Ғаламтордың қара жамылған күні немесе SOPA мен PIPA-ға қарсылық


Қара жамылған күн

Бүгін, яғни 2012 жылдың 18 қаңтары әлемдік тарихта Ғаламтордың һәм Интернеттің қара жамылған күні болмақ. Қазірдің өзінде Wikipedia.org әлемдік ашық энциклопедиясының ағылшын тілі бөлігі, әлемдік ең ірі WordPress.com блогплафтормасы және бірқатар ойын алаңдары және Reddit жаңалықтар аггрегаты тұмшаланды. Одан өзге ірілі-ұсақты интернет-компаниялар мен Google, Yahoo секілді іздеу жүйелері де бұл қадамды құптап, өздері де үн қосуда.

Не болып қалды?
Әрі қарай

"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты «шампанға тапсырыс бердіңіз бе» деп бөгде бөлмені қағып шулатқам жоқ, 1 қабатта күтіп тұрдым.  Жалпы, осы Керекинфодан Сигма «Алматы кетті, Астана кепті» деген тәрізді ақпараттарды көзім шалғаны болмаса, таныстығымыз жоқ-тұғын. «Кофеманға» барып, 2 шыныаяқ кофені ұрттап қойып, біраз әңгіменің басын шалдық. Бүгін Әлекең келген жұмыстарын реттеп жатқан болар. Күннің аяздығы болмаса, жалпы Семей жұрты — қонақжай халық. Кешенің өзінде Сигманың пікірі осы маңда болды. Ел – жер көргенге не жетсін! Досымызға келген мақсаттарындағы істері оңға бассын деп тілейік!!!
Әрі қарай

ОСТАП БЕНДЕР ДЕГЕН КІМ?


