Куала Лумпурдан бір хабар

Жаңа жылдарыңызбен, құрметті оқырман!
Бұл Гүлекенің қайткені дерсіз, жаңа жылдың екі жұмасы өткенде енді құттықтап деп . Ештен кеш жақсы демекші, әрі өзімнің көңіл күйімде жаңа өзгеріс болып, түлеп жатырмын .

Өткен жылы, бар болғаны екі апта бұрын-ақ, бірақ аттай бір жыл өтіп кеткендей  сессия аяқталғанда, Гүлеке, шаршадың, демалып қайт дегенски Лондонға билет сыйлық алсам ғо деп армандаған болатынмын. Түйе сұрасаң, қой аласың демекші Лондонға емес, Куала Лумпурға сестрамның арқасында келіп отырмын. Бала-шағасының қызығына тоймай, дені мықты болсын апамның деп сөз реті келгенде алғысымды да білдіріп қоялын . Қазақ балдары бар Садық деген, Олжас деген мені күтіп алған, түнгі үйқыларын құрбан етіп, ол жігіттерге де алғыс шексіз

Енді қала жайлы айтар болсам, ұнады. Құдай-оу, халық деген он алты миллион тұрғыны бар Ченнайдан да көп қо  Сонда да, көзім сариден, шуриданнан демалып, неше түрлі сән үлгісін ұстанған, талғамның неше атасын көріп, көзім ляззаттанып жатыр. Әрине, бәрі тұрғылықты халық емес, мен сияқты туристтер. Неше түрлі тіл, ұлт өкілдері. Туристтерге қызмет еткен соң-ақ, сервистің жоғары, бағаның қымбат екенін түсіне берсеңіз болады.

Аралауды бастап жатырмын. Жұрттың көбісі такси, автобус ал деп кеңес береді, ал мен жаяу жүргенді жақсы көретін жан, жаяулатып жүрмін, баратын жерлер алыс та емес, таяқ тастам жерде . Баяғы группаластарымның айтқаны есіме түсіп кетті ғой, Гүлшаттың тиіп тұрған жері бес км деген . Сонымен, қазір аяқ деген көп жүрістен шаршап, ляззат алып отыр .

Мені таңқалдырғаны, сонша көп халық болса да, қаланың тазалығы, жаяу жүргіншіге жағдай жасалып, арнайы дербес коридорлардың қарастырылғаны. Сондай-ақ, көк талдар. Бір талды назарларыңызға ұсынайын, қабыл алғайсыздар  


Сосын, машина жолдың айналып, қиысып, домаланып, оранып кеткен веткалары көп-ақ, аж адасып қалу аяқ астынан. Айтпақшы, бұл жақта да кәріс, жапон болып жатырмын . Қазаққа ешқашан ұқсатпайтын шығар ешкім мені. Тағы да айтпақшы, бір моллға кірдім, енді қызылы көп, алыстан мен мұндалап шақырып тұрғасын қалай кірмей кетелін, оның үстіне музыка ойнап мен мұндалап тұрса . Кірдім де банкеттен шықтым , тура мағынасында. Жаңа фильмнің презентациясы болып жатыр екен. Не фильм, аты, заты не білмеймін енді, малай тілінде өтіп жатыр екен, қараааап тұра беремін бе деп көршіден сұрап білгенім сол болды қасымда тұрған. Әрі қарай қазбалап сұрауға шыны керек ұялдым. . Қызыл дорожка, фрак киген джентельмендер, кешкі көйлектегі ханымдар, оһ, көз айналады әсемдіктен. Тағының тағы бір айтпақшысы, мұсылман қыздар да көшеде зажигать етіп билеп жатқанын көріп, ух, ты?! дегенім тағы бар .

Көп сөйлеп кеттім ғо дим, ертеңге де қалсын деп әңгімені осы жерден тоқтаттым  

PS: Суреттер алдағы таңда көбінен болады, сөз берем
Бөлісу:

36 пікір

Altygradus
гүлдеп тұрған шын гүлдер ме ағаштағы?
Abilakim
Ондай гүлді ағаштардың Қарағандыда пайда болғанына 2 жылдан асты-ау деймін
VKM
вай, бальзаминка, лягушка-путешественница! Жақсылап демал!
AKY
рахатын-ай, Садық екеуің суретке түсіп іліңдерЧ
balzaminka
әрине, түсеміз, ілеміз Алла жазса
blackbeard
кеше түскенбіз негізі...
AKA
Қандай күшті, ол жақта күн жылы.  Жақсылап саяхаттаңыз, мұсылман қыздар туралы толығырақ мәлімет берсеңіз деп, өтініш айтайыншы.
balzaminka
Ыстықтан шығып, ыстыққа келдім ғо

