды айтсам, көзіме жас келеді.
Орталық алаң Синдзидің ойқастайтын жері. Ол өмірімде көрген қорғанысқа көңіл бөлетін жартылай қорғаушы болғанына қарамастан көп гол соғатын жалғыз футболшы. Бірақ, көптеген жапон футболшыларына «Дортмундта» ойнағаннан гөрі, «МЮ»-да доп тепкен ұнайды».
