Шалдардың бәсі

Бала кезімде атамның атының артына мінгесіп тарауық намазына баратынмын. Соғысты көрген үлкендердің бір шетін көріп қалдым соның арқасында. Бірақ бұл жазбаның соғыс көрген шалдарға қатысы жоқ. Менің атам 1936-шы жылғы. соғыс кезінде өгізбен жер жыртқан, тас диірмен тартқан бала.Нағыз балалығын ұрлатқан буын өкілі…
Әрі қарай

"АСҚАН АҚЫЛДЫ ЕМЕСПІН, ДЕГЕНМЕН..."

«Өмірдің барлық сәтсіздіктерін бақытсыздық» деп қабылдап, өтіп жатқан әр сәттің қадірін білмей, достық деген ұғымның не екенін түсінбей, шынайы махаббаттың бұл жалғанда бар екеніне күмәнмен қарайтын болсаңыз,

Әрі қарай

Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай, жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды

Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.

Өмірбаян: Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.
Әрі қарай

Ақтөбенің жаңа "тұрғындары"

Бүгін, Ойыл уақытымен сағат 12-30 шамаларында, Қобыланды батыр атындағы стадионда Ақтөбе футбол клабының жаңа ойыншыларымен таныстыру рәсімі болып өтті. Осы рәсімнен фотоүзінді:
Әрі қарай

«Қара киімді әйелмен» түн өткізген Гарри Поттер



Сықырлаған еден, жабылып, ашылмай қалатын есік, тірі пендесі жоқ үйдің екінші қабатындағы терезеден қарап тұрған әйел, айдалада салынған алып үй, музыкалы ойыншықтар… Бір қарағанда «Қара киімді әйелдің» (Женщина в черном / The Woman in Black) ерекше ештеңесі жоқ: көрдің, бір-екі рет бақырдың (бақырмауыңыз да мүмкін, алайда, жүрегіңіз зірк етпей қалмайды), ұмыттың, болды. Бірақ…
Әрі қарай

Керек...


Армысыз, ағайын менен апайын!

«Тойдың болғаннан боладысы қызық» дегенді енді сезініп жүргендеймін.
Былтыр сырттан ғана бақылап жүрген едік.

Кедесуімізге сегіз күн қалды. Жан-жақтан не істейік, қандай көмек керек деп сұрап жатыр. Қуантарлық жағдай. Аудиториялар, блокнот, қалам, кофе брейк, кітапшаларға қатысты мәселелер шешілді.
Сонымен қазір бізге не керек?
Әрі қарай

Қазақша интернет.



Сәлем достар!
Мен басқа қазақтар ұқсап қазақаша контенттің аздығына қатты аландаймын.
Менің ойымша интернет мемдер қазақша интернетке адамдар көбірек тартады сондықтан сонымен айналысқым келеді.

Мен орыс мемдерді келтірмеймін себебі олар америкадан қайталайды. Орыс мемдерді сізге аударып берген ол шайналған тамақты біреудің аузына салумен тең.
Бүгін параноидты тотықұс жайлы сөйлесейік. Қысқаша айтқанда параноидты тотықұс өзіне сенбейтін, кішкене қуған адамдардың үстінен күлу үшін жасалған мем. Сіз осы тотықұстың қылықтырынан кейде өзіңізді танып отырасыз.

www.facebook.com/media/set/?set=a.275572629186668.66116.275550772522187&type=1

Достар Лайкты басамыз, пікір қалдырамыз. Мен үшін сіздің ойыңыз өте маңызды. Соған қарап мен бірнеше күннен кейін өзім үшін шешім қабылдауым керек — осы жұмысты жалғастырайын ба әлде тастайын ба.

Бәріңіз фейсбукта теркелдіңіз деп үміттенемін. Тіркелмесеңіз де суреттерді бәрі бір қарай аласыз.

Бүгін кешке үйге барып көбірек суреттерді саламын.
Әрі қарай

Шимпанзенің ғылыми түйсігі


Терең әйнек шөлмекке салынып темір торға мықтылап байланған, тазартылған тәтті жаңғақты қалай алуға болады?

Зерек шимпанзе күлкі тудыра отырып, бұл мәселені көп ойланбастан, жеңіл шешімін тапты. Ал сіз не істер едіңіз?

Барлығыңыздың жауаптарыңыз біреу — шөлмекті сындыру

Ұят емес пе?

Енді қайсысың шимпанзені дамымаған мақұлық, ал адамдар ғана табиғат патшасы деп сендіре аласыңдар )))))??????
дейді мына бұтақбас
Әрі қарай