Ағамның монологы
Иірілген асықтай тағы,
Бүк түстім теңселім санам.
Мұң болып бақыттың әні,
Кірпіктің қимылын бағам.
Жанардан сырғыған тамшы,
Теңіздің толқыны сынды.
Жонымды тілгілеп қамшы,
Бокалмен жұтамын мұңды.
Мен енді бөтенмін білем,
Біздерді қоспайды тағдыр.
Амалсыз мысқылдап күлем,
Ал мұңым — бір нөсер жаңбыр.
Айырып қатар мен теңді,
Көтердім өмірдің жүгін.
Сен сүйген бозбала енді,
Төрт ұлдың әкесі бүгін.
Тентіреп текке сен қалма,
Бақытың тосып тұр алдан.
Енді кеп қолқаны салма,
Арманға бәрі де Арман.
Тағдырға налыма тегі,
Жетеді сыйлары тосын.
Бөтенге теліме мені,
Өзіңсің ең жақын досым!
Бүгіннің бейнесі қымбат,
Әр сәтті бағала жақұт.
Біздерге жол нұсқап ымдап,
Бақытқа апарсын Уақыт.
Шаршатты Тіршілік Үні,
Түсінем салмақты мұңың.
Тек дұрыс түйсініп мұны,
Өтінем, күрсінбе күнім!
Бағала Уақыттың құнын,
Күдікті үмітпен жалға.
Ертеңді ертерек ұғын,
Бақытты күндерің алда!
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бүк түстім теңселім санам.
Мұң болып бақыттың әні,
Кірпіктің қимылын бағам.
Жанардан сырғыған тамшы,
Теңіздің толқыны сынды.
Жонымды тілгілеп қамшы,
Бокалмен жұтамын мұңды.
Мен енді бөтенмін білем,
Біздерді қоспайды тағдыр.
Амалсыз мысқылдап күлем,
Ал мұңым — бір нөсер жаңбыр.
Айырып қатар мен теңді,
Көтердім өмірдің жүгін.
Сен сүйген бозбала енді,
Төрт ұлдың әкесі бүгін.
Тентіреп текке сен қалма,
Бақытың тосып тұр алдан.
Енді кеп қолқаны салма,
Арманға бәрі де Арман.
Тағдырға налыма тегі,
Жетеді сыйлары тосын.
Бөтенге теліме мені,
Өзіңсің ең жақын досым!
Бүгіннің бейнесі қымбат,
Әр сәтті бағала жақұт.
Біздерге жол нұсқап ымдап,
Бақытқа апарсын Уақыт.
Шаршатты Тіршілік Үні,
Түсінем салмақты мұңың.
Тек дұрыс түйсініп мұны,
Өтінем, күрсінбе күнім!
Бағала Уақыттың құнын,
Күдікті үмітпен жалға.
Ертеңді ертерек ұғын,
Бақытты күндерің алда!
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Көлік тұрып… сыртымнан мына мені
Елестету қиын-ау, Құлагерді…
Бабаларым кезінде көсіліпті
Армансыз шаңға бөлеп құба белді.
Кешегі көшпенді ел ұялыңыз,
Сімірген тостағанға құя қымыз.
Шідерленіп шеңберге мұқалғанда,
Талай жерді таптаған тұяғымыз…
Менің осы күнімді ұғын кәні!
Арена, Ақ боз аттың бүгінгі әні
Жусан иісі аңқыған боз даланы,
Аңсамайды цирктің құлындары.
Не ғып тұрсың?.. жанарың сахнада,
Сен едің ғой туысым, жақынымда.
Енді жауға кірмей ме Кендебайлар,
Керқұланы ойнатып тақымында.
Ешкімге дәл осындай бермесін дерт,
Дәурен-ай енді қайтіп келмессің деп.
Көзімді жұмып алып шауып келем — Кең далам көз жасымды көрмесін тек! ©Әбіләкім
көзіне жас үйірілген еді.
осы жері түсінігіме сыймады