Ң-нан ұялам.

«Ң» әріпін айту қиын ба? Қазір радио, телевидениеде «ң-сыз» жарнамалар, роликтер өріп жүр. Тілі келіп тұрса да, әдейі айта алмай қалатындарды да көріп жүрміз. Келе келе алфавит ң-сыз қалатын шығар. Сіз де айта алмайтын болсаңыз немесе айта алмай жүрген таныстарыңыз болса төмендегі әңгімені көрсетіңіз, тіл сындырсын.

Атаң әңгімешіл еді ғой есіңде ме? Ол сөйлей бастағанда арғы-бергі тарихың, шежірең, жыр-дастандарың мен ертегі-қиссаларың тіріліп салатын. Оның аузынан шыққан әрбір сөздің өңі бөлек, реңкі қанық болатын. Бұрын мың естісең де, әрбір әңгімені жаңалықтай қабылдап, аң-таң қалып, «тағы-тағылап» әрең ұйқыға жататынсың.
Ең қызығы енді басталады. Тереңге тартқан қиял түсіңді бұрын ешкім көрмеген, өзіңе де бейтаныс тың тараптарға қарай бұрады.
Қоңыр төбел мен күрең қасқа мінген қос ғашық жоңышқалы алаңда асықпай аяңдап келеді. Бұраң бел арудың бұлаң жүрісті жорғасы өте ыңғайлы. Бірақ жігіттің астындағы енді ғана бас үйретілген тарпаң жануар қыңыр мінез танытып-ақ келеді…
Енді бір мезетте, көңілдің көк дөненін мініп құзар шыңның басында тұрасың. Көкіректе өлең. Төңірек үнсіз, бірақ жаңғырық бар. Үнсіз жаңғырық. Ол сенің кеудеңдегі әнге қосылып тұрған табиғат екенін жүрегіңмен ұғасың…
Ақ жамылған тегіс даланың қақ ортасында көзге ілінер қара — жапырағынан айрылған кәрі үйеңкі ғана. Қыстың қақ ортасы болса да оның маңы жәндікке толы. Тозаң жиған көбелек, көбелекті қуған қарлығаш, бір-біріне дөң-айбат шеккен түрлі аң. Ал сен қалың түскен қардың астындағы тоң боп қатқан қара жерді шоң сүйменмен үңгудесің. Әңгүдік. Бұл не үшін?! Дүние астаң-кестең, тірі жанның бәрі елең-алаң. Тең-теңіне, теңдеуі жоқтар теңгеге үміт артқан. Бірі аңшы, келесісі тыңшы. Айналаңа тағы бір көз салсаң бұл тегіс дала емес екен. Бұл кәдімгі ңөң.
Ыңырана ұйқыңнан оянып кетсең таң қылаң беріп қалыпты. Бұл не ғажап? Бұл өзің ғой. Атаң, жылқыларың, сүйіктің, далаң, тауың, әнің, жүрегің, сезімінің, тілің! Сенікі «Ң». Ұмытпа. Ң-нан ұят болмасын.
Бөлісу:

68 пікір

VKM
сақтап қойдым, сіңліме жіберем)
asaubota
Марко! бүгін сенесің бе Ң туралы жазайын деп отырғам. шаруалар болып интернетке кеш жеттім

соңғы кезде Ң-ға игнор күшейіп кеткен сияқты. Ң-сыз сөздерді көп естимін. Ң-ды айтқысы келмейтін сияқты адамдар. бұрын айта алмайтындар ұялып үйренетін еді.
Marco
Қазақша "ң-ды" айта алмағандар ағылшынша «ng»-ды күшті айтады.
Zhanara2012
Менің бір құрбым бар. Тегі Жаңбырова, ал ол Жанбырова деп айтады. Білмеймін, тілі келмейді ме, проклятый гламур ма…
Zhanara2012
Қазақша "ң-ды" айта алмағандар ағылшынша «ng»-ды күшті айтады. Жаңбырова да солай!!!
Tyulpan
ал мен ң-ды айта алатынмды, ң-ды бұзбай сөйлейтінімді мақтан тұтамын.
qyzylordalyq_jigit
иә… ң-нан ұяламыз, о-дан қорқамыз… не деген жасқаншақ едік… (Абамаға сәлем)
Aigolek
айтпаганы былай турсын, ын мен ың ды ажырата алмайтындарды тусинбеймин. Мен оларды ажыратуга тырыспаймын да. Ойткени мениң каныммен бирге калыптаскан.
Tyulpan
баланы алдымен қазақ мектепке беру кк. қазақтың ерекше дыбыстарын оқып-жазуды үйреніп алған соң, басқа мектептерге бере беруге болады. қалай ойлайстар?
Erke
сіз Ң әріпін жақсы айтып жазғаныңызбен, кейбір сөздерді жазғанда жұтып кояды екенсіз! Мысалға: баланы алдымен қазақ мектепке беру кк.… қалай ойлайстар?
Tyulpan
Ерке мырза, олай жұтып қоюды менің еркелігім деп біліңіз
west_laura
Бұрын мектеп директорымыз Ң мен Н-ды ажырата алмау ең үлкен сауатсыздық деп айтушы еді.
VKM
Мен орысша оқыдым, байқамай қ-ны к деп, не ң-ды н дегенде үйде біраз лекция еститінмін.Бірақ бәрібір тез сөйлегенде қателер кетіп жатады. Бірақ қиыны осы дауыстарды айту да емес, жалғауларды дұрыс қолдану, меніңше)
Marco
Ешкімді айыптап отырған жоқпын. Бірақ, қалай болғанда да тв мен радиода дұрыс айтылуы керек деп есептеймін. Ол да өзінше бір эталон ғой.
MickThatsMyNick
— Блат арқылы диктор болып жасап жатсың ба?
— Жоқ сестла арқылы!)))
ПыСы: Карандаш немесе қалам көмекке келу керек бұндайда! (тазасы болса дұрысырақ)
omarbirat
Опшым, түріктердің тілі сияқты айтарлықтай өзгерістерге ұшырап кетпесе болды. Осман империясы кезінде оларда біздегідей Қ, Ң дыбыстарымен қатар әріптері де болған көрінеді. Кейін латын алфавитіне көшкенде ол дыбыстар түсіп қалған. Арасында кейбіреулері болмаса, түкеңдердің көбі қазір сол дыбыстарды айтуға қиналады
omarbirat
Айта алатындарының өздері К атаулының бәрін Қ деп кете беретіндері болады. "Қыристоф Қоломп" деп айтатын тарих пәнінен мұғаліміміз бар еді
Onlasyn
иә, иә киноларында да айтады ғой қ,ғ әріптерін.
ken
ютубтен Хорезм әндері дегенді көріп, соларды тыңдап отырып, басында таңданғанмын, «бұнысы несі? мынау өзбекше емес қой. мыналар қай тілде айтып жатыр?» деп. басында түрікше ма деп қалдым. Хорезм (немесе Хиуа) Өзбекстанның құрамындағы қала. бұрын ол жерлер Хиуа хандығы болған. сөйтсем ол жақтың тұрғындары ресми түрде өзбек ұлты өкілдері боп саналғанымен этникалық жағынан оғыздар екен (ал өзбектер оғыздар емес). яғни хорезмдіктер әзірбайжын, түркімен, түріктерге жақын. айтайын дегенім, олар да Қ-ны К деп айтады екен. соған қарағанда түріктер латын алфавитіне көшпей тұрып та Қ-ны К деп келген болса керек.
Aigolek
Осыны ютюбтан карап отырып тусине салдын ба.
ruben
Анадолуның шығысы мен оңтүстік-шығыс аймақтарындағы түріктер, әсіресе дадаштарда аталмыш дыбыстар әлі де көптеп кездеседі. Османлы кезінде де со маңайдағы бейликтер (әулет) қыпшақ түрікшесіне ұқсайтын сөздерді көптеп қолданғаны жергілікті әдебиеттен белгілі. Дадаштар өздерін «хас түрікпіз!» деп кеуде соға айтады.
Сосын, түріктерде диалект көп. Әлем естіп жүрген түрік тілі — жұмсақ, мәдениетті Ыстамбұл түрікшесі. Басқа өңірлер «қ»-ларын латынға негіздеп жаза алмаса да, емін-еркін айтып, қолданып жүр, қардешім
konvict
Қафаны қыражағым
ken
дадаштар дегендердің неге Қ-ны әлі қолданып жүргенін мына жазғаның түсіндіріп тұрғандай
Османлы кезінде де со маңайдағы бейликтер (әулет) қыпшақ түрікшесіне ұқсайтын сөздерді көптеп қолданғаны жергілікті әдебиеттен белгілі
ADI
Жақсы болды ғой.Менің сыныптасымның да тілі "Ң" — ға келмейтін еді.Енді оны жөнге келтіремін.
VKM
Cыйлық сыйлау. Мен бұл нәрсені көп ойланып жасаймын.Себебі мамам кішкене кезімнен үйретті, сыйлаған нәрсең сол адамға жақсы көңіл күй мен кішкене болса да бақыт сыйлау керек деп, бар көңіліңмен жаса не мүлде жасама деп ,6-7 жасымда апаларыма, аталарыма гуашь не акварельмен сурет салып сыйламақ болғанда, мамам әдемі рамка әперетін.Не сыйлықты жақсылап упаковать еткенді ұнатамын. Творчестволық подход болғасын ба, кімге не керек екенін интуитивно біліп тұрамын. Қымбаттық болмаса да.
Сыйлық алу. Ата-анам жылда туған күнімді жасайтын.кішірек кезде Пицца, Дөнерде,өсе келе клубтарда.Сонда сыныптастарымды джынды-джынды қымбаттық заттар сыйлайтын. Сосын олардың туған күндерінде ал жүгір, дәл сол бағаға әперетінмін, тепе-теңдік үшін.
Тааак… жігіттерден қымбат сыйлық алуға болмайды! Бұл енді аксиома.Болмаса тәуелділік болады.
Abilakim
Ия, Ң әріпін айта алмайтындарды сыртынан тыңдап отырып құлақтың еті ауырады расында.
Енді бір әнек осы ЫҢ әріпінің қатысы бар.
Мұғалім балалардан әр әріптен келетін сөз сұрайды.
-Балалар, «Е» әріпінен келетін қандай сөз бар?
Марко деген бала атып тұрып, «Емшек» депті.
-«Б» әріпінен келетін қандай сөзді білесіңдер?
Тағы сол Марко «Бұтақ» депті. Обшым, қандай әріп айтса, сол әріптен басталатын жаман сөзді айтып отыр. Мұғалім«Осы „Ы“ әріпінде жаман сөз жоқ қой» деп ойлап,
-Ы-дан келетін қандай сөз білесіңдер?
Марко: ЫҢҚ-ЫҢҚ
asaubota
ана ҚазақтыН қыздары деген әнді бірден жек көріп кеттім. Ң деген өте әдемі дыбыс қой, Н-мен түк қатысы жоқ. тек әріп ретінде ұқсастығы болмаса.

бұрын Ң-ды айта алмайтындар аз болатын еді, үйренетін еді адамдар. қазір көп, өте көп. толық игнор қойылып тастаған.
Rafaello
Ішінде Ң әріпі кездесетін сөздерді айтып жиі жаттығу керек. Мысал үшін «Шешеңнің аңы» сөзі. Ң әріпін қоспаса «Шешеннін аны» болып шығады. Орысшаға аударсақ «Самолет марки АН чеченца» болып шығады. Айырмашалық өте үлкен. Осы айырмашылқтарды түсіну арқылы үйренеді.
nurjanbay
«Самолет марки АН чеченца» деген мағына беру үшін де "Ң" керек: «Шешеннің аны»
Onlasyn
ң болмаса да түсінесің ғой, мағына өзгермейді
Gastarbaiter
Жамбыл жақта көп "Ң" ды айта алмайтындар.
Сосын Бірінші дегенді Быриншы деп, жетіншіні «Джетынчы» деп жүрген бір диктор бар ұлттық арнада, тітіркеніп кетем естігенде)
nurjanbay
"ңөң" деген сөзді бірінші рет кездестіріп тұрмын. не мағына білдіретін сөз?
ken
айсбергтің қазақшасы деп естігенмін
nurjanbay
Атаң әңгімешіл еді ғой есіңде ме? Ол сөйлей бастағанда арғы-бергі тарихың, шежірең, жыр-дастандарың мен ертегі-қиссаларың тіріліп салатын. Оның аузынан шыққан әрбір сөздің өңі бөлек, реңкі қанық болатын. Бұрын мың естісең де, әрбір әңгімені жаңалықтай қабылдап, аң-таң қалып, «тағы-тағылап» әрең ұйқыға жататынсың.
Ең қызығы енді басталады. Тереңге тартқан қиял түсіңді бұрын ешкім көрмеген, өзіңе де бейтаныс тың тараптарға қарай бұрады.
Қоңыр төбел мен күрең қасқа мінген қос ғашық жоңышқалы алаңда асықпай аяңдап келеді. Бұраң бел арудың бұлаң жүрісті жорғасы өте ыңғайлы. Бірақ жігіттің астындағы енді ғана бас үйретілген тарпаң жануар қыңыр мінез танытып-ақ келеді…
Енді бір мезетте, көңілдің көк дөненін мініп құзар шыңның басында тұрасың. Көкіректе өлең. Төңірек үнсіз, бірақ жаңғырық бар. Үнсіз жаңғырық. Ол сенің кеудеңдегі әнге қосылып тұрған табиғат екенін жүрегіңмен ұғасың…
Ақ жамылған тегіс даланың қақ ортасында көзге ілінер қара — жапырағынан айрылған кәрі үйеңкі ғана. Қыстың қақ ортасы болса да оның маңы жәндікке толы. Тозаң жиған көбелек, көбелекті қуған қарлығаш, бір-біріне дөң-айбат шеккен түрлі аң. Ал сен қалың түскен қардың астындағы тоң боп қатқан қара жерді шоң сүйменмен үңгудесің. Әңгүдік. Бұл не үшін?! Дүние астаң-кестең, тірі жанның бәрі елең-алаң. Тең-теңіне, теңдеуі жоқтар теңгеге үміт артқан. Бірі аңшы, келесісі тыңшы. Айналаңа тағы бір көз салсаң бұл тегіс дала емес екен. Бұл кәдімгі ңөң.
Ыңырана ұйқыңнан оянып кетсең таң қылаң беріп қалыпты. Бұл не ғажап? Бұл өзің ғой. Атаң, жылқыларың, сүйіктің, далаң, тауың, әнің, жүрегің, сезімінің, тілің! Сенікі «Ң». Ұмытпа. Ң-нан ұят болмасын.
А — 161; Ә — 12; Б — 40; В — 0; Г — 21; Ғ — 29; Д — 41; Е — 108; Ё — 0; Ж — 22; З — 14; И — 6; Й — 18; К — 37; Қ — 48; Л — 57; М — 23; Н — 83; Ң — 96; О — 23; Ө — 21; П — 18; Р — 70; С — 51; Т — 77; У — 8; Ұ — 18; Ү — 18; Ф — 0; Х — 1; Һ — 0; Ц — 0; Ч — 0; Ш — 13; Щ — 0; Ъ — 0; Ы — 90; І — 93; Ь — 0; Э — 0; Ю — 0; Я — 4.
AKY
супер пыраграммис, текстіккорпустыңстатистикасынсс))))
torgai
Менің мектепте қазақ тілінен берген мұғалімім айта алмаушы еді… «Біреу тиіссе әкеме айтам, әкем тиіссе кімге айтам?» деп жүруші едік. Берейінші осыны
ken
Сөз басындағы қазақша О-ны орысша О қылып айтатындар ше?
Меніңше, ВКМ солардың қатарынан сияқты.))
Adiletshu
Ол қалай сонда
ken
мысалы, қазақшалап 10 деп дауыстап айт. енді ОЛ деген сөздің орысшасын дауыстап айт.
екеуі де ОН.
айтып көрдің бе? бірдей айтылады ма екен?
Adiletshu
Екеуін бірдей айтады екем
ken
демек біреуін қате айтасың
asaubota
қазақша О — ерекше О. сүйікті дыбыстарымның бірі. бізден басқа халықтардан естіген жоқпын.
VKM
жоғи,қумашы. О,ө деген дауыстардың бәрін айтами.
Олай орыстар айтады, Олжасты Алжас деп)))
qyzylordalyq_jigit
жарайсың.
негізі бір мазалап жүрген ойым бар еді: осы неге бізге, жастарға, қазақтың Олжас, Ораз, Орынбек есімдеріндегі О әріптерін ғана емес, шетелдік есімдердегі О әрпін О қылып айтуды жаңа үрдіс қылып қалыптастырмасқа?
саясаткерлер — Никаля Саркази, Барак Абама, актерлер — Аль Пачина, Анджелина Джали, Квентин Тарантина, Сафи Ларен, спортшылар — Раналда, Драгба, Фарлан, Балателли — осы есімдерді дұрыс айтуға тілімізді үйретсек нұр отан үстіне нұр отан болар еді
Dinara
қалайсыҢдар?
Маңқа болса бір сәрі, ал өтіріктен айта алмайтындарға көшіріп алып жіберуге жақсы екен
Marco
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындары етістіктің бәріне Ң қосып айтады. Келің, кетің, ішің, жең, отырың, жатың, сөйлең, айтың, қыртымаң т.с.с
VKM
Ң-ды қатты жақсы көреді екен))))
Aldeken
не ғо, маңығстаулықтар да солай айтад, еслишо…
aza
Ертең Күнделікке біздің сайт та шығады. Кейбір адамдар өздерінің никтерін көріп қалуы бек мүмкін… Астана арнасы, 20*30 да басталады, қараңдар, жөйттер!
asaubota
ертең кешке қонақта отырып қараймыз ау тісімізге кірген етті шұқып қойып, әрәқты алдавайлатып
Tyulpan
ма мааааааааааааа… ал керек болса )) 20-30 деген батыста 19-30 болса, үйде болады екенмін )) алақай ))

солайлықтар да бұрын тв-ға бір реалити-шоуға шыққан Ләйлә Сұлтанқызының. сол сияқты болады ма кен?
Aldeken
жоға, Астана телеарнасының күнделігі апта сайын шығады, апта сайын болмағанмен керекшілердің никтері сол Күнделікте жиі көрініп тұрады…
Tyulpan
ойбау-ау, солай ма еді… не болса да қарап тұрайық ондеше ол күнделікті. )) рахметик  көп болды қазақ каналдар көрмегелі. сағынып қалдым өзі.