Эстафета: Сыйлығымның сықпыты

Дәл қазір «сыйлықтар сезоны» болғандықтан, актуалдылығы бар тақырып деген ойдамын. Бұл эстафетада қабылданған/қабылданбаған, бірақ кейіннен өзіңнің күлкіңді келтіретін, мүмкін болса өз қолыңмен жасалған сыйлықтарыңыз һақында қалам тербесеңіздер деген өтінішім бар. Мүмкін жаңа жылға бір жақын адамына ерекше сый дайындағысы келіп жүрген біреу-міреу осы жерден идея тауып қалар…
Сонымен… ал кеттік..


Сүгірет

6-сынып болуы керек. 8-наурыз. Ол кезде мамамнан басқа әйел затын мойындамайтын кезім. Сыйлық жасағым келді. Жасымнан ақша жинай алмаймын. Сондықтан да қалтам бос. Қолдан сыйлық жасамасам…
Қолда бар заттардан тек қалам мен ақ қағаз ғана бар. Өлең шығарам деп біраз әурелендім. Алайда, тіпті 6-сынып оқушысының өзі ырза болмайтын өлең-сымақ шадыр-шұтпақ шықты. Қоя салдым сол жерден. Сәл ойланып, мамамның студент кезде түскен әдемі бір суретін алып, соны сала бастадым. Ұқсамады. Сосын, мына ойына келгенін істей салатын (көбіне кейіннен опық жейтін) басқа бір ой сап ете қалды ғой… Суреттің астына қағазды қойып суреттің бетіне қаламмен сызып шықтым. Із қалдыру үшін. Із түскеніне түсті ау… Бірақ… Мына бас суреттің құртылуын ойламапты.
Кешке мама келгенде бердім енді суретін. Әрине қуанды. Анау сурет қоқыс жәшігіне кетті амалсыз

Кактус

2 курс. Тағы сол 8-наурыз. Бұл жолы қызыма сыйлық жасау керек болды. Оған көөп ойланып жүріп не сыйлады деп ойлайсыздар?!.. Дұрыс! Кактус. Кактус болғанда да жәй кактус емес, ақ кактус, бетінде қызыл гүлдері бар. Ал, 2003-жылдары ондай кактусты Шымкентте табу қиын болатын.
Алды. Рахметін айтты. Бірақ кейіін, 2-3 айдан кейін айтады: — Ана құрбымның жігіті алтын жүзік сыйлады, ана құрбымның жігіті телефон сыйлады… Ал менің жігітім… Кактус…
Айттым енді… былай… типі өлмейтін гүл, өлмейтін махаббат деп келтіріп ))))))

Қобдиша

2007-08 жылдар ау деймін… Тағы сол 8-наурыз. Әлі студентпін. Сырттай оқимын. Жұмыс істеймін. Ақша бар енді… Бірақ өз қолыммен бірнәрсе жасағым келді. Жұмысым жарнама агенттігінде тұғын. Құрал сайманның, қажетті материалдың бәрі бар. ПВХ-дан қосылған екі жүрек формасындағы қобдиша істеп, қызылмен боядым. Жүрегім жүрек емес, жел шығаратын жерге ұқсап кетті енді былай )) Бірақ, түсінеді деп ойладым.
Кешке алып барып бердім. Ол рахметін айтты. Со «күчтііі» деген сөздер. Бірақ…
Құрбысымен жақсы араласатынмын. Сол абайсызда айтып қалды, қобдишам қоқыс жәшігіне тоғытылыпты ))
Ол қыз да алдыңғы посттағы қыздың кебін киді амал жоқ. Тойыс, ляхтырылды… Менім қобдишам секілді ))
Содан бері өз қолыммен сыйлық жасамаймын, және сыйлықты көбінесе қаржылай ғана беремін. Тіпті гүл де сыйламаймын ешкімге. Уоотт…

Эстафета басталды Ханымдар мен оның жанында жататындар! Бұтақ omarbirat -та!
Әрі қарай

Ң-нан ұялам.

«Ң» әріпін айту қиын ба? Қазір радио, телевидениеде «ң-сыз» жарнамалар, роликтер өріп жүр. Тілі келіп тұрса да, әдейі айта алмай қалатындарды да көріп жүрміз. Келе келе алфавит ң-сыз қалатын шығар. Сіз де айта алмайтын болсаңыз немесе айта алмай жүрген таныстарыңыз болса төмендегі әңгімені көрсетіңіз, тіл сындырсын.
Әрі қарай

Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес

Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.

– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.
Әрі қарай

Өнертапқыштар

Адамзат жерде жүретін, аспанда ұшатын көліктерді де, қарапайым өмірде қажетті тұрмыстық техникаларды да ойлап тауып бітуге таянды-ау деймін. Дегенмен, біздің жұмыстың жұмысшылары (бізде әкімшілік, артистер және қара жұмыс иелері деп үшке бөлінеді) бұған бола жасымапты.Шатырдағы қарды күреудің заманауи әдісін тапқан секілді. Бұның алдындағы қыста шатырдың профлистісін, қара қағазын жырта-жырта бастықтардан сөз естіген сабаздардың біреуінің басына тың идея келе қалыпты. Олары сәтті түрде жүзеге аса бастаған. Неге аса бастаған? Тоқтала кетсек, соңғы кезде Қарағанды аймағында қар нормасынан көп жауып жатыр. Біздің үлкен ғимаратың шатырын тазартып шығудың өзі қиямет.Тұңғыш президентіміздің күніне байланысты демалыстан соң шатырдағы қарды аршудың арты біраз адамның артының ашуымен аяқталды.
Сейсенбі күні жұмысқа келсем кабинетімде су тобықтан. 5-ші "ұрпақтық" компым жылап тұр. Монитор мониторға емес аквариумға айналып кетіпті. Тағы басқа 3 кабинет осы күйді кешіпті. Бас инженер себептің бәрін күннің жылып кетуінен көріп отыр. Бірақ, біз де ақымақ емеспіз. Пәленің ұшының қайда екенін білеміз. Қар аршуға ерінген жұмысшылар ұзын әрі жуан шлангылар арқылы шатырдан жоғарыдан төмен қарай ыстық су ағызады екен. Ыстық судың күшімен ерігені бар ерімегені бар барлық қар төмен қарай аға береді, құлай береді. Жаңбыр жаумай су болдық, обшым…

сурет сілтемесі
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.

Tyulpan

Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай

— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…
Әрі қарай

Радиоэфир құпиялары


Радиода бұрын істеген адам ретінде, және енді радиоға оралмайтын шығармын деген оймен (бұндай жаңалықтан кейін ешкім шақыра да қоймас ) оның кейбір құпияларын ашуды жүн санап отырмын. Мүмкін бір үлкен құпия да емес шығар, просто ішіме сыймай бара жатыр даЧ. Бір жағынан жігіттер пішен тиеп тастағанша әңгіме болсын.
Әрі қарай

Алыстап кеткен арманым.

Қатар өскен бәйшешектей құлпырып,
Жүруші едік зор бақытқа ұмтылып.
Сол күндердің естелігі ретінде,
Жатыр міне жүрегіме жыр тұнып.

Ұмыта алмай алаулаған сезімді,
Жүрген кезде серік етіп төзімді,
«Қолыма алып суретіңмен сырласам»,-
Дегеніңде ет жүрегім езілді.

Алыстасың, оған көңіл сенбейді,
Өткен күндер қайта айналып келмейді.
Таңшолпаным, сені ойлап сағынғанда,
Тұла бойды бір сағыныш тербейді.

Үмітімді жалғай берем арманға,
Арман жоқ қой орындалмас жалғанда.
Хордың қызы су құйса да қолыма,
Бұл өмірде саған жетер жан барма?..


Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Періштемсің!

Мына өзім жазған өлеңімді бағаласаңыздар...

Күлкің бар сыңғырлаған, жан педені ғашық қылған,
Уақытпен өте сағынып, кездесуге асықтырған.
Бағалаймын әр кездері сендегі бар құндылықты,
Сені сүйген жүрегім сезіміне мол тұншықты.

Аспандағы күнсің деймін сәулесін жерге шашқан,
Жердегі тіршілікке бақыт сыйлап, көңілді қуантқан.
Бұлттардың арасында жабылмаған сенің бейнең,
Сені сағыны отырып, бейнеңді елестетем.

Сағынамын, мен сені әр кездері, әр уақытта,
Сұлу, нәзік келбетің елестейді көз алдымда.
Жүрегім қатты соғады, ентігіп қаламын,
Суретіңе қараймын, көңілімді басамын.

Телефон соғамын саған, ұйқытар алдында,
Сөйлеген сөздерің күмбірлейді құлағымда.
Күлкіңді естігенде, өмірге риза боламын,
Жүрегіңді сыйлаған Аллаға алғыс айтамын.

қ-сы:
Сен маған періштесің қанатың болмасада,
Күннің нұрынан жаралған келбетің кө алдымда.
Сұлулығың көз тойдырмас жүректі жаралаған,
Мәңгілік сені сүйемін, өлеңім саған арналған.

Сендегі бар сұлулықты айтуға тіпті сөз жетпейді,
Сендей нәзік сұлу жан ешқашан да кездеспейді.
Сондықтан жоғалтудан мен сені қорқамын,
Сені бақытты қылу осы менің- арманым.

Менің бақытым- тек өзіңсің біле білсең,
Менің арманым- мен сенімен бірге жүрсем.
Қол ұстасып жүреміз мына жалған өмірде,
Ешқашан қаяу түспес ақ мамықты көңіліңе.

Арамыз алыстамас, Алла мұны бізге жазбас,
Жаманшылық өмірде ешқашан қатал болмас.
Өмірді бірге өткізіп, қартайып, бірге өліп,
Жұмақта жүреміз қол ұстасып бірге күліп.

Осының боларына мен әрине сенемін,
Сен мені сүймей қалсаңда мәңгілік сүйіп өтемін.
Осыны әрқашан есіңде сақташы жаным,
Өзіңе арналған бұл менің кезекті әнім.
Әрі қарай

Қытай жастары арасында өткен ән фестивальінде бас жүлде қазаққа бұйырды

Ербол Жеңісбекұлы 1990 жылы ҚХР ШҰАР Күнес ауданында туылған, қазір бейжиңдегі Орталық ұлттар университеті музыка факультетінің студенті, төмендегі видеода оның осы фестивальде салған әндері мен қытай журналистеріне берген сұхбатын көре аласыздар, фестивал қазылары Ерболға сен осы жарыстың сөзсіз ханзадасысың деді.

Әрі қарай