Орынбор қаласындағы парктердің біріне етікші Оңғарбайдың аты берілуі тиіс!

Түрксіб магистралінің Орынбор арқылы қазақ даласын басып өтуі — заманының өр тұлғасы, би, қоғам қайраткері, юрист, көріпкел, вуду, оракул Мөңке бидің ерен еңбегі делініп жүр. Атақты дуалы ауыз би туралы Халықаралық ғылыми конференцияларда қанша қазы-қарта желініп жүр. Бірақ сол бір теміржол тарту оқиғасында үлкен рөл ойнаған ірілі-ұсақты оншақты адамның бірінің де аты аталмайтыны кәдімгідей қынжылтады.
1908 жылы Мөңке би теміржолды қазақ даласы арқылы бұрып әкету мақсатында Петерборға жолға шығады. Алдымен отарбаға отыру үшін Орынборға келеді. Келсе — билет жоқ екен, компьютерде отырған қыз, билет — алдағы он бес күнде де болмайтынын тағы айтады. Сол кезде вокзал маңында етік ләпкесін ұстайтын жергілікті Оңғарбай деген қазақ мұңайып тұрған Мөңке биге жақындап:
-Дізат, әбіржіп кетіпсің ғой? — дейді.
— Еее, қазаққа шырақ жағам деп, Петерборға бармақ ойыма үлкен бұтақ қойылды: белент жоқ екен — дейді Мөңке.
— Онда менікін ал мә, орыстан қатын алып, Рязаньдағы енеме барғалы жатыр едім. Қазақ үшін — өйткен енесін нақ! — деп, Мөңкеге билетін 2 сом күміс ақшаға бере салған. Сөйтіп, өзімізге белгілі Мөңке би мен премьер-министр Столыпиннің жүздесуі өтіп, қазір барлығымыз қазақтың кең даласының жүн шықпайтын төсін ерсілі-қарсылы басып жүрміз, геофил ептібайымайдтар.
Иә, билеттің өз құны — 50-ақ тиын, иә Оңғарбай — алыпсатар, өтірікші болсын-ақ! Бірақ бұл оның тарихымыздағы рөлін теріске шығара ма? Әлбетте шығармайды. Әке-шешеңңді таңдай алмайтыны сияқты, тарихи тұлғаларды да таңдай алмаймыз, ағайын!
Бөлісу:

14 пікір

Abilakim
мониторды сүртетін салфетка беріңдерші, шашырап кетті)))
KILYZAMAN
Сөйтіп, өзімізге белгілі Мөңке би мен премьер-министр Столыпиннің жүздесуі өтіп, қазір барлығымыз қазақтың кең даласының жүн шықпайтын төсін ерсілі-қарсылы басып жүрміз, геофил ептібайымайдтар. — байытсаңшы енді епті… Қыста қар бермейтін қатып қалған мұздай болмай...
Aldeken
Әке-шешеңңді таңдай алмайтыны сияқты, тарихи тұлғаларды да таңдай алмаймыз, ағайын!
көп нәрсені таңдай алмаймыз ғо, негізі… еркінблогтұғырынссс…
sammita

столыпин вагонының осы Столыпинге қатысы бар ма?
Marco
Қайран Оңғарбай-ай!!! Атаңанәлеттің балалары қайда қарап жүр осыған дейін?!!! Қап-қап, әйелі орыс, баласы да орыс тәрбиесін көрген-ау, қазақ болса, баяғыда-ақ талай еңбек жазылып, көше түгіл бір ауылдың аты берілер еді!!!
qisyq
Сол керек өзіне! Намысы болса, қолақпандай қылып алып орыс-орманға жүгірмей, өзіміздің елдің-ақ күйеу баласы болып отыратын жөні бар ғой! Ынжық неме! Майдалығы, Мөкеңді алдап, билетін сатып жібергені сол намыссыздығын көрсетпейді ме! қазақ қашан алыпсатарлықпен айналысты! Батыр бабаларымыз найза алып, ел қорғаған, сауда ол… анау сарттың тірлігі! Тфү, сайтаааан!
Gastarbaiter
Иә, билеттің өз құны — 50-ақ тиын, иә Оңғарбай — алыпсатар, өтірікші болсын-ақ! Бірақ бұл оның тарихымыздағы рөлін теріске шығара ма?
Күрт сюжеттік беталыстарыңдыссс, пәтшағар Мына сюжет есіме түсіп кетті.
Жұрт «космонавт болам!» деп өсіп, бухгалтерлік есеп бітіріп, ақыры сантехник болып, ішіп кетіп жатқанда, мен ештеңе армандамай өстім. Рас: мен де ішіп кеттім.
boztorgai
қаржы үнемдемеяқ қорғасқа дейін бір-ақ тарту керек еді
Abilakim
кто едет в Абралы?