Қашан қайтасыз? Мен де қатты сағындым. Жазда да, қыста да соған баратын едік. Қуанғанда да, күрсінгенде де теңіз жағасына баратынбыз.Балалық шағым осы теңізбен байланысты.Керемет еді… Қайта оралмас сәттер…
Каспий… Айналайын, Ана Каспий…
Студенттік жылдар қалған жер кімге де ерекше ыстық шығар, біздің сондай кезең Каспий жағалауында қалды…
"… Не қилы әңгіме айтушы ек,
Жағалап жүріп Каспийді,
Жаяулап сосын, қайтуші ек,
Ұстатпай жалы таксидің..." деген жолдар,
"… Біздің елде сағындырып сирек ұшырасатын желсіз тымық күні, ғайыптан тап болып, Каспий жағасына барған кезіңізді еске алыңызшы… " деген тіркестер,
"… Күні екеш Күні де Маңғыстаудың,
Батар еді, Каспийді кешіп барып" деген жолдардың Иесі ғой, қарт Каспий… Сағындым елді… Жаз соңына таман барып, бір сүңгіп қайтқам. "… Етімді шал сипаған құрт жесін" деп, бір қыз айтпақшы, Есілдің шалшығына аяғымды да малғам жоқ.
керемет))) осы ойды жеткізе алмай жүргем… былай қарасаң Есіл де жақсы ғой, бірақ Каспийге жету қайдаа!!! Ал өлең жолдары мен ойларыңыз тағы да өткенді еске түсірді. Сіз студенттік шақты еске алсаңыз, мен балалығымды еске алғандай боламын. Сағынғаным соншалық, айта бергім келеді… Дұрысы, барып қайту керек… бірақ әзірге мүмкін болмай тұр.