Бұл казахтардың орыстан басқа білгені бар ма?

Белгілі бір министрліктің қарамағындағы белгілі бір комитет белгілі бір жоба бойынша әлем әдебиетінің танымал шығармаларын қазақшаға аударыпты. Қуанып кеттім. Сөйтсем, ол қазақтар казахшалыққа салып, Американың атақты жазушыларының американ ағылшыншасымен жазған туындыларын қазақшаға орыс тілінен аударыпты. Осындай «через русский» аудармаларды көріп, О, әкеңнің жақсы баласы дейсің.

Гастарбайтердің алдын орап кеткен қандай сабаз болды ағалшыншаның түбін түсіретін деп ойлап едім. Өйткені ағалшыншасы тәуір, өзіне сенімді Асқар шетелдік (ағылшын тіліндегі) романдарды қазақшаға аудару ниетінің бар екенін жазып еді. Сөйтсек, Асқарда уақыт, шенеуніктерде ұят жоқ екен ғой.

Иттірлік-ай… сонау жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялылары орысша шығарманы орысшадан, парсы әдебиетінің туындыларын парсы тілінен (араб тілінен, түрік тілінен) аударған. XXI ғасырда адамдардың сауаты ашылып, ағылшын тілін еркін меңгерген қазақтың сауатты ұл-қыздары бар болғанына қарамай, ағылшын тіліндегі туындыны қазақшаға орыс тілінен аударғанын көріп, аудармаларың құрысын деуден басқа айтарым болмады. Бір еңбекті американ ағылшыншасынан орысшаға аударғана туындының түпнұсқалығы бұзылады. Ал бұзылған туындыны қазақшаға аударғанда мағынасы тағы бір мәрте бұзылады.
Бөлісу:

15 пікір

e_zhalgas
иа, аударма арқылы жасалған аударма мүлде басқа аударма болып шықса керек
Zako
Соған аударма ісіне жауапты шенеуніктердің бастары (мазгілері дейді ғой) жетпеген бе деймін. Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін Ағылшынша білмесек те орысшадан аударайық деген заман қазір.
Gastarbaiter
тарылма, достым, тарылма. мен өзім қуанып отырмын. Ал алдын орау мәселесіне келсек, әдебиет әлемі жылдан жылға, гометриялық прогрессиямен өсіп жатқан ұшы қиыры жоқ ғалам. Оның тек қаймағын аударудың өзіне гастарбайтердің мыңын жалдаса тауыса алмайды.
Gastarbaiter
Ия, бастысы процесс қарқын ала бастады. Ал біреуге ұнамаса, альтернатив аударма жасау мүмкіндігін ешкім шектеген жоқ әлі.
Бір мезгілде бірнеше аударма версияларының қаз қатар сиысып өмір сүруі орыстарда қалыпты жағдай. Пастернагынссс, әурешілікке салынбайық дегенім ғой.
Кезінде Крыловтан айтулы зиялыларымыз мысалдарын аударған, ал ол өз кезегінде еуропалық мысалдардан аударғаны бар.
Baha_07
Саны бар да сапасы жоқ аудармаларды оқып жүрген адам аз… кітап бетін ашпайтын қазақ баласы қанша?! қазыр кітаптан көрі интернет пен агенттің дәурені журіп тұр… бірақ бұл екеуінен өзіне керек пен керек емесін сараптап, дұрыстап алып жатқандары тағы шамалы…
Baha_07
Мен өзім студентпін...қазақша оқулықтар жоқтың қасы… болса да сапасын айтуға тұрарлық емес...ғылыми белгілі бір сала бойынша жазылган кітаптың тілі сол мамндық тіліне мүлдем ұқсамайд...әдеби шығарма тәріздес боп кетіп жатады… бұл да бір аудармашы мырзаларымыздың назар аударатын жері деп ойлайм…
Gastarbaiter
Енді… кітапты планшеттен оқып жүргендер де бар ғой. Кітап бетін ашып оқымайтындар бәрібір Абай заманында да аз болған жоқ.
Baha_07
Қайдам жай әшеін әдемілік үшін… жұртқа өзінде басқа еркше бірденке бар екенін көрсеткісі келіп ұстап жүргендер көп қой… оқиын білім алайын деп жүргені шамалы… фото, видео, ролик қарағанына мәз… бұны өтрік дей алмайтын шағарсың?!
Gastarbaiter
Ондайлардың бары жағдайды еш өзгертпейді. Жастардың басым бөлігі арақтан көрі сыраны жақсы көреді екен деп, арақ индустриясы жұмысын тоқтатып отырған жоқ. Америка кітаптарды жылына пәленбай тонналап шығарады, айналымы да жаман емес. Киноиндустрия да шабытын кітаптардан алатыны белгілі.
Және тағы ьір нәрсе, кітап оқуға қызықпайтындарды араластырып қажеті жоқ. Кітап мәселесі олардың емес, сенің бас ауруың. Олар былай да бақытты.
Baha_07
Қажеті бар жоғын әркім өзі біле жатады… ой білдіруде тұрған ештеңе жоқ№№№олай бөлінбеген жөн болар…
Zako
Айтақ, айтақ. фст
Gastarbaiter
орынсыздау ма деймін
satibaldi
аудармаларды көріп, О, әкеңнің жақсы баласы дейсің.
Неткен дөрекі, анайы, тұрпайы жетесіз сөз! Мәдениет ауылыңа келгенмен, қонақ үйге түнеп таң ата тайып тұрған екен.
Janasil
Бұл жерде мәселенің бір шеті ақшада секілді.
Екі тілде шығарды ма демек екі есе ақша бөлінеді. Қалтаға да екі есе ақша түседі деген сөз.
meirzhan
Бір тілде шығарды ғой.