Рахмет

Ол кісілер туралы не ақпар берейін?
urimtal
Букит бинтаңдағы молға барсаңдар, соның бірінші қабатында асханалар көп. Тамақ іздесеңдер сол жаққа баруға кеңес беремін. Әртүрлі ұлттық тағамы бар. Сосын малайлықтардың бір қызық шайлары бар еді. Соны да көрсең болады. Кішкене үндістандықтардың шайларына келеді негізі. Ислам өнері мұражайы мен соның айналасындағы өзге де мұражайлар қызықты. Малайзияның ежелгі дәуірі мен қазіргі тарихын түсіндіреді. Басқа да қалаларына, аралдарға барасыңдар ма? Мүмкіндік болса, Гентинг айландқа немесе Ланкави тәрізді бір араларына барсаңдар да жақсы. Қатты қызығып отырмын
Kipshakkyzy
Қандай күшті! Жап-жасыл әлем.Ана суреттегі тал өте ерекше әдемі екен.
araika
балдары
демеңізші… Тырнақ астынан кір іздегелі отырған жоқпын, өзгелер менен іздейді ме деген қорқыныш

Қыдыруды бастап кеткен екенсіз, Жаңа жылды қалай өткеріп жатқанын жаза отырсаңыз? Куала Лумпур деген қай жақ өзі , Гуглдан сұрап келмесем...
balzaminka
Арайка, не айтқың келгені тек өзіңе ғана айқын болып қалды
boztorgai
түйе сұрасаң, қой аласың

түйе сұрасаң бие береді
ұмытып қапсың ғой
balzaminka
Маке, естігенім, оқығаным, көргенім бойынша бие емес, қой
boztorgai
тым көп шегерім(!) жасап отырғаныңызды байқамай тұрсыз, менше
мемлекеттік шопингке қатысып жүрген болсаңыз бұлай айтпаған болар едіңіз
balzaminka
ок, сіздің дегеніңіз болсын
boztorgai
өз несібеңізді алдынала сонша кесіп не көрінді сізге
MickThatsMyNick
"Қазаққа ешқашан ұқсатпайтын шығар ешкім мені."
Бальзаминка келесіде шет елге барғанда «Мен қазақ қызымын және мені басқа азиялықтармен шатастырмаңдар!!! деген пұтболка киіп ал бірнеше тілде жазылған, сонда шатастырмас.)
balzaminka
MickThatsMyNick, шетелдің өзі тұрмақ, қазақтардың өзі қазаққа ұқсатпайды
madlen
Күштілеп дем алуға тілектеспін!
Zhan
Күшті саяхат. Басқа да суреттер күтеміз
Guka
Жаксылап демалыныз!!!
monti
уаййййй күчт кен, мен разы, сен үшін жақсы демал
Gulistan
Уау, мен армандаған ел мен қала!!! Жақсылап демал.
Елдің тазалығын естіп жүрміз ғой, сол көшелерін бұрқыратып шампуньмен жуатындары рас па?
КЛ — да қанша болмақсың? Сонда апаң да ол жаққа барып жатыр ма,әлде сенің жолыңа демеушілік жасады ма? Алдында билет құны 250 доллар дегенсің, ол біздер үшін, әрине арзан. Мүмкіндік болса, біздің атымыздан да қыдыра салшы, шоппингті де ұмытпа
balzaminka
апам қаржылай демеуші ғана бұл жерде, өзіне жол түспеді

Рахмет, демалдым жақсылап
Abilakim
Куала Лумпурде не хабар? Қазақстан деген елді біле ме екен тұрғындары?
balzaminka
Куала Лумпурдегі свежий жаңалық сол, Гүлшатты Үндістанға қайтарды

Жергілікті халық біле қоймады енді, туристтердің барлығы біледі екен мен сөйлекен . А, айтпақшы, сол жақтағы жергілікті тамильдер біледі екен, сол қатты қуантты
berkut
Керемет! ел аралап жер көргенге не жетсін! Ол жақта ағаш гүлдеп тұр. Астанада сықырлаған аяз! орыстын шал-кемпірлері суға түсіп болғанша аяздың беті қайтпайды дейді білетіндер…
balzaminka
бал айына келммейтін болдыңдар?
TOTY
Бізде де қаңтар әніне басты…
balzaminka
ТОТҮ, ол да керемет қо, просто алтынның бар кезінде қадыры жоқ та