Интернет шоппинг. Төлем картасы

интернеттен тауарлар сатып алу үшін ең алдымен банктен арнайы төлем картасын ашып алуымыз қажет. бәріңізде жалақы алатын банк карталарыңыз бар болу керек, сол сияқты оған қосымша ретінде интернетте тауарлар сатып алу үшін арналған карта — виза виртуон картасын ашып алаласыз.
қазіргі уақытта ондай картаны барлық банктер жасап бере алады. бірақ карта ашар алдыңда мынандай кеңестермен танысып алыңыз:
картаны негізгі жалақы алатын картаға қосымша карта ретінде ашқан дұрыс, себебі бір банктен карта ашсаңыз, өз карталарыңыз арқылы ашқа аударулар көбінесе комиссиясыз болады. егер басқа банктен виза виртуон ашсаңыз, сол банктен негізгі карта да ашу керек болады, себебі виза виртуон картасы… ээ… карта ретінде берілмеу де мүмкін. оның орнына бір парақ қағаз беру мүмкін, сол парақ виза виртуон картаңыз ретінде болады. карта болмаған соң виза виртуон картасын банкоматарда пайдалана алмайсыңыз. сол үшін банк қызметкерлерінен төлем карточкасын ақша салу жолдарын біліп алыңыз, кассалар арқылы ма, терминалдары бар ма, және т.б. негізі ең жеңілі терминал арқылы. сосын банктің демалыс күндерінде жиналатын кезекке көңіл бөліңіз, кезегі үлкен банктерде карта ашпауыңызға кеңес берем. картаны ашар алдында, сол картаны шығаратын банкте интернет-банкинг қызметі бар-жоғын, оның пайдалану туралы біліп алыңыз. интернет-банкинг сізге қосымша мүмкіндіңтер береді, мысалы, ұялы телефонға бірліктер аудару, басқа да түрлі төлемдер жасау және т.б. әр банк картаны ашу уақыты әр түрлі, бір-екі күннен екі аптаға дейін. карта ашар алдыңда интернеттен оны пайдаланатын адамдардың пікірлерімен танысып алыңыз. картаны ашуға құжаттарды төлтыру кезінде мекен-жайыңызды дұрыс жазыңыз, әсіресе индексті.
UPD 25/09/2012 картаны теңге валютасында аша беріңіз, шетел валютасына автоматты түрде айырбастау жасалады
егер біздің банктермен жағаласқыңыз келмесе, виза виртуон картасын киви терминалдарынан ашып алуға болады, оның әрекет ету мерзімі шектеулі, және комиссиясы көбірек, бірақ оған ақшаны кез келген киви терминалы арқылы салуға болады, толығырақ ақпаратты интернеттен іздеңіз
негізгі кеңестерім осы
келесіде ерінбесем paypal төлем жүйесі, жеткізу түрлері, интернет дүкендер және т.б. туралы жазам
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
мен казкомдағы өз жалақы карточкам арқылы жасап жүрмін интернет төлемдерді. және киви қолданамын.

ҚЗда пайпалды қалай ашу керегі туралы жазсаң қуанамын.
Erkekyz
Осындай нәрсемен еш басымды басымды ауыртқым келмейді ше. Ерінемін. Интернетпен шопинг жасасам тек наложенный платёжды таңдаймын.
Керекинфо. Рахмет.
Gastarbaiter
Карточкадан тікелей төледім мен де жаңа бір қызметке
Ereke
Керек ақпарат.
Шамасы сізде Shift кнопкасы басылмайды ау деймін.
Erlan
Покер ойнау ушин веб монеймен акша салып есім танып жур еді, киви онайрақ екен.
bazuka
Халықбанктің интернет-банкингін пайдаланам
izbasar
Кивиды пайдаланам қарапайым.
serjan
Киви тамаша төлем жүйесі.
just19
Менде Халық банкінің жалақы карточкасы, Виза төлем жүйесін қолдайды. Ай сайын банкке қоңырау шалып, пайпалмен төлем жасауға блоктан шығартып отырамын.
Ақшамды үнемі құртып тастаймын, сосын жүгіріп төменге түсіп киви кошелекқа ақша салып, оны виза карточкаға аударып қоямын. Барлық операцияны жасауға кедергі жоқ, жолын тауып кетуге болады. Тек, анда-мында кез келген ұсақ қызмет үшін (тіпті валюта конвертациясы үшін) комиссиядан шаршадым.