Сені үздік адам ететін 6 шындық (5)

  • Автор
1-бөлім, 2-бөлім, 3-бөлім, 4-бөлім
№2. Егер әрекет етуге жетелемесе сенің ішкі қасиеттеріңнің еш құны жоқ

Өзім жазушы болғандықтан таныстарымның арасында жас қаламгерлер көп. Олар өздерін жазушы сезінеді, өздерін солай таныстырады, кеудесінде жазушы жүрегінің соғып жатқанына құлай сенеді. Бірақ, бір нәрсені ұмытып қалдырады – Әй, туындыларың қайда, боқмұрындар?!
Тәңір жарылқағырлар-ау, кімнің дұрыс жазушы, кімнің құсық жазушы екенін білу үшін еңбегін көріп, бағалауымыз керек қой.
Кейбір жазушылардың шығармасынан көрі әйелдердің дүкенге барарда жасаған тізімін оқыған қызық
Біреулер бар, «Мен кім екенімді білем. Жан дүнием бай. Мен «менімді» сақтап қалуы керек», — дейді. Шындығында, бұл ауыр жұмыстан қашу үшін ішкі эгосының ойлап тапқан сылтауы. Жан дүние деген сенің өзің. Мысалға, сен менсінбейтін бір жігіт үй салып алды дейік. Ол ішкі жан дүниесі сондай болғандықтан ғана үй салды.
Жаман істің басында ішіңдегі жаман импульс тұрады. Ол нақты іс-қимылға айналмайынша, миыңды жегідей жеп, маза бермейді. Жақсы істің жасалу жолы да осындай. Басқаша айтқанда, жан дүниең — көң. Жемістерің осы жерде өседі.
Назар ағаштың діңіне емес жемісіне түседі
Енді, көпшіліктің мойындағысы келмейтін шындыққа келдік. Сен жеміссің. Ешкімге ішіңдегі көң қызық емес. Жан дүниеңе түкіргені бар. Әрекеттерің ғана маңызды.
Иә, кедейлерге, мүгедектерге жаның ашитын шығар. Бірақ, олар үшін не істедің? Миллиондаған адам Африканың бейшара балалары туралы ойлайды. Алайда, бұл ой жақсы істерге жетек болды ма? Жоқ! Көпшілік сен сияқты, «О, байғұс балалар. Мен сендерді аяп отырмын», — деп Фейсбуктағы суреттерге лайк басумен шектеледі. Бұл мидың ішкі механизмі. Мақсаты – шын жұмыстан, әрекеттен сақтау.
Мен сенің денсаулығың туралы үнемі ойланамын. Егер бұл саған көмектессе айтарсың...
Күмәнім жоқ, сенде неше түрлі қызықты идеялар бар. Бірақ, олар өмірде көрініс тауып жатыр ма? Жұрт көріп, қызығуы үшін не істедің? Айталық, қиялыңдары қыз/жігіт бір ай бойы сені жасырын камерамен бақыласа не нәрсеге таң қалады? Олар сенің ойыңды оқи алмайды, тек, ісіңді ғана көреді. Енді қалай ойлайсың, ол сенімен бірге өмір сүргісі келеді ме?
Әрбір адам өзгеден талап ететін стандарттарға өзі де сай болуы керек. Бар көмегі өзгелердің тілеуі үшін дұға оқумен шектелетін діндар достарың бар ма? Сондайларға қаным қараяды. Жоға, дұға мен құдайға сиынудың пайдасы мен зияны туралы ештеңе айтпаймын. Мәселе ол туралы емес. Мәселе жаңағылардың көмек көрсетудің ең оңай жолын таңдағанында. Бұл үшін тіпті диваннан тұрмасаң да болады. Бұлар еш жамандық жасамайды. Ойы ашық, көңі тап-таза. Бірақ, мұндай көңде қандай жеміс өседі? Иса пайғамбар, «Ағашты жемістеріне қарап бағала. Жеміс бермегенін шауып, отқа таста», — деп жиі айтқан. Енді ойланшы, бұл сөздің, «Осында жұмыс істегің келсе планды орында», — дегенен қаншалықты айырмашылығы бар?
Әрине, жұртқа бұлай айқайлаған жақпайды. Алек Болдуиннің «Бұтыңның арасында бірдеңе болса дәлелде, болмаса көшеге бар да етік тазарт», — дегені сатушыларға ұнаған жоқ. Осыдан соңғы шындық туады…

жалғасы

Ұқсас посттар

15 пікір

Aidakonya
неге екендігін білмедім, бірақ оқып болғаннан кейін жылағым келді, әрине бұндай кітаптарды көп оқимыз ғой, бірақ өз ана тілінде жақсы жеткізілген кезде, сөздер сүйегінен өтеді
asaubota
Фейсбуктағы суреттерге лайк басумен шектеледі. Бұл мидың ішкі механизмі. Мақсаты – шын жұмыстан, әрекеттен сақтау

біздің псевдопатриоттарға оқытатын жазба екен. осы бөлімі қатты ұнады.
Marco
Фейсбукты өзім қосып жіберіп едім)))
zholantai
жынды шығыпты, оқып-оқып тастадым, рысбек амиго, «мүмкіндік берген екен, көтің терлеп жұмыс жаса» деген сөз ұнайд да өзіме
torgai
Қатты тиді бұл жолғысы да)
aza
Осыдан кейін де КИ ны сынайтындар бар, я?! Трольдар мекені деп 
Ауылдан кеп, жұмысқа зауқым болмай жүргенде, тіктің-ау, Марко)))
torgai
Тролльдар мекені деп қай арнада, қандай бағдарламада айтылып еді өзі?
Соңғы түзету:
Marco
Тым жақсы жұқара бастап ең, қайтып қосыпсың))) Осыдан бір нәтиже шығып қалса жақсы болар ед та
konvict
Сатыбалдыға 3-4 адам жұмыс істейді екен дегенді естігенде құлақ шекені, етіктің шегелерін, очм атылатын жердің бәрінен атқылады
aza
Мен де күліп жібердім… Пайымы соған ғана жетіп тұрған болар, неге күлеміз бірақ?!
Marco
Ондай интеллект бір адамның басында болатынын көрмеген ғо
konvict
Пыросты ондай сөздің ар жағында Сатыбалды американың арнайы ұйымдастырған тролі деген ой жатыр ғой
zholantai
осы «сатыбалды-бір емес, бірнеше адам» дегенді сұмдық көп естідім, жатқан ойы пиздес екен енді
Marco
Просты ол қазақ емес дәруіш та, бғат)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.