Остап Бендер – Илья Ильф пен Евгений Петровтың «Он екі орындық» және «Алтын бұзау» романдарының бас кейіпкері, «ұлы комбинатор», «ақша алудың төрт жүзден астам әділ түрін меңгерген» кейіпкер. Білгіштердің айтуынша ол 1900 жылы 25 шілдеде сағат 20-дан 15 минут өткенде Одессада дүниеге келген. Оның өткен өмірі тұман сияқты, ешқандай анық дерек жоқ. Романның авторлары да оның қайдан шыққанына онша көп тоқталмайды. Тек қысқа да нұсқа жолдардан оның тегінің еврей екенін, кезінде саудамен айналысатын еврейлердің түрік болып жазылғанынан аз-маз хабар береді. Әкесінің аты – Ибрагим екен. Бұл еврейше Авраам деген сөз.
Остаптың ақшаны жақсы көретіні соншалықты, ол ақша табу үшін алаяқтықтың небір түрін меңгерген. Бірде ол алаңғасар ауыл адамдарының аңқаулығын пайдаланып, өзін шахматтан гроссмейстермін деп таныстырып та ақша тауып кетеді.
Аты аңызға айналған – Остап Бендердің бейнесі тұтастай ойдан шығарылған бейне емес. Ильф пен Петров мұндай ақылды алаяқтың образын сомдау кезінде Осип Бельяминович Шор бейнесін протипке айналдырған. Атақты Кеңес жазушысы Валентин Катаев (Е.Петровтың бауыры) «Осип- біздің одессалық достарымыздың бірі. Ол тамаша футирист ақынның ағасы болатын» деген деректер келтірген. Бір қызығы Ильф пен Петров осы прототиптің бойындағы барлық белгілерді Бендерге көшіре салған десе де болады. Мысалы, Осипті достары көбінесе Остап деп атаған. Шор да 1899 жылы 30 мамырда күн сәулетті Одесса қаласында туған. Қалалық мұражайдан тіптен оның тұрған көшесі, үй номері және туу туралы куәлігінің көшірмесі де табылған. Енді шынайы өмірдегі Осип пен кейіпкер-Остаптың өмір жолын тізбектесек тоғысатын жерлері де көп екен. Қалтасында көк тиыны жоқ Осип-Остап он жеті жасында император Николай-І атындағы Технологиялық институтқа түсу үшін Санкт-Петербург қаласына келеді. Алайда, Осиптің студенттік жылдары ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылдың 17 қарашасынан 1919 жылдың 13 қыркүйегіне дейін ғана студент атанған ол өзінің өмірбаянындағы бұл кезеңдерді жиі еске түсіре бермейді екен. Оның немере әпкесі Эльзаның айтуынша Остап Питерде қатты ауырып қалады. Бірде ол айнаға қарап тұрып «бөлмеге біреу кіріп кетті» деп шыңғырады. Өз бейнесін өзі танымай қалған Остап осы сырқаттың салдарынан Одессаға қайтып оралады. Бірақ Санкт-Петербургтен Одессаға дейінгі жол табаны күрестей тоғыз айға созылады. Бұл уақытта Осип алаяқтықтың небір түрімен айналысады. Тіптен мұрнына шахматтың иісі бармаса да ол өзін атақты гроссмейстермін деп таныстыратыны да осы кезең. Қолына қылқаламды қалай ұстауды білмесе де пароходқа суретші болып орналасады. Сөйтіп, Волганың бойын жағалаған бұрынғы студент Одессаға келген соң басқа жақта бастан кешкен оқиғалары туралы өзінің достары Илья Ильф пен Евгений Петровқа айтады. Міне, осы кезде олар басында болашақ роман туралы идея туады. Ал, кейіпкердің аты әлемдегі ең атақты қол жуғыштар мен унитаз сататын атақты «Тарас Бендер және ұлдары» деген фирманың атауынан алынады. Басында Остап Бендер романда «Мүмкін Сізге енді ақша тығулы жатқан пәтердің кілтін берермін» деген бір ғана фразамен «өтпелі фигура» болатын. Артынан Петров «біз үшін Бендер мүлдем тірі адамға айналғаны соншалықты, ол әрбір тарауға сыналап кіре бастады. Ал, біз ештеңе істей алмадық» деп жазды. Өзінің «сыңарының» табысын көрген Осип Шор нағыз Бендерше Ильф пен Петровтан «өз образын пайдаланғаны үшін» ақша төлеу керек екені туралы жиі айтатын. Бірақ жазушылар одан қалжыңдап құтылады екен…
Бірақ өмірдегі Осиптің «өзінің» Остапынан айырмашылығы – Осип Шор ұлы комбинатор бола алмады. Бірақ қылмыстық іздестіру қызметіне кіріп, ең мықты жергілікті «бендер» бола білді. Тіпті қылмыс әлемінің Осиптен сескенгені соншалықты, оны өлтіру үшін олар адам да жалдады. Бірақ қылмыскерлер өз ойлағандарына жете алмады, есесіне қылмыскерлердің оғына «опердің» бауыры ілікті. Бауырының өлімінен соң ол қылмыскерлердің ортасына өзі келеді де, опық жеген кісі өлтірушінің көзіне қарап ұзақ тұрады. Содан соң… кешіреді.
Сталиндік репрессия кезінде НКВД-да істеген Осип өзін өте әділ қызметкер ретінде таныта білді, өзінің көптеген әдебиетші достарын, оның ішінде Юрий Олеш те бар, тұтқындаудан аман алып қалды. 37-ші жылдың аяғында өзінің досын алып кетуге «қара қарға» келгенде Осип әріптестеріне қарсы төбелес ашып, оларды соққыға жығады. Осы оқиғадан кейін оның өзін тұтқындайды. Бірақ, өмірдегі Осип те романдағы Остап сияқты қамаудан қашып құтылады. Соғыс жылдарында ол тері рагімен ауырады, өмірінің соңғы жылдары ол алысқа қатынайтын поездарда жолсерік болып істейді. Біраз уақыттан соң Шор қатарынан екі рет инфаркт алады әрі бір көзінен айырылады. Оның жерлестерінің айтуынша, ол өзінің әдеби сыңары Остаптан жарты ғасыр артық өмір сүріп, 1978 жылы маусым айында дүние салады.
Тарихқа жүгінетін болсақ Ильф пен Петровтың өздерінің айтуынша «Он екі орындық» романының соңын аяқтау әжептеуір әбігерге айналыпты. Тең авторлардың арасында Остапты «өлтіру» керек пе, жоқ «тірі қалдыру» керек пе деген дау туындайды. Ең аяғында екеуі жеребе салуға келіседі. Сөйтіп олар шәй ішіп отырып, қант салғышқа шиыршықталған екі қағаз салады. Көздерін жұмып отырып, суырып алғанда адамның қураған бас сүйегі салынған қағаз шығады да, жарты сағаттан соң ұлы комбинатор «өледі».
Қазіргі баспасөзге сенсек, Минск облысында орман ішінен Остап Бендердің есімі жазылған естелік тақтайша табылған. Онда «Остап Бендер. 1897-1931» деген жазу бар екен.
Әрі қарай

