Үнсіз әлем

Купеден шығып, шетсіз де, шексіз даланы тамашалап тұрғанбыз. Вагонға баяғыдан таныс ағай кірді. Кітаптарын тастап кетті. Поезға мінген сайын ол да саудасын жасап жүреді. Мұңайып жүргенін көрген емеспін, үнемі күліп жүреді. Жұбайым қарап-қарап бір шөп дәрілер жинағын алды. «Бір жерің ауыра ма, не үшін алдың, әлде анаңа ма?»-деп сұрадым. «Жоқ, ана кісіні аяп кеттім. Менің қол-аяғым сау болса да, құлағым естіп, көзім көрсе де, сол сияқты үнемі күліп жүре алмаймын»,-деді. Жұбайымды одан да қатты жақсы көріп кеттім. Қазір үйге барған соң, жақсы көретін палауын дайындамасам…
Әрі қарай

Автонарықтағы тығырық: Не істеу керек?


Кедендік Одақ қалай іске қосылды, шетелдік машиналарды елге әкелу қиындап кетті. Кедендік баж салығы бірнеше есеге артып, көлік әкелудің мәні қалмады. Есесіне Ресейдің «унитаздары» көптеп келе бастады. Әрине, ВАЗ-дың соңғы «Гранта», «Приоралары» сапасы жағынан біршама жақсы дегенді айтады таксиші қауым. Тіпті биылдан бастап автоматты беріліс қорабы бар «Гранталар» сатылымға шығады деп жатыр. Бірақ олар туралы анекдоттық стереотип бәрібір сақталып қалды, оның үстіне зауыттан келетін ақаулар да аз емес екен. Сондықтан, қазақстандық автосүйерлер бәрібір ескі де болса «шетелдікке» мінгенді жөн көреді.
Әрі қарай

Сағыныш...

Әке!
Сені бүгін тағы көрдім түсімде
Тұр екенсің қол созымда, қасымда
Қарт емессің, екенсің дәл күшіңде
Әңгіме айтып егістіктің басында

Ал мен болсам масақ ұстап қолыма
Саған қарап отыр екем сүйсініп
Бергеннен соң шал-кемпірдің қолына
Әке болып қарамайсың исініп

Қарғып мініп жетектегі тайыма
Шауып кеттім қырат жақты бетке алып
Жаңағы бір сезім қалып жайына
Кеудемде бір қалғандайын кек қалып
Әрі қарай

Ет пати



«Ет дегенде – бет бар ма» деген. Азаматтың ауылы Қызаннан ет келді дегенді естіп Астаналық жігіттер етті жеудің жағдайын жасай бастадық. Етті көр күттірмей Астананың төрінен үй жалдадық. Ет асуға керек дүниелерімізді алып кешке дайындаған үйге жиналдық. Енді ары қарай суреттер сөйлесін:
Әрі қарай

Gangnam style. Жалғасы

Әлемде Gangnam style эпидемиясы өршіп-ақ тұр. Youtube.com сайтында жарияланған клип, пост жазылған уақытта 3 359 099 лайк жинап, рекорд жаңартты. Қаралуы тіпті адам шошырлық — 353 287 065.
Әрі қарай

Қорғансыздың күні

Ғаламтордың беттерін парақтай отырып, бір жаңалыққа кезіктім. Шашым тік тұрды. Жүрегім қан жылады. Ағасы інісінің жұбайы қайтыс болғаннан кейін оның кәмелетке толмаған екі қызын алты жыл бойы зорлап жүріпті, оны ешкім аңғармапты. Кіші қыздың аяғы ауыр болғанда ғана жағдай белгілі болған екен. Ол қыздардың әкесі ағасын сотқа беріпті. Ал соңғысы кінәсін мойындаған екен. Бұрын мұндай жаңалықтарды шетелдерден еститінбіз, енді мұндай сорақылық өзіміздің қалада, өзіміз тұратын ауылдарда, өзіміздің қара көздеріміздің арасында жаппай етек алып жатыр. Тіпті өзінің балаларына зорлық көрсетті деген жантүршігерлік жаңалықтарды жиі еститін болдық. Адам сонда малдан да кем болып, соншалықты азғындап кеткені ме? Оның астындағы пікірлерді оқып, одан сайын шошыдым! «Ол қыздар ол ағасынан ақша алғысы келіп, өздері оның нәпсісін қоздырған, содан ол ақша төлегісі келмеген соң, полицияға шағымданған шығар» — деп жазыпты әлдебіреу. Алды 13-те, кішісі 10 ақ жаста болған он екіде бір гүлі ашылмаған қыздардың ондай ойы болуы мүмкін бе? Ең сорақысы – біздің құлағымыз ондайға бірте-бірте үйрніп бара жатыр… Анасын, қызын, қарындасын, кімді зорласа да елемейтін болып бара жатырмыз. Соншалықты азғын, соншалықты нақұрыс еркектерді неге Алла тағала жер басқызып қояды екен?
Мұхтар Әуезов атамыздың «Қорғансыздың күні» әңгімесі есіме түсті. Ол кезде де болған, қазір де бар, сонда ешқашан тиылмай ма?
Әрі қарай

көңіл айтамын...

Осындағы барлық жеке көлік иелеріне еліміздегі бензин бағасының өсуіне байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Қосымша мәлімет:
• дизель отыны — 1 литрі94 теңге;
• Аи — 80 — 1 литрі 89 теңге;
• Аи — 92 — 1 литрі 110 теңге.
Әрі қарай

Орамал таққан қыздар қандай жақсы!

«Баурасын жүрегіңді балдай нәпсі,
Тәнімді тамашалап таңдай қақшы» –
Деген ой сезілмейтін жүрісінен,
Орамал таққан қыздар қандай жақсы!
Қымтанып, қиналмай-ақ жандары шын,
Көрсетпей бөтен көзге ар-намысын.
Шілденің аптабына шыдайды олар,
Тозақтың жалынына жанбау үшін.
Көпшілік сырттарынан не демейді?
Ал олар соның бәрін елемейді.
Алланың разылығын іздегенді,
Адамның қаңқу сөзі бөгемейді.
Әр ісі тұнып тұрған мағынаға,
Дәл мұндай тәрбиеші табыла ма?
Жақсы ана болады олар ұрпағына,
Жақсы әйел бола алады жарына да.
Соларға қолың жетсе – бағың жанды,
Ұғасың шаттығыңның барын мәңгі.
Ұлтымның ұятының ұясындай,
Сыйлаңдар хиджаптағы аруларды.

www.azan.kz сайтында Makpal атты қолданушының посты
Әрі қарай

Алматыда «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты жыр кеші өтеді



Дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті жетекшісі Қазыбек Исаның Ердің жасы – елуге толған мерейтойына байланысты өтетін «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты Жыр кеші өтеді. Кешке белгілі қаламгер-қайраткерлермен бірге Ж.Жексенұлы, А.Мейірбеков, Ж.Сейдолла, Айгүл Иманбаева, Нұр-Мұқасан тобы және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

Кеш Алматыда 2012 жылы 4 қазан күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда (Төле би- Ш. Қалдаяқов кк..) болады. Келем деушілерге есік ашық. Кеш теледидарға түсіріледі.
Әрі қарай