Кім жаман? Билік жаман!

“Өздерің қандай болсаңдар, дәл солай басқарыласыңдар!” Аллаһ субхана уа Тағала

Мұндайды әлеуметтік ролик деп атайды. Орыстар түсірген. Сайлау кезінде Ресейлік “Нұр-Отан”, яғни “Единая Россияны” қолдау туралы бейнеролик. Сюжет барысындағы “Ресей” дегеннің орнына “Қазақстан”, “Медведевтің” орнына “Назарбаев” деп тыңдай берулеріңізге болады. Қай елдің болмасын, оппозициялары көрсе, артын ашып күлетін болар. Бірақ, анығы сол, қай елдің болмасын билігі, ол сол елді асырап отырған жүйе боп табылады. Ал ол жүйені құруға ат салысқан да, оның былығы мен шыжығының өсіп-өркендеуіне тікелей үлес қосып отырған да сол халықтың өзі. Ендеше, бұл халыққа не керек?

Әрі қарай

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

Дәрумендер (мини-шолу)



Енді көктем жақындаған сайын дәрумен жетіспеушілік, қаназдық, көбейеді.
Білә, бірақ көк шөпке ілініп кетуге асыққан қой секілді қурап тұрса да, көтіне тақалғанда тірілетіндер оянып, дереу жаттығушылар көбейеді;
Себебі, биыл жазда тағы да бұты тырысқан джинсы, қарның болса кие алмайтын тар футболка, қолтық жүні қауғадай, бірақ қолдары жіңішкелер кие алмайтын стильді жеңсіз майкалар сәнге айналады.
Оларды киюге ұялмау үшін жігіттер күз түскенде емес, керісінше жаттығуды көктемде, не қыстың аяғында бастайды.
Қазір дәріхананың ішіне кірсең, көзің жан-жаққа жүгіреді. Жасыңа, өмір салтыңа байланысты түрлері де қойыма дейін. Арасына өтірік пайдасы жоқ қи қоса салса да байқамайсың ғой.
Бағасы да әртүрлі.
Қарапайым, құтысы 100-150 теңге тұратын ревит, ундевит, аскорбинкалардан бастап, 3000-ға дейін баратын мультидәрумендер комплексі бар.

Соның ішіндегі өзім тәжірибеме сүйеніп, жиі қолданғандарыма шолу жасап жіберсем деймін:
Әрі қарай

“Сайлауға барасыз ба?” сауалнама қорытындысы


Алдыңғы күні “Сайлауға барасыз ба?” атты мақала жазған болатынмын. Ол жазбамда Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан шығатын ЛадаТВ газетінің сайлау қарсаңында кімнің сайлауға баратыны немесе бармайтындығы, бара қалған жағдайда кімге дауыс беретіндіктерін білу мақсатында сауалнама жариялағандықтарын айтып едім. Сөз соңында мен де баршаңызға өзімнің тарапымнан жасалған шағын сауалнамаға жауап берулеріңізді өтінгенмін. Міне, сол сауалнама уақыты аяқталды. Өйткені, таңертең, яғни қаңтардың 15 күні ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауына байланысты дауыс беру басталады. Еліміздің барша елді мекендерінде таңертеңгі сағат 7-ден, кешкі 8-ге дейін сайлау учаскелері өз есіктерін қалың электоратқа айқара ашпақшы.
Ал мен қазір сіздерге өзімнің шағын сауалнамамның қорытындысын жариялағалы отырмын.
Әрі қарай

Өз көңіл күйіңді білгің келеме?

Көңіл күй анықтайтын суретҚұрметті достар мына суретке қарап өзіңнің көңіл күйіңді анықтауға болады дейді. Егер сіздің жүрегіңіз тыныш болып, уайымыңыз болмаса сурет бір қалыпты тұрады екен. Ал, көңіліңізде қандайда бір кірбің болып мазалы болсаңыз сурет сіздің көзіңізге айналып тұрған секілді болып көрінеді. Дереккөз Намыс.кз сайтынан алынған.
Достар көңіл күйіңіңзді тексеріп көре жүріңіз.
Әрі қарай

МиниБлогкемп-1: Астана

Asaubota мен urimtal`дың жазбаларынан кейін, ертең Астаналық керекші/блогшы/қазақ интернетінің жан ашырлары бас қосуды шешті. Жиын барысында:
— Былтырғы БлогҚұрылтайдың нәтижесін саралап, биылғы Блогкемп форматын анықтаймыз.
— Астанада блогшылар шарасын өткізу жайлы кейбір мәселелерге тоқталамыз.
— Астаналық керекші/блогшылары болып бір-бірімізбен жақынырақ танысамыз.
Әрі қарай

“Ќазаќстан Республикасыныѕ Конституциясы” немесе Ата Заңды қорлағандарды кім жауапқа тартады?

… Күйдіргілер көп қой…
Жақында ҚР Дін істері агенттігі өздерінің интернет-сайтын ашты. Адресі: http://din.gov.kz Дұрыс қой енді. “Жаңа ғасыр”… 2012 жыл. Бірақ… Жалпы менің қаным қайнайтын кездер бар. Ол, мен біреуге қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін, ол тілде ақпарат алуға құқылы екенімді айтып жатқан кезде, екінші адамның “Орыс тілі ресми тіл. Бұл халықаралық тіл. Ұлтшылдық жақсылыққа апармайды. Өзгелер үндемей отырғанда, сенікі не?..” деген секілді, айналғанда өзімді кінәлі қылып, қазақ болғаның үшін мал болып кететін кездер.

Екіншісі, сол өздері айта беретін жаңа ғасырда өмір сүріп тұрып, мемлекеттік мекемелер мен банк жүйелерінде қазақ әріптерінің қате немесе мүлдем қолданылмауы. 2002 жылы алғаш жеке компьютеріме отырсам, содан есімде, Windows 98 жүйелері жаппай қолданылып тұрған кезде, қазақ әріптері шынайы проблема болатын. Бірнеше қазақ тілінің драйверлері бар етін. Біреудің қазақша шрифті екінші біреудің қазақшасын қолдамайтын. Үнемі конвертермен жүретінбіз. Қалай Windows XP шықты. Солай көзіміз ашылған етін. Оған да 10 жылдай болып қалыпты. Бірақ… Біздің мемлекеттік мекемелер өткен ғасырда қалып қойған сияқты. Күннің жадысы 2012 болса да әлі күнге дейін қазақша шрифттің проблемасымен отыр. Ағайын-ау, бұл не?

Өзгені қайдам, Ата Заңымызды осыншалықты күйге түсіру, мен үшін оны қасақана қорлаумен бірдей! Осыған жауапты адамды сотқа берер ме еді? Әттең жүргім келмейд, надандармен арпалысып. Қол астындағы мекеменің сайтында әріптер қандай болып шығып тұрғанын Қайрат Лама Шәріп көз салып қарамайды да ғой. Неткен жауапсыздық десеңізші?.. Саналарына берсін!
Әрі қарай

Дат, админ.

Негізі, ұстанымды еркін блог тұғыры деп алған екенбіз…
Не ғо, Одмин, жаңадан келген үлкенді-кішілі, өнер-ғылым академия-институттарының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілеріне және сол тектес фрилансер-құрдастарына арнап, бір қауымдастық ашып берген жөн шығар, ә?
Жабық қауымдастық болса да ренжімейтін шығар көбі…
Өздері тым жақсы боп тобымен келген екен, бір-бірін жетімсіретпейін деп… тобымен жүре берсін…
Әйтпесе, келгендер үкілеген үміттерін желге ұшырғандай болып, осы жақтағылар оларды менсінбегендей боп виртуалды Жаңаөзеннің алғышарттары басталып келе жатқандай ма өзі…

Негізі, той-томалақ кезінде де, үлкендер бір бөлмеде, жастар бір бөлмеде отырады ғо, типі сол сияқты… Ара-арасында жастар үлкендер жаққа келіп, сәлем беріп, өнерлерін көрсетіп дегендей, үлкендер өнерлі дегендеріне қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырса…

Сосын, биыл сайт ережелерін енгізем дегендей ниетің бар еді…
Ұсыныс: ережеге концепциясы келмесе ескерту (беташар, таныстыру, темаға кіргізу, пролог) ретінде Гастаның анықтамасын қойған дұрыс болар…

Тәртіп керек опшым. Демократия должна быть управляемой…
Әрі қарай