Орынбор қаласындағы парктердің біріне етікші Оңғарбайдың аты берілуі тиіс!

Түрксіб магистралінің Орынбор арқылы қазақ даласын басып өтуі — заманының өр тұлғасы, би, қоғам қайраткері, юрист, көріпкел, вуду, оракул Мөңке бидің ерен еңбегі делініп жүр. Атақты дуалы ауыз би туралы Халықаралық ғылыми конференцияларда қанша қазы-қарта желініп жүр. Бірақ сол бір теміржол тарту оқиғасында үлкен рөл ойнаған ірілі-ұсақты оншақты адамның бірінің де аты аталмайтыны кәдімгідей қынжылтады.
1908 жылы Мөңке би теміржолды қазақ даласы арқылы бұрып әкету мақсатында Петерборға жолға шығады. Алдымен отарбаға отыру үшін Орынборға келеді. Келсе — билет жоқ екен, компьютерде отырған қыз, билет — алдағы он бес күнде де болмайтынын тағы айтады. Сол кезде вокзал маңында етік ләпкесін ұстайтын жергілікті Оңғарбай деген қазақ мұңайып тұрған Мөңке биге жақындап:
Әрі қарай

Әміре Қашаубаев - қазақ ән өнерін бір сатыға көтеріп тастаған адам

Өз ерін елемесе, ел кемеңгерді қайдан алсын деп жатады ғой. Кейде осы сөзді отырып та айтып жатады. Мен бүгін өз әңгімемде Әміре Қашаубаевтың тұлғасына тоқтала кетсем деймін. Сонымен, тоқталайын. Тоқтадым.
Қазақ халқы Әміре Қашаубаевқа дейін Шығысынан — Шыңжаңға дейін, Батысынан — Орынборға дейін ғана ән салған халық. Би де билеген халық, бірақ біз Әміре Қашаубаев туралы айтып
Әрі қарай

4 сағат өлең тыңдаған жігіт ауруханаға түсті


Алматы қаласының кафеде есінен танып қалған бір студент жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға түсті. Оқиға кеше Қорқыт-ата кафесінде болған. 2-курс студенті Аян Өтей 4 сағат бойы дос қызының өлеңдерін тыңдаймын деп, жүйкесі шыдамай есінен танып қалған. №2 қалалық ауруханада жатқан жас жігіттің жағдайы қазір түзеліп келеді дейді дәрігерлер.
Әрі қарай

1 миллиард жылдық пароль, епті

Казлайфтың бір сілтемесі арқылы өтіп құпия сөзімнің қаншалықты қауіпсіз екенін білмек болғанмын. Сөйтсем, менікін 1 миллиард жылда бұзуы мүмкін екен.

Өзіңіздікін тексеріп көргіңіз келсе

Епті, тура осылай болса менің құпия сөзімді Қарасақал қайдан біліп жүр? Әлде, 1 миллиард жылға сәйкес келіп қалды ма?
Очм, мені Қазлайф алдап соқты
Әрі қарай

Енді кімнің твиттерін оқимыз?

Қош, сонымен… Мәсімов… Қош… Қош, делік…
Енді кімнің твиттерін оқимыз? Мұртты премьердің премьерлік дәуірі аяқтала ма? Жоқ әлде басқа мұртты жұртты жарылқай ма?
Алдағы сағаттарда «керекинфодан» оқыңыздар.
Әрі қарай