Сені үздік адам ететін 6 шындық (6)

  • Автор
1-бөлім, 2-бөлім, 3-бөлім, 4-бөлім, 5-бөлім
№1. Жан дүниең дамуға қарсы

Адам санасы ғажайып. Оның нағыз кереметін қажетті өзгерістерге қарсы тұратын қасиетінен анық көруге болады. Сенің психикаң ішкі қорғаныс механизмімен жабдықталған. Міндеті қозғалысқа итермелейтін кез-келген құбылысты жойып отыру. Мұны нашақорлар жақсы түсінеді.
Осыны оқып отырғанда-ақ, кейбіреулердің миы жаңа ақпаратты қабылдамай, қарсыласып жатыр. Өз тәжірибемнен білем, мұның бірнеше тәсілі бар.
• Кез-келген сынды кемсіту деп қабылдау
«Мені еріншек, түкке тұрғысыз адам деп айтатындай бұл кім?! Жөні түзу адам, менімен ешқашан былай сөйлеспейді! Ол мұның бәрін менің көңіл-күйімді бұзып, өмірден түңілту үшін жазып отыр! Қазір, мен сені қатыратын бірдеңе жазамын!»
• Айтылған әңгімеге емес айтып жатқанға адамға көңіл бөлу
«Маған өмір сүруді үйрететуге мынаның қандай құқы бар? Адам болған түрін! Интернетке қамалған әлжуаз, бейшаралардың бірі! Қазір оны масқара ететін ақпарат тауып алайын!»
Сен әуелі өзің қарық қылып ал, сосын ақыл айтарсың, боқмұрын
• Әңгіменің мазмұнына емес тонына мән беру
«Мұның жазғандарынан біреудің ар-намысына тиетін, кемсітетін әзіл тауып алайын. Контекстен бөліп алып жария етемін. Бұл оны бар әрекетін жоқ қылады!»
• Өткеніңді редакциялау
«Бәрі мұндай жаман емес! Иә, өткен айда өз-өзіме қол жұмсай жаздадым, бірақ, қазір жағдайым жақсы! Егер осы қалпымнан таймасам бәрі жақсы болады! Шамалы үзіліс жасаймын. Сосын әлгі қызға деген көңілімді білдіре беремін, түбінде ол өзі маған келеді!»
• Өзіңді өзгерту өзіңді сатып кету дегенге сену
«Сонда, мен, мына сүйікті журналдарымды лақтырып тастап, күніге алты сағат тренажерда жүруім керек пе? Сосын жарнамадағы мәжгүндер сияқты автозагар қолдануға тиіс екенмін ғой? Осы ма адам болғаным?!»
Мұндай амалдар көп. Есіңде болсын қайғыру оп-оңай. Бақыт күш жұмсауды талап етеді.
Өзгеретін кез келді
Сонымен бірге, батылдық қажет. Ештеңе істемейтін болсаң ешқандай сын естімейсің. Рахат қой.
Отырып алып, өзгені сынау ең оңай кәсіп. Мынау топас кино екен. Анау екі бала тәрбие көрмеген. Ана екеудің қарым-қатынасы тығырыққа тірелді. Анау жігіт тың сараң. Мына ресторанның тамағы нашар. Мына жазушының шығармасы құсық.
Айтпақшы, ұмытып кетіппін ғой. Бірдеңе жасаған бойда, өлең жазасың ба, жаңа кәсіп үйренесің бе, біреумен кездесе бастайсың ба бәрібір, сен дым істемейтіндердің қоршауында қаласың. Олар сенің жасағаныңды жоққа шығаруға ұмтылады. Бетіңе күле қарап, білдірмей бүлдіруге тырысатынына күмәнданба. Алқаш достарыңа ішпегенің ұнамайды. Семіз достарың арықтауыңа қарсы. Ал жұмыссыз достарың карьераңның өрге жүзгенін күндейтін болады.
Олар өзгенің жетістігін жоққа шығару арқылы өздерінің ішкі қорқыныштарын көрсетеді. «Жұрттың бәрі құсық бірдеңе істеп жүр ғо, мен неге еңбектенуім керек? Жоқ, қажет болса қазір-ақ бір роман жазып тастар едім, бірақ ыңғайлы оқиға керек. Әйтпесе кезекті «Ымыртты» (Twilight) жазғанымнан пайда жоқ!» Міне, олар осылай дым бітірмей, ешбір сын естімей «идеал» болып қала береді. Енді, бірдеңе жасаса да мейілінше жаман қылуға ұмтылады. Мұның шын еңбек емес, ортаңқол нәрсе екенін көрсетпекке тырысады. Оның нағыз жұмысы мынау сияқты құсық емес, ұлы дүние болмақ-мыс.
Дым істемейтіндердің ойы бірдей. «Доғарыңдар. Бар жұрттың назары сендерде. Көре алмаймын!»
Сен де осылардың қатарынан болсаң тез өзгер. Осы мінезіңнің кесірінен жұрт сені жек көреді. Осының кесірінен сен өз-өзіңді жек көресің.
Жарыс жолын бастайсың ба, әлде мені өртеп жібересің бе?
Былай қылайық, осы мақаланы оқығаннан кейінгі он екі ай дедлайн болсын. Осы уақыт ішінде кез-келген жаңа машық, сені адам ретінде жақсарта түсетін жаңа білік үйрен. Тіпті, оны өзгелер таң қалатындай деңгейде жаса. Не екенін менен сұрама. Өзің біл! Каратеге жазыл, биге бар, қыш құмыра жасауды үйрен. Тамақ пісір, құсқа ұя жаса, массаж немесе программалауды оқы. Порно түсір. Суперқаһарманның плащын киіп қылмыспен күрес. Блог жаз.
Бастысы – мақсатты дәл белгіле. «Мен әдемі қыз, көп ақша табамын», — деген бұлыңғырлықты таста. Сені өзге адамдардан өзгеше әрі артық ететін жаңа бірдеңе үйрен.
Испанша үйреніп алсаң 400 миллион адаммен еркін сөйлесе аласың
Тамақ істеу курсына жазылуға ақшаң жоқ па? Құдайдың Coogle-і бар емес па? Достым, сен бұл сылтаулардың бәрін мейілінше тез құртуың керек. Әйтпесе, олар сені құртып тынады.
Егер, шешімге келсең осы мақаланың астына пікір қалды да, келесі жылы осы уақытта өзіңді тексеріп көр. Саған зиян жоқ. Керісінше әлемге пайдаң тиіп қалар. Мә, соңында мына видеоны қара. Қанден де бірдеңе үйренуге кет әрі емес.


түпнұсқа

Ұқсас посттар

22 пікір

konvict
Мен испанша үйренемін.
zholantai
жеп тастапт енді,
torgai
Бастаймын мен де бірдеңе.
satibaldi
Соңғы біржылдықта оқыған тұщымды бірдемем шығар нақ, рақаттана оқыдым. Мұның алдында оқығаным nurbergen_makym -ның шал мен кемпір туралы әңгімесі еді, ол да өшіріп тастай қойыпты шешесс(((
AKA
Бүгін ғана ойымдағыны жүзеге асырмақ ниетте ем, кешегі ойымдағыларды таптым жазбадан, жақсы әсер болды осы бөлімі. Супер!  
П.С. Бітқапты ғой уже
Marco
Абай мен Торғайдан басқа ешкім уәде бере алмады ма? )))
a63a1
істим, кеттім!
Marco
не істейсің?
a63a1
ендігі жылы айтам))) Дәл осы күні осы, пікірдің астына)
Marco
Ағылшынды адвансқа жеткізем деп уәде бердім өзіме
Aidakonya
тек соңғы демеңізші(( тағы осындай жігерлендіру мен намысқа тигіш посттар ойдан құрастырып, аударма жасап жазсаңыздар әдемі болады) жаңа ештеме бастамайм, қайта бастап тастағандарымды жаңғыртам, қолға қобыз алмағалы көп болды…
Marco
Уау! Қобыз мықты!
Adiletshu
Үй соғамын Алла қаласа
Arys_arlany
он екі ай дедлайн болсын. Блог жаз. Маған ұнады осы жерлері, әрі ішкі рухани болмысыма да сәйкес келіп тұр.
Arys_arlany
бірақ, пікірлерді қарап тұрсам қызықты екен, әсіресе torgai , бірдеңе бастаймын  кездейсоқ па әлде сәйкестік пе, бүгін күндіз «Базар жоқ» ты кріп жатқам. Әдеттегідей, бисмилласымен Тұрсынбек тұрды, әзілі де осы "Қой, бірдеңе істеу керектің" төңірегінде болды. Орыстар үш нәрсе істеу керек десе, Қазекең бір-ақ нәрсе «бірдеңе істеу керек» деп, 20, 30, 40, 50, 60 жасқа шейін керек болса айтады, 60 жастан кейін қолынан келмейтініні өзіне сезіле бастайды ма, барлық бала-шағасын жинап алыпБірдеңе істеңдер" деп өсиет айтады деп кұлдірді
MickThatsMyNick
қосымша мамандығым ағылшын мен неміс тілдерінің мұғалімі болғандықтан, соңғысын үйренуге мәжбүр болып жатырмын, ұнамаса да.)
bizbike
өзімше суретке дұрыс түсіруді үйреніп жүрмін. Демалыстан келген соң қаламыздағы ең танымал фотосуретшіден сабақ алдым, пайдаға асады деген ойдамын
Zhan
Супер жазба екен мынау. Кезінде көрмей қалғам-ау шамасы…
Есіңде болсын қайғыру оп-оңай. Бақыт күш жұмсауды талап етеді.
Marco
Көрінбей кеткен кезіңде жазылған болып тұр ғой, то есть аударылған.
west_laura
Таттілер жасап үйрену керек
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.