Беті ескірген қыз

Нәзік жанды ақын Д-нің Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқытушы боп қызмет істейтін кезі. Алабұртқан жастық шақ, көзі мөлдіреген студент қызға ғашық болады. Аудиторияға кірген бетте көзімен сол қызды іздейді. Амал жоқ, отбасы бар, «Әттең тонның келтесі ай»,-деп телміреді де қояды. Арада он шақты жыл өтеді. Д. жұмысын ауыстырған. Елге танымал ақын. Алматыға барған сапарында әлгі нәркес көзді қызды кездестіріп қалады. «Аға, мен сізге ғашық болатынмын, сіз маған үздігіп қарайтын да отыратынсыз»,-дейді шәкірт қыз ақтарылып. Бір-бірінен адасып қалған сезімдердің табысуына кеш. Осыны әңгімелеп отырған Д-дан достары әлгі қыз қалай, өзгеріп пе деп сұрайды ғой. Сонда, Д: «Өзгермепті. Тек беті ғана ескірген»,-деп жауап беріпті.
Әрі қарай

Астана шынында да Венеция болғысы келіп жүр

Өткен сенбіде өткен жауын елорданың коммуналдық қызметтеріне тағы бір ескерту жасады. Түс ауа басталған жаңбыр көше-көшенің бәрін суға толтырды. Су болғанда қандай. Көліктер жүріп емес, жүзіп өткендей көріністе. Адамдардың көбісі бірінші кездескен ғимаратқа кіріп паналаса, асыққандары малмандай су болғандарына қарамастан жүгіріп бара жатыр.
Есесіне такси айдағандардың тілеуі берді. Аялдамаға жете алмағандары солардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Бұған дейін айдың басында дәл осындай жауын болып, қаланың біраз жерінде көлік жүре алмайтындай жағдай орын алған болатын. Сол кезде тіпті кейбір жаңа ғимараттардың да шатыры су ұстамай қалған. torgai.kazjur.kz/2012/06/29/%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0-%d0%b2%d0%b5%d0%bd%d0%b5%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0-%d0%bc%d0%b0/
Көшедегі су тартқыш шұңқырлардың барлық суды сорып үлгірмеуі – коммуналдық қызметтердің жұмыс істемейтіндігін көрсеткендей. Таксиге артық ақша жұмсап, көліктерін жөндетуге ақша шығындағандар болса – қала билігіне рахмет айтыңыздар. www.youtube.com/watch?v=mxjv25S4Rsw&feature=youtu.be
P.S. Ең дұрысы осы кезден қайық сатып ала беру керек пе деп ойлап қоямын. Кім білсін…
Әрі қарай

Дұниедегі ең ұлкен қазақша Тілдегі Ақпарат қайнары

Дұниедегі ең ұлкен қазақша Тілдегі Ақпарат қайнары

Ең ұлкен ақпарат арнасына келіңіздер

Дұниедегі ең ұлкен қазақша Тілдегі бақ — яғыни Ең ұлкен амбебап ақпараттар арнасы еларна сайыты. Бас беті: www.elarna.com/
кірілше беті: www.elarna.com/kz.php
тоте жазу беті: www.elarna.com/tote.php

Бұнда кұніне 400---1000 дана ақпараттар легі қамдалып отырады, ақпараттар мазмұны аса мол, жилыгы жоғары сайыт, еш жаңаліқпен, ақпараттар, басқада құнды дұниелер еларнадан тыс қалмақ емес, дұние ағімімен бірге алға жұрмек болсаңыз, еларнада болыңыздар.

Бұл хабарламаны басқа достарыңызға, таныстарыңызға, йнтернет не басқада жолдар арқылы таратыңыздар, рахімет.

Ассаламуғалайкұм, құрметті оқырмандар! ел-арна торабы қазақ тіліндегі ақпарат-йнформатсиа, газет-журналдар жане жаңаліқтармен қамдаушы ең ұлкен тор жұйесі. Бұл торда қазақстандағы 30 дан астам ең ұлкен, ең ықпалды ақпарат-йнформатсиа қамдау жұйелерімен арналарының әр кұн, әр сағаттағы сылауиан арпінде жазылған нұсқасынң тоте жазу тұрдегі нұсқасын лезде ауелгі сылауиан нұсқасімен дерлік ұқсас уақыт, бір қадаммен қамдайды. Мазмұндары: алем жаңалықтары, қазақ елі аңалықтары, газет-журналдар, аңгіме-романдар, спорт жаңалықтары, ислам ақпараты, ғылым жаңалықтары мен қазақ халқының ұлыттқ құндылықтары.
kazakh.ru kaynaeri: www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=152750
www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=152749

Тег:
elarna
Әрі қарай

"Каспий" тобы - Жаз не деді?!

Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен.
Әрі қарай

Неге блог жүргізе бастадым?

Қазақ тілінде ешқандай мәселе жоқ, оны қолданып жүргендерде қиындықтары бар..(оның ішіне өзімде кіремін) ұзын сөздің қысқасы, тілдің қолданысының тағы бір аспектісі бар, оны қолданатын адамның тілді қолданудағы тәжірибесін қалыптастыру деген. Әрі ойымды жалғастырғым келмейді… тақырыбымнан ауып кетемін.

Блог платформаларды тек блогерлер ғана оқымайды, тіркелмеген "қонақ" болған интернет аумағында қажет ақпаратын іздеп жүрген қолданушыларда оқиды. Оған әбден көзім жетті. Жеке сайт ашсаң оның қолдауы бар (аз болса да тиын), ең бастысы келушілерді қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет етеді. Ақпарат іздестіру жүйелері ең бірінші «кілт сөз» бойынша көп қаралатын беттердің тізімін жасайды, интернет қолданушының психологиясы іздестіру бойынша шыққан бірінші беттегі ақпарат көздеріне сілтемені қарайды («бірінші бетте ашылсын» деген оймен өзің орналастырған ақпаратты өзің сағат сайын іздестірмейсің ғой).
Интернетке деген «тұтынушылық» көзқарас барлары қаншалықты, мүмкін жазбаларымды оқып «одан да күшті жазармын» деп жазбаларын жазып жатса тіпті күшті болар еді.

Өз деңгейімде, шамам келгенше жазбаларымды жазып жүрмін. Жаман болсын, жақсы болсын. Орыс тіліндегі шығармалардың үзінділерін (олардың көбісі шет тілден орыс тіліне аударылған, әттен шет тілдерін білмеймін полиглот емеспін, оригиналға не жетсін..) қазақшаға аударып жаздым. Тағыда ойымды қайталайын, жазбаларымды тек блогерлер ғана емес, интернет із кезушілеріне де арнап жазамын.

Жоғарыдағы жазылғандарға қосымша. Керекинфоның тұрақты қолданушыларына алғысымды білдірем, сын -сапаны арттырады, сіздерге алғыс (сауатымды ашып жатырмын).

Қазір Медеу Сәрсекенің шығармаларымен танысу әрекетіндемін (қазақ тіліндегі «фантастика», кейінірек детективтерін іздеймін)
Әрі қарай

Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғассын!

Александр Винокуров — Лондон Королі
(Еуроспорт комментаторы)



Александр Винокуров Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанға алтын сыйлады. 250 километр қашықтықты 5 сағат, 45 минут, 57 секундта аяқтап, финишке бірінші болып жетті!

Керемет жаңалық, керемет сыйлық! Кейінгі спортшыларымызға дем беретін, рух көтеретін керемет жеңіс! Құтты болсын алғашқы медаліміз!
Әрі қарай

Қазақ тілі жайлы кішкене ойым

Сәлемім сіздерге «Керек инфо»! Тіл туралы жазғым келді.Қазақ тілі жайлы.Жалпы, адамзаттың тілін әр түрлі тұрғыда қарастыруға болады.Мысалы, «тауар» есебінде.Егер тауар сөреде тұра берсе, не болады?Әрине, сақталу мерзімі өтіп кетеді, пайдалануға жарамай қалады.
Сол сияқты,"Қазақ тілін" тауар ретінде қарастырсақ, тіліміз сұранысқа ие ме?Қаншалықты сұранысқа ие?Қандай салаларда аз қолданылады? Неге ол салада қазақ тілі дұрыс дамымай жатыр?
Сіздің ойыңыз қандай?
Әрі қарай