Бұл казахтардың орыстан басқа білгені бар ма?

Белгілі бір министрліктің қарамағындағы белгілі бір комитет белгілі бір жоба бойынша әлем әдебиетінің танымал шығармаларын қазақшаға аударыпты. Қуанып кеттім. Сөйтсем, ол қазақтар казахшалыққа салып, Американың атақты жазушыларының американ ағылшыншасымен жазған туындыларын қазақшаға орыс тілінен аударыпты. Осындай «через русский» аудармаларды көріп, О, әкеңнің жақсы баласы дейсің.
Әрі қарай

AKON feat Eminem - Мен Қазақпын

Ассалаумағалейкум Керекшілер. Өткенде Америкалықтардың — Мен Қазақпын деген өлеңі КерекИнфоға жарыққа шыққан. Енді Akon мен Eminem — Мен Қазақпын өлеңі. Қара бала Мен Қазақпын айтып жүр
Әрі қарай

DALLAS

Жаңа жұмыста отырып құлағыма бір жақтан бір таныс әуен келді… ары ойланып бері ойланып есіме түсірдім. Сөйтсем менің титімтай кезімдегі жұрттың бәрі қарайтын «DALLAS» деген сериалдан екен.
1998 жылы ау дим, біздің үйде алты кнопкасы бар цветной телевизор бар етін, оны алматыдан мамамның үлкен апайы беріп жіберген етін… сонымен қалай кеш батат жан жан жақ танитының бар танымайтының барлығы біздің үйдің цветной телевизорынан осы сериалды көретін.
менің де есімде негізі Пем (Бобидің қатыныше) деген кейіпкердің түсін бір ай бой көргенім )
Әрі қарай

Ешкі жетектеген он тоғыз

Сайтымыздың белді мүшесі qisyq -тың «Ашық хатына» ақталу

Мүштәр Мақановтар өзі бойкүйез бәле боп жабысты: саясатта жолы болмаса — тілге қайтып келе салатын боп алыпты.
Арызқой амиго асқан байқампаздықты талап ете бермейтін әдіспен, сайттағы кейбір әрекеттерімнің шетінен тартып-тартып, Болат ағайдың сүйікті ісі — жеке басқа табынушылықты дәріптеуге балап қойыпты.
Дәл сол уақытта, посттарымның көзге күйік болып алдыңғы бетке шығып кетуінде қарапайым ғана
Әрі қарай

Кітап оқудан жалықпау

Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, қажетсіз флуд, өзін дамытуға арналған мәтіндер. Бірақ, соларды оқудан ешкім “ләззат” алмайтын сияқты. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар осы күйге жетпей тұрып, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей. Бірнеше артық сағат қосылса, барлық көздеген кітабын оқып тастайтындай елестетеді. Бұл оқу жылдамдығы мен сапасын арттыруға арналған мақала емес. Керісінше, оқудың сиқырлы магиясын жоғалтып алмауды көздейді.

Блог - e_zhalgas: Кітап оқудан жалықпау

© фото

Бәрі бірнәрсеге тіреледі. Әркім кітап оқудан ләззат алуы тиіс. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен.

Осыны оқыса, көмектесетін шығар.
Әрі қарай

20-ғасыр басындағы Америка гангстерлері. Төртінші бөлім

Жалғасы. Басы бірінші, екінші және үшінші постта.

Қылмыскер әйелдер туралы постымды жалғастырайын.


Мафияға жұмыс істеген жезөкшелер. Мейрамханаларда бай клиенттермен танысып, олармен кездесіп жүреді. Уақыты келгенде махаббат ойындары қызыл қырғынға ұласып, құрбандардың пәтерлері түк қалдырмай тоналады.
Әрі қарай

Ашық хат

Керекинфо еркін блог жүйесінің админі
Аршат Оразовқа!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде үшінші орында тұрған
Әбіләкімге!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде төртінші орында тұрған
Патикке!
Керекинфо еркін блог жүйесінің қолданушылар
рейтингісінде бесінші орында тұрған
Гастербайтерға!
Күллі керектіктерге!
Барша Керек жұртына!


Ашық хат
Әрі қарай

Айтыңдаршы неге? (Tell Me Why?)


Сілтеме www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=pBMuyFGhGF4

Айтыңдаршы неге?

Түсімде ән салған балалар
Әрбір ұл мен қыз үшін сүйіспеншілік әні
Ол жақта көк аспан, жасыл дала
Ал күлкілері — әлем тілдерінде
Сосын мен оянып, бар көргенім
Мұқтаж адамдарға толы мына дүние

Әрі қарай

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат



Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады.

Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а деп мұңайғаннан басқа ештеңе қалмайтын сияқты.
Әрі қарай