Кинопати: Эльвира & Жалғас


Керекинфоның белгілі қолданушылары: e_zhalgas пен aikarakoz бірінен кейін бірі қатарласа дүниеге келіпті. Кеше, 26-қыркүйек күні Жалғасты «жумайсың ба е» деп мазасын алсақ, бүгін Эльвираға ақ тілектер боратып жатырмыз.
Әрі қарай

Хабарландыру

Алматылық блоггер һәм флудерлер, трольдар, жалпы интернет қолданушыларға хабарландыру. Алматыда Timur Bektur жүр. Иә, иә әйгілі Тимур Бектұр. Бүгін түнгі 1-де Атырауға қайтады.
Тимекеңді білетіндер, көргісі келетіндер, ақыл-кеңес алғысы келетіндер бүгін кешке көріп қалу мүмкіндігі бар. Тимурдың келуін сылтауратып wordpress-тің Қазақстаннан қайтқанына ас әрі мини құрылтай өткізіп жіберсек (ас, құрылтай дегенге бәйге тамашалап, қымыз ішіп, тегін тамақ жеп, артынан нашар өтті деп өсектегенге сылтау табылды-ау, деген ой тумасын.) деген ой бар. Жиналатын орын, уақыты: Соны халық болып шешу керек. Ұсыныстарыңды күтемін. Жалғас Ертайға гүлдеріңді (сыйлыққа мәшиненің, пәтердің кілті дегендер де жарай береді) ұмытпаңдар. Бүгін туған күні.
Әрі қарай

Кездейсоқтықтан пайда болған 10 өнертабыс (жаңа құрылғы, элемент, т.б.)

Әрине, көбіне жаңалықтардың барлығы да ғылым қуып ізденудің немесе адам өмірін жеңілдету мақсатында ойлап табылатыны рас. Бірақ, прогресс барлық жаңалықтың мақсаты болды дей алмаймыз. Кейбір таңғажайып идеялардың өзі кездейсоқтықтан туындап жатады. Сонымен, назарларыңызға кездейсоқтықтың арқасында ашылған 10 жаңалықты ұсынамыз.

Әрі қарай

Қайтқан малда береке бар

Сенбі күні Апрттың туған күніне арналған мерекеге сіңілілерімді апаргам. Сол жерде телефонымды ұрлатып алған едім. Дүйсенбі күні номерді қалпына келтіруге (восстановить) уақыт болмай кеше кешке номерімді шығарып алдым да телефонға салсам «От 87ХХ ХХХ ХХ ХХ Anti-theft has detected SIM change» деген смс алдым да звондадым сол номерге. Акцентпен сойлейтин хачик алды трубканы. Телефонымды кайтар давай а то менттармен барам каз десем тел ды коя салды да бираздан кейн ози звондап менттарды араластырма каз тел ынды кайтарып берем деди. Енди телефоным колымда отыр )))
Айтпакшы менин телефоным мынадай болатын

Телефоным кымбат емес болса да кайтарып алганыма куанып отырмын
Әрі қарай

Ая қыз. Алматы

Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,
Сағынды ма екен Семейдің самалын-мамық.

Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,
Семейдің ерке елігін жылатқанына.

Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын — қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған.

Құшағына алып «Періште», «Періні» кілең,
Құшатын еді даңсалы еріні бір ем.
Көз жасын қыздың қорқаудай сіміріп жатыр,
Алматы енді арудан жеріді білем.

Сұлуға айтушы ең сырыңды, елден жасыра,
Үркіттің неге, елікті келген қасыңа.
Алматы ішті тойынып атаукересін,
Шөлі бір қанып Аяның кермек жасына.
Жақсылық Қазымұрат, 18.09.2009 жыл
Әрі қарай

Жүрек қылын шертетін дыбыс...

Өткен аптаның бір күнінде таңға жуық «тырс-тырс» еткен жаңбыр дыбысынан оянып кеттім. Далаға көз салып едім, аспанды торлаған бұлттың сейіле қоймағанын байқадым. Терезені ұрғылаған ерекше дыбысқа құлақ түріп жатып, көңілімді селт еткізер, маған ерекше әсер ететін дыбыстар туралы ойлай бастадым…

Жаңбыр дыбысын бала кезімнен ұнатамын. Аспанға бұлт үйіріліп, жауын сіркірей бастағанда терезе алдына барып ойға бататынмын. Ойыммен болашағыма бір саяхат жасап қайтатын едім. Ағаш атаулы мен асфальтті жарқыратып, көше шаңын басып тастайтын тырсылдаған сол тамшылар көңілімнің кірін кетіре алмайтыны өкінішті…
Әрі қарай

Қазақстан барысы - 2012 (фото)


Астанада Қазақша күрестен "Қазақстан барысы" турнирі өтті.
Турнирдің соңында Жамбыл облысының өкілі Бейбіт Ыстыбаев 22 млн. теңге немесе 150 000 АҚШ доллары мен «Астана Моторс» тік­кен «Хюндай Соната» авто­кө­лі­гі­нің кілтіне ие болса, оның жат­тық­тырушысы Елдос Далабайға 50 000 доллардың сертификаты табыс етілді. Күміс жүлдегер Шалқар Жо­ламановқа 30 000 доллар, оның жаттықтырушысы Қанат Сүлей­ме­новке 10 000 АҚШ доллары, қола жүлдегер Айбек Нұғымаровқа 10 000 доллар берілсе, жат­тық­ты­ру­шысы Серік Қожыкенов 3 000 доллар алды. Сонымен бірге, 34 ба­луанның ішіндегі ең жасы Рүстем Жұмаевқа «Көрермен көзайымы» атанғаны үшін 10 000 доллардың сертификаты тапсырылса, «Астана Моторс» компаниясы «Қазақстан барысы» турнирінің қамқоршылар кеңесі мен жанкүйерлер арасында ойнатылған лотереяның же­ңім­па­зына тағы екі «Хюндай» көлігін табыс етті.
Әрі қарай

Интернет шоппинг. Төлем картасы

интернеттен тауарлар сатып алу үшін ең алдымен банктен арнайы төлем картасын ашып алуымыз қажет. бәріңізде жалақы алатын банк карталарыңыз бар болу керек, сол сияқты оған қосымша ретінде интернетте тауарлар сатып алу үшін арналған карта — виза виртуон картасын ашып алаласыз.
қазіргі уақытта ондай картаны барлық банктер жасап бере алады. бірақ карта ашар алдыңда мынандай кеңестермен танысып алыңыз:
картаны негізгі жалақы алатын картаға қосымша карта ретінде ашқан дұрыс, себебі бір банктен карта ашсаңыз, өз карталарыңыз арқылы ашқа аударулар көбінесе комиссиясыз болады. егер басқа банктен виза виртуон ашсаңыз, сол банктен негізгі карта да ашу керек болады, себебі виза виртуон картасы… ээ… карта ретінде берілмеу де мүмкін. оның орнына бір парақ қағаз беру мүмкін, сол парақ виза виртуон картаңыз ретінде болады. карта болмаған соң виза виртуон картасын банкоматарда пайдалана алмайсыңыз. сол үшін банк қызметкерлерінен төлем карточкасын ақша салу жолдарын біліп алыңыз, кассалар арқылы ма, терминалдары бар ма, және т.б. негізі ең жеңілі терминал арқылы. сосын банктің демалыс күндерінде жиналатын кезекке көңіл бөліңіз, кезегі үлкен банктерде карта ашпауыңызға кеңес берем. картаны ашар алдында, сол картаны шығаратын банкте интернет-банкинг қызметі бар-жоғын, оның пайдалану туралы біліп алыңыз. интернет-банкинг сізге қосымша мүмкіндіңтер береді, мысалы, ұялы телефонға бірліктер аудару, басқа да түрлі төлемдер жасау және т.б. әр банк картаны ашу уақыты әр түрлі, бір-екі күннен екі аптаға дейін. карта ашар алдыңда интернеттен оны пайдаланатын адамдардың пікірлерімен танысып алыңыз. картаны ашуға құжаттарды төлтыру кезінде мекен-жайыңызды дұрыс жазыңыз, әсіресе индексті.
UPD 25/09/2012 картаны теңге валютасында аша беріңіз, шетел валютасына автоматты түрде айырбастау жасалады
егер біздің банктермен жағаласқыңыз келмесе, виза виртуон картасын киви терминалдарынан ашып алуға болады, оның әрекет ету мерзімі шектеулі, және комиссиясы көбірек, бірақ оған ақшаны кез келген киви терминалы арқылы салуға болады, толығырақ ақпаратты интернеттен іздеңіз
негізгі кеңестерім осы
келесіде ерінбесем paypal төлем жүйесі, жеткізу түрлері, интернет дүкендер және т.б. туралы жазам
Әрі қарай

Сүйінші! Жаңа блог платформа: Төрлет.кз



Ассалаумағалейкүм!
Бүгін күн жақсы жаңалықпен басталып, жақсы жаңалықпен жалғасып отыр иншалла. Жаңадан блогтұғыр дүниеге келді Қарағанды жерінде. Төрлет.кз деп аталатын жобаның басы қасында жүрген — өзіміздің жігіттер Абзал мен Әбіләкім.
Сәттілік тілеп, Керектің жолын берсін дейік!
Әрі қарай