Француздар Аяксты қалай лақтырды?



Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің соңғы турында француз Лионға келесі турға шығуы үшін хорватиялық Динамо Загребті ірі есеппен жеңуі қажет еді. Және Аякс өз алаңында Реалдың қосалқы құрамынан жеңілуі керек болды. Былай қарасаң қиын нәрсе. Бірақ солай болды. Лион 7-1 жеңді. Аякс 0-3 жеңілді. Аякстың 2 голын төреші оффсайд деп санамай тастаған.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: abdi111

abdi111 — Әріпұлы Әбдіби 1994 жылы 24 мамырда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келгем. Қазір Алматыда студентпін, сабақтан соң kerekinfo.kz, aralsk.kz, goszakup.gov.kz сайттарында боламын, кейде кино көрем.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— surak-zhauap.kz сайты арқылы.
Әрі қарай

Бояннн шығар, бірақ, мен жақында естідім:)

Бірде Мейрамбек пен Сәкен өлгенше ішіп алып сахнада білгендерін жасапты. Ертесіне таңертең теледидарға қараса, бүкіл БАҚ бұлардың кешегі сахнадағы қылықтарын айтумен әлек екен.
— Енді халықтың бетіне қалай қараймыз? Көшеде жүрсек танып мазақ қылатын болды — деп Мейрамбек мазасызданады. Сонда қиыннан қиыстырып жол тауып кететін Сәкен:
— Мәке, былай етейік, басқаша киініп алып көшеге шығайық, сонда ешкім танымас! — депті.
Сөйтіп Сәкен қызша киініп, боянып көшеге шығады. Аялдама жақтан өтіп бара жатып, жол жағасында кішігірім заттар сатып отырған әжейден
— Мына суыңыз қанша, әже? — деп сұрайды.
— Әй, Сәкен, саған 200 теңге ғой! — деп жауап береді әжей.
Сәкен "қалай ғана танып қойды екен" деп алды артына қарамай үйіне зулайды. Бұл жолы өте қатты боянып қыздан аумай қалады. Сөйтіп жаңағы жерге келіп тағы да сұрайды:
— Мына суыңыз қанша, әже?
— Саған 200 деп айттым ғой, Сәкен! — деп қайта жауап береді әжей.
Сонда ол кісінің тағы да танып қойғанына жағасын ұстап таңырқап қалған Сәкен:
— Әже, қалай ғана менің Сәкен екенімді біліп қойдыңыз? — десе, әлгі әжей:
— Қуасың ба, Сәкен? Бұл мен ғой Мейрамбек! — деген екен!
Бұқақақақа, за то өзіме қызық
Әрі қарай

"Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы


8-желтоқсанда «Бойқоңыр» («Байконур», «BAIKONUR») атты Германия-Ресей-Қазақстан бірлескен жобасының еліміздегі тұсау кесері өтті. Жабық көрсетілімде фильмнің режиссері Файт Хельмер (Veit Helmer) (Германия), ко-продюсерлері: Гүлнар Сәрсенова (Қазақстан) мен Анна Качко (Ресей), сондай-ақ жобаға атсалысқан актерлер және түсіру тобы қатысты.

«Фильм бұған дейін Германияда көрсетілді. Жалпы нәтижесі жаман емес. Бүгін қазақстандық көрермендердің назарына ұсынбақпыз. Бұл жерде ко-продюсер Анна Качкоға рахмет айтқым келеді, оның арқасында аса құпия саналатын Байқоңырдың „Роскосмосқа“ қарасты аумағында түсірілім жүргізуге мүмкіндік алдық», — деді неміс режиссері алғысөзінде.
Әрі қарай

Челендждер, мини тәуекелдер

Достар, сендерге мынадай ЖЖға қарсы микрочелендждерім бар:
1) Бенгал шамының бір қорабын сатып ап, көшеде кезіккендердің қолына ұстатып, жағу. кемінде 5 адам. Нәтижесін осында салу.
2. киоскіден 10 календарь алып, 15 тенге тұрад, соны көшеде көрінгенге 50 тенгеге сату, қалай болғаны, сезім, реакция, нәтижесін осында салу.
3. ең нашар, арзан киіміңді киіп алып, 500 теңгені барынша майдалап, қауақ көрінгенге жақындап, қаушаққа не алақаныңызға салып, тиын алыңыз! тиын деп айқайлау.
4. ұялы телефон сататын дүкенге барып, ең арзан, ең қарапайым телефонды көрсетуін сұраңыз, 90шы жылдардан ауып келген адам сияқты, смс жбере алам ба? полифониясы бар ма? деп ығырын шығарып, түроі ақымақ сұрақ қойып, шынайы таңданып, немесе вибромассажеры, типтроник, антеннасы қайда деп, диктофонға диалогты жазв ал, кет демейінше кетпе.

осылардың тым болмаса біреуін жасап, осында есеп беріп көріңдер.
Маған ала көзбен қарамаңдар, мен бұлардың бәрін бірнеше рет істедім. Әсерін айтпайм. Өз бастарыңнан кешіп, комфорт аймағын бір сілкіп көріңдер.
ең шынайы әрі қызықты баяндамаға сыйақы бар. Позитиффқа кепілдік берем.
Әрі қарай

«Rafale де» көтімен демалуда

Жарықтық, жақсы мәшине еді, шешесстің(((

Өткендегі қаруи-жарақи жаңалықтарымыздың бірінде, Үндістандағы тендерлерде ресейлік шабуылшы ұшақтар мен тікұшақтардың оңбай жеңіліп жатқанын тоқ ішегімізге дейін қуана хабарлаған болатынбыз. Енді сондай пяншіктің тағдыры француз самұрықтары – «Рафальдарға да» келген сияқты. Шешесстің.
Бүгін беделді ақпарат көзі мен құлағы, француздың «Dassault» авиконцерні «Rafale» шабуылшы ұшақтарына тапсырыс беруші табылмағандықтан, өндірісті тоқтататынын еңірегенде етегі жасқа толып отырып хабарлады. Сөйтіп, әскери ұшақ саласындағы ойыншылардың саны төртеу-бесеу ғана болып қалды.
«Rafale» ұшақтары 2007 жылы пайда бола сала, Франциядан басқа ешкімге сатылмаған. Ақша іздеп
Әрі қарай

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды

Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.

Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов бүгін Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желі мамандары балалар порнографиясын қамтитын, терроризм мен экстремизмді, есірткіні, қылмысты насихаттайтын сайттар туралы мәліметтер мен өзге интернет қауіптерге қарсы әрекет етпек.

Бүгінгі таңда “шұғыл желі” сайтына төрт мәлімет келіп түскен. Олардың бірінде шетелдік интернет ресурс атына шағым түскен.

kaz.gazeta.kz/art.asp
Әрі қарай