2012 жылдың ең ең ...



Өткен жылдың ең үздік толық метражды мультфильмы Ральф болып таңдалып,»Annie Awards»-премиясын жеңіп алды.
Ал ең үздік анимациялық эффекттер -сыйлығын »Industrial Light & Magic» -компаниясының
Әрі қарай

LG компаниясы халықаралық CES жәрмеңкесінде ең алғашқы майысқан экранды OLED теледидарын ұсынады

TVLG Жаңа OLED теледидары LG компаниясының ұстанымын бекітіп, технология мен дизайн саласында ең алғаш жол салушы деп танылды

LG Electronics (LG) компаниясы Лас-Вегасте өткен CES 2013 халықаралық жәрмеңкесінде тұңғыш рет жаңа EA9800 толқынды экранды OLED теледидарын көрсетілімге шығарды. WRGB фирмалық технологиясы арқасында ерекше жіңішке экранды шығаруға қол жеткізді. Экранның майысқан дизайнымен және табиғатта кездесетін барлық түстердің анық түрде жеткізетін ең үздік сапалы кескіндемесімен ерекшеленетін теледидарын шығарды.

Теледидардың жаңа ерекше EA9800 моделі өз индустриясында тұңғыш рет ерекше майысқан дизайнды CINEMA 3D теледидарын ұсынды. LG компаниясы бұл өнімнің бағасын әлі жарияламады.

«LG компаниясы диагоналі 55 дюймді OLED теледидарын ең алғаш боп шығарды. Біздің жаңа OLED теледидарларымыз көрермендер бұрын тамашалаған теледидарды ұмыттырып, ерекше әсер қалдыратына сенімдіміз. Жаңа майысқан экранды теледидар ерекше дизайнымен, әрі дисплейінің жіңішкелігімен, эстетикалық әдемілігімен OLED теледидарлар топтамасының қатарын толықтырып отыр»,-деп LG Home Entertainment бас директоры, әрі президенті Хавис Квон жариялады.

LG OLED TV теледидарлары керемет көркем, әрі кескіннің анық болуына WRGB технологиясы арқасында қол жеткізді. Color Refiner бұрын көрмеген табиғи, әрі анық кескінді бейнелеуге арналған технология.
OLED диодтары әрқайсысы өз жарығын шығаратындықтан, экран қосымша жарықты қажет етпейді. Бұл LG OLED TV теледидарлырының салмағы мен габаритін азайтуға арналған. Майысқан экранды, ерекше дизайнді EA9800 моделі көрермендерге ешбір кедергісіз теледидарды тамашалауға мүмкіндік береді. CFRP өнімнің салмағын азайтып, сапасын арттырады. LG WRGB технологиясы арқылы жеткен кескіннің керемет сапасын OLED TV стильді дизайны мен жіңішке пішіні толықтырып тұрады.
LG Paper Slim дизайны теледидар тіреуіші мен экранның бір-бірімен жақсы үйлесуін қамтамасыз етеді. CINEMA SCREEN дизайны экранның сыртын көрінбейтіндей қылып жасап шығарды.Экран сыртының көзге көрінбейтіндігі 2D және 3D кескіндерін тамашалаған кезде ерекше әсер қалдырады. Енді жаңа модельді теледидарды қабырғаға жалғыз адам өзі орната алады. Сонымен қатар қабырға мен теледидар арасы 3 см ғана болып келеді. Сондықтан теледидарды өнер туындысы деуге де болады.
Smart Touch Control экранның төменгі жағында орналасқан жылжымалы сенсорлы басқыш пайдаланушыларға OLED теледидарын оңай басқаруға көмектеседі. Мысалы: дауысын өзгерту немесе каналдарды ауыстыру, сонымен қатар теледидарды сөндіру мен қосу.

LG OLED TV теледидарлары LG компаниясының өзіне тән технологияларын біріктірді. (Smart TV функциясы мен CINEMA 3D). Бүгінгі күнге тән үй ойын-сауығының толық сембиозын LG технологияларынан табуға болады.
Әрі қарай

Пышақталған бәтеңке

Бұл оқиға бұрынырақта біздің өңірде болыпты. Оқиға кейіпкерлерінің атын өзгертейін десем толық біле қоймаймын.
Желіккен жастар себепсізден себепсіз бір бас қосу ұйымдастырмақ болады. Алдын-ала ауылдағы қыздар мен жігіттерден кім келетіні, кімдерге хабар айтылуы керектігі белгіленеді. Ауылда бәрі бір-бірімен жақсы араласатындықтан іріктеуге тек бір ғана жігіт ілікпей қалған екен. Не үшін екені өздеріне ғана мәлім, жақында ғана түрмеден шыққан жігіт екен шақырылмай қалған.
Хош, кеш тамаша өтіп жатады.Баянмен, гитарамен, домбырамен ән салынып, қыздар сылқылдай күле бастайды. Шағын ауылда бұндай шулы отырыстың ешкімге білінбей өте қоюы екіталай нәрсе. Әлгі түремшік жігітотырыс әбден қызған кезде жетіп келе қалады. Біреу арқылы отырыс өтіп жатқан үйдің жігітін шