Бақытсыз лотерея жеңімпаздары


Егер сіз Лотереядан 10 миллион доллар ұтып алсаңыз не істер едіңіз? Шамасы өзіңізді сол мезетте әлемдегі ең бақытты адам санайтын шығарсыз. Ал біздің төмендегі кейіпкерлеріміз лотереяны ұтсада жолы болмаған адамдар қатарына жатады(өздерінің ессіздіктерінің кесірінен).


1. Келли Роджерс — бұл қыз бір кездері әлемдегі ең бақытты бойжеткен еді. Ол 16 жасында лотереядан 1,9 миллион евро ұтып алды(сол кездегі бағаммен 3 миллион доллар). Сіз ол ақшасын жылжымайтын мүлікке салып, шамалы қыдырып, бизнес ледиге айналды деп отқан шығарсыз. Онда қателесесіз, ол бар қаржысын шоппингке, кештерге, пластикалық операцияға(қай жер екенін айтқым келмиді) жұмсап тауысты. Қазір жасы 22де, өз өзін 2рет өлтірмекші болған және 2 баласы бар.

2. Эвелин Адамс — бұл әйел 1985 және 1986 жылдары қатарынан 2 рет лотерея ұтқан, ұтыстың жалпы сомасы-5,4 миллион доллар. Алайда, ұтыс сәттілік әкелмеді, ол құмар ойнай бастады. Азғана уақыт ішінде бар қаржысынан айырылды, қазір жоғарыда көріп тұрған трейлерде тұрып жатыр.

3. Билли Боб Харелл — бұл кісі өз жақсылығының зардабын тартқан. Ол лотереядан 31 миллион доллар ұтып, бірнеше үй мен көлік сатып алады. Қалған ақшасын көмек сұрап келгендерге таратып берген. Осыдан соң оны әйелі тастап кетті, біраз уақыттан соң өз өзіне қол жұмсаған.

4. Майкл Кэррол — лотереядан 15 миллион доллар ұтқанша мусор теруші болып жұмыс атқарған. Қолына ақша түскен соң қатты өзгерді, кештер ұйымдастырды, қымбат машиналар сатып алды, есірткі қабылдай бастады(кокаин),әйелі тастап кеткен соң жезөкшелерге жұмсады қалған ақшасын. Қазңр бар болғаны жұмыссыз ретінде күніне 42 евро алып отырады. Қайтадан мусор теруші жұмысына оралғысы келетінін айтқан.

5. Эндрю Джексон — 2002 жылы лотереядан 315 миллион ұтқан. Ол кезде ісі төрге домалап тұрған бизесмен еді. Лотереядан соң ақшасының 10 пайызын христиандар қорына берген, өз атымен қайырылымдылық қорын ашқан. Осыдан соң бар бәле басталды: оның ақшасыг ұрлаушылар көбейді, әйелі кетіп қалды, 2 рет мас күйінде рульде отырғаны үшін ұсталды. 2003 жылы үйінде немересінің жігітінің өлі денесі, бірнеше айдан со сол немересінің денелері табылған. Өлімге себеп есірткіні көп мөлшерде пайдаланған. Эндрю Джексон өзі болса осы лотерея билетін алмағаным дұрыс болар еді деп қынжылады.
Бөлісу:

26 пікір

torgai
Үфіммен келген, сүфіммен кетеді деуші еді анам. Жеңіл ақша қалай келсе солай жоғалады ғой
edige
Мен де ұтқан бір жігітті білемін… Қазір ол ақшадан данеңе қалмаған… Ай, тойлады кезінде 2 жыл, бәтшағар…
Gamk
Мұса пайғамбардың заманында бір кісі пайғамбарға келіп, Алладан өзіне байлық беруін өтінеді. Мұса тауға барып келгесін әлгі адамға «Алла тілегіңді қабыл етті. Байлықты осы дүниеде қалайсың ба, анау дүниеде қалайсың ба?» дейді. Адам байлықты осы дүниеде қалайтынын айтады. Мұса (ғ.с.) "Әй, байлық адамға қауіп, тура жолдан тайдырып жіберуі мүмкін. Әлі де болса ойлан!" деп ескертеді. Адам тілегін тағы жеткізеді. Мұса тауға барып келгесін тілегінің орындалатынын айтады. Айналдырған аз уақыттың ішінде әлгі адам мен деген байлардың қатарына қосылады. Күндердің күнінде ол о дүниелік болғасын, Мұса (ғ.с.)-ға ол адамның жұмақта алтын сарайда тұрып жатқанынан хабар келеді."Қалайша, — дейді — ол байлықты бұл дүниеде қалап еді ғой?" «Рас, ол өзіне жұмақтағы алтын сарайды сатып алды» Негізінде мол байлыққа ие болған күннен бастап әлгі адам одан өзіне бір тиын да жұмсамастан жарлыларға, жетімдерге қамқорлық көрсеткен екен және ақшасының барлығын сауапты істерге жұмсапты.
satibaldi
Адам тілегін тағы жеткізеді. Мұса тауға барып келгесін тілегінің орындалатынын айтады
Баяндауда әдістемелік қате кеткен: тәжірибесіз христианин әңгіме Адам ғ.с. туралы екен деп қалуы мүмкін
torgai
тәжірибесіз христианин
zholantai
бастары істемейт екен, бары сол
neoaskar
Сәлаба деген сахаба болған пайғамбарымызға келіп өзінің бай болуы үшін дұға жасауын өтінді. үш мәртеде қайтарып жіберген: "Қайырымын бере алмайтын байлықтан, шүкірін бере алатын байлық артық" деп. соңында дұғасын алғаннан кейін байып шыға келді. тіпті малдары Мекке қаласына сыймай кеткендіктен, қала маңына қарай ауысты, бұрын мешіттен шықпай «мешіт құсы» атанған Сәлаба тек жұма намаздарға қатысып, соңында тіпті намазға да келе алмайтын жағдайға жетті. Зекет беру парыз болғанда пайғамбарымыз (с.а.у.) зекет жинаушыларды әлгі Сәлабаға жібереді: «Мынанша қой берсін» деп. Сәлаба: "Өзімнің жиған малым, ешкімге де бере алмаймын" дейді. міне осыдан кейін әлгі кісіден зекет алынбаған. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір (р.а.) халифа болады. Сәлаба қатесін түсініп, Әбу Бәкірге (р.а.) «малымнан зекет ал» дейді. Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбар алмаған зекетті, мен де ала алмаймын» деген. Міне осылай өмірден өткенше Сәбала зекет бере алмаған.
Байлық бақыт емес.
aza
Сәбәланікі аянышты жағдай екен… Алла кешірсін, кейде Үлкен Кісіні ұмытып кетіп жатамыз. Ал, мен ұтыс деген нәрсеге сенбейтін адаммын Тіпті, солай болса қайтер ет деп те ойламаппын…
zholantai
Байлық бақыт емес
, бақыт не сонда?
neoaskar
Бақыт — біздің көршіміз ғой, өткен жылы тұрмысқа шықты.
Бақыттың нақты анықтамасы жоқ. Мен үшін бақыт «иман».
zholantai
)))
Бақыттың нақты анықтамасы жоқ
екен, сондықтан кесіп-пішіп тастамасайші
neoaskar
енді байлық дегің келе ме?
zholantai
«бақыт-байлық емес» дегім келмейд
Adiletshu
Байлық бақытты болудың критерийлерінің бірі.
Aidakonya
«Если все деньги скинуть в один большой котел и раздать поровну всем людям, то через некоторое время все вернется на круги своя. То есть, ТЕ ЖЕ САМЫЕ люди окажутся с деньгами. А те, кто был нищим – снова станет нищим» — депті ғой біреу((
Erlan
Енді Бақытты болғандар туралы жазсаңдаршы )) ато ұтыс ұтудан қорқайық дедік қой
Ispek92
Жазуға тырысамын, материалдар дайындап жатырмын
Adiletshu
Неше ұттың, неше ұтылдың статистика жүргізіп көр. Сол ұтқан ақшаңды 2000-3000-дап ұтылып қаласын.
zhanara2013
Сол бакытты лотобилетке аса сенбейм ше…
Ispek92
Бақытты болмасада ақшаларын ақылмен жұмсаса болар еді димін да, ай бірақ ақша жүрген жерде ақыл жүрмейді ау
zhanara2013
Екеуи бiр казанга сыймайды десейш
Ispek92
Сыйдыратындар бар-ау, тек сол қазанның саны шектеулі ғана сияқты
suleimenuly
«Семіздікті тек мал ғана көтереді» дегенгой қазакем. Ұтыс билеттерін ойнататындардың түгелге дерлігі «яхудей» ұлтынын, басқа ұлттар тек ойнайды емеспе
Erlan
Егерде бизнесмен адам сол ақшаны өз еңбегімен жинаса, ол ондай суммадағы ақшаны тағы бір ақша түсіретін іске жаратар еді, определеный суммасын, ал бұларда ондай опыт болмаса керек, кормеген үлкен суммадагы ақшамен жұмыс істеп, дурыс жаратпаған болса керек акшаны, аспаннан салбырап тускен ақша абдыратады гой )) мусор теруші аштықта жеген құйқасының дәмен тоқтықта тез ұмытса керек
Aidakonya
Ал, керекшілер өздерін ұтсаңдар ше??? Мысалға 50 миллион доллар??? 5 жылдан кейін материалдық жағдайларыңыз қандай болады???