Жүрек қылын шертетін дыбыс...

Өткен аптаның бір күнінде таңға жуық «тырс-тырс» еткен жаңбыр дыбысынан оянып кеттім. Далаға көз салып едім, аспанды торлаған бұлттың сейіле қоймағанын байқадым. Терезені ұрғылаған ерекше дыбысқа құлақ түріп жатып, көңілімді селт еткізер, маған ерекше әсер ететін дыбыстар туралы ойлай бастадым…

Жаңбыр дыбысын бала кезімнен ұнатамын. Аспанға бұлт үйіріліп, жауын сіркірей бастағанда терезе алдына барып ойға бататынмын. Ойыммен болашағыма бір саяхат жасап қайтатын едім. Ағаш атаулы мен асфальтті жарқыратып, көше шаңын басып тастайтын тырсылдаған сол тамшылар көңілімнің кірін кетіре алмайтыны өкінішті…


Маған ерекше ұнайтын дыбыстардың тағы бірі – күннің күркіреуі. Менің білуімше, қарама-қарсы бағыттағы бұлттардың соғысуы нәтижесінде пайда болатын дыбыстан жануар атаулы қорқады екен. Найзағай ойнап, күн күркірегенде үй ішіндегілер айнаның бетін жауып. «пісмілләсін» айтып отыратын. Ал бұл дыбыс менің көңіліме қорқыныш ұялатпайды, керісінше мені ерекше сезімге бөлейтін.


Кейде оңаша қалып, қағаз бен қаламды серік етіп отырғанымда құлағымнан «сырт-сырт» деген дыбыс кетпей қояды. Ол сағаттың сыртылы емес, ол қыс айында қар үстімен жүрген кезде шығатын дыбыс. Бастауыш сыныпта оқыған мектебім мен тұратын үйден алыс емес еді. Көрші бала екеуміз мектепке қарай үйден бір мезетте шығатынбыз. Алайда аяғын асығыс басатын ол бала мектепке менен бұрын жетіп алатын. Ал мен аяғымның астынан шыққан қызық дыбысқа құлақ түріп, асықпай, аяңдап жететінмін. Кіндік қаным тамған жерде қалып қойған сол бір балалық шағымды сағындым…


Тағы бір ойға оралғаны: көбінесе нағашы атамның үйінде жүретінмін. Күндіз нағашы атамның жанынан айналшықтап шықпай, түнде апамның қасына жататынмын. Олардың бөлмесіндегі терезе алдында сирень ағашы өсіп тұратын. Таңда сол ағаш маңында «ән салатын» құстар үнінен оянатынмын. Бірден орнымнан тұруға ерініп, құстардың ерекше дыбысын қызықтап жататынмын. Одан бері он жылдай уақыт өтіп кетіпті…



Бұл күндері іссапарға шыққан сайын алдымнан кездескен өзен атаулының бойына тоқтап, өзен сыңғырын тыңдаймын. Судың жағаға ұрылғанда шығатын дыбысы да ерекше. Өзім суда жүзу білмейтіндіктен, қарап отырудың өзінен ерекше әсер аламын. Бұл Көгілдір бұғаз:


Тағы бір ұнайтын дыбыс – тыныштық. Түк бітірмей-ақ шаршап, көңіл құлазитын сәттер болады. Сол кездері адам атаулыдан аулаққа кетіп, тау басына шығып, көзіңді ең алыс деген нүктеге қадап отырғандағы тыныштыққа ештеңе жетпейтіндей. Ондай кезде жүрегіңнің дүрсілінен басқа ештеңе естілмейді…


Міне, бұл дыбыстар менің жан дүниемді тыныштандырып, өмірге деген құштарлығымды арттырады.
Бөлісу:

43 пікір

ademi_alem
Мүмкін сіздің де көңіліңізді ерекше күйге бөлейтін дыбыстар бар болар. Ол қандай дыбыс?
Armanjan
Тағы бір ұнайтын дыбыс – тыныштық
Әдемі жан, тыныштықта да дыбыс бола ма, қызық екен.
ademi_alem
Болады. )) Кейде тыныштық үні ең қорқынышты үн боп кетеді мен үшін, ал кейде ең ең ең әдемі үн болып кетеді. Көңіл-күйге де қатысты ғой.
Armanjan
Анау кәстрюлдің түбінде күйіп жабысып қалған тамақты шиқылдатып қырыв жатқандағы миға тиетін ащы дыбыс ұнайды. Сосын әкемнің ұйықтап жатып қорылдаған дауысы жаныма майдай тиеді.
ademi_alem
))))))
кәстрюлдің түбінде күйіп жабысып қалған тамақты шиқылдатып қырыв жатқандағы миға тиетін ащы дыбыс ұнайды
))))))
Korkem
 айтпайтыныңыз жоқ екен
Adiletshu
Иә. Тұмауратып жүргенде шулы жерден шығып тыныштыққа барсаң құлағында тыныштықтың дыбысы қатты шығады
Gastarbaiter
Мынадай жазбаны кім минустайтынын түсінбеймін.
aza
Телефонымдағы смс келгенін хабарлайтын рингтонның үні қатты ұнайды. Әсіресе, «Жаным» деп басталатын хаттар келсе)
Gastarbaiter
«Жаным, кеше айтуды мұткетіппін, карточкаңнан ақша алып едім норка ішікке, рахмет!»
dark_nazgul
«По вашей карточке совершена покупка на сумму ****** тенге. Магазин „Соболя“, адрес бла бла бла» деген варианты келсе ше?
Gastarbaiter
Бұл жерде «жаным» деген сөз кілтсөз боп тұр, хьюморыңа болайын
dark_nazgul
Әңгіме жалпы СМСтан басталды емес пе? кілтсөзшілін өзінің…
aza
Шынымен мен ойлап отырған адам болса, «жаным, сенің карточкаңнан ақша шешіп, машина алдым» десе де кешірем!
Aldeken
Енді тек, карточка ашып, пин-кодын ВКМ-ға беру қалды…
Aldeken
ааа, сосын карточкаға машинаға жететіндей ақша салу керек, құрымағанда кір жуатын машинаға жететін…
Gastarbaiter
ВКМ өзі де ала алады машинаны да басқасын да
Aldeken
сосын ғо, бәртішкінің понт қуып отырғаны…
Gastarbaiter
Негізі ВКМ-мен сөйлесіп көру керек екен, «давай Алмасты көндірейік, деп))))». Ей пофиг, ему пофиг, мне приятно))
Aldeken
ей нафига, ему нефига, өзіңе облом бопқалмасын…
Gastarbaiter
Енді қалай болғанда да ештеңе жоғалтпайын деп тұрмын ғо
VKM
karto4ka awyp berem degenderge ruhsat jalpy,munda ademi zattar kop eken.Azanyn karto4kasy kaida,men kaida?
Wutka,kumandari, men 6 synyptan ozim akwa tabamyn,kerek emes( ozderin jender
aza
Әнеееее, көрдіңдер ме?! Мені қорғайтын періштем табылды! Ғашық боп қалайын ба, аяқ астынан)))
aza
Лайктай салайын…
dark_nazgul
Домбырамды жай ғана саусақ ұшымен шерткенде шығатын, не болмаса перне үстінен ішекті іліп алғанда шығатын дыбыс релакс береді.
Клавиатураның сыртылы нервімді тыныштандырады.
Бұрын телефонда бір қосымша болатын: түрлі табиғат дыбыстарын шығаратын. Соның ішінде оттың сыртылдап жарған дыбысын үнемі тыңдап жүретінмін.
Бұрын, өзім от жағатын кезде, алдымен ағаш қалап тұтатып, ағаштың сыртылдап жанған дыбысын тыңдаймын деп, көмір салатын уақытын жіберіп алатынмын.
Marationok
Бұрын, өзім от жағатын кезде, алдымен ағаш қалап тұтатып, ағаштың сыртылдап жанған дыбысын тыңдаймын деп, көмір салатын уақытын жіберіп алатынмын
От пен ағызған судың дауысы нервті тыныштандырады дейді.
dark_nazgul
роддомда акушеркалар әдейі су ағызып қояды, жаңа босанған әйелдің қуығы босап, жатыр жылдам орнына түссін деп.
Marationok
Қайбір кинода еді: лагерьде ұйықтап жатқан кішкентайдың қасына бір үйір бала келіп, стақаннан стақанға суды құйып отырады екен, содан, кішкентай бұтына нетіп қапты
dark_nazgul
Армияда сөйтед дейді ғой, рас болса.
araika
кішкентай бұтына нетіп қапты
тіпті айкезбе болып кетеді ғой
Marationok
Әдемі қыздың, қияр немесе сәбіз жегеннің дауысы
dark_nazgul
әй, дыбысы деп, кішкене «лукавить» етжвердің ау
Adiletshu
Қыздардың күлгенде шығаратын дыбыстары
araika
Бұрындары мынандай посттар болған, есіме түсіп кетті көру және иіс сезу
Nurshat
Жақсы жолдама… Кешкі сауынға келе жатқан сиыр мен өршелене үрген иттің ...қойшының қой қайырған даусы… Қатты ұнайды…
ademi_alem
Кешкі сауынға келе жатқан сиыр мен өршелене үрген иттің ...қойшының қой қайырған даусы… Қатты ұнайды…
Сосын ауылда көктемде бір ерекше тіршілік басталады ғой, қой мен қойшының дауыстарынан бөлек бір дыбыстар шығады ғой: бір нәрсені тарсылдатып жатады елдер, қораздың дауысы шығады… түүүййй ойымды жеткізе алмай отырғаным. ((
Nurshat
КӨКТЕМНІҢ ДАУСЫ ШЫҒАР
Daniar-Alan
ияяяяяяяяя… көктемде түрлі-түрлі дыбыс шығады…
Erkekyz
Әдемі жазылыпты пост!  Романтика.

Тағы бір ұнайтын дыбыс – тыныштық. Түк бітірмей-ақ шаршап, көңіл құлазитын сәттер болады. Сол кездері адам атаулыдан аулаққа кетіп, тау басына шығып, көзіңді ең алыс деген нүктеге қадап отырғандағы тыныштыққа ештеңе жетпейтіндей. Ондай кезде жүрегіңнің дүрсілінен басқа ештеңе естілмейді…
Уоот, осы менің ең жақсы көретін «дыбысым». Бірнәрсеге ренжігенде, басқа да жағдайларда көзімді тас жұмып, құлағымды тас бітеп, өзімді тау басында отырғандай сезінемін. Біраз отырған соң таудан жерге секіріп кетемін. Арығарай сондай экстрим ойлар кетеді типі биік көпірден суға секіріп немесе ұшақтан жерге қарай секіріп кету сияқты))).
Маған табиғат дыбыстарынан теңіздің/мұхиттың жарға кеп соққан толқынының даусы ұнайды. Кеткім кеп кетті сонда алыс жаққа.
Ал нөлден түсіп кеткен көңіл-күйді көтеру үшін кейде ағаларымның балаларының күлгендерін, стишок айтқандарын диктофонға басылғандарын тыңдаймын.
bazuka
қол сағатымның дыбысын ұнатам соққан. жаңбыр жаумай, жәй найзағай ойнап, күннің күркірегені ұнамайды, жаңбыр құйып жауып, найзағай ойнап, күн күркіреп тұрған шақ ұнайды. күннің күркірегенінен қорықпайм, бірақ маған жайсыз әсер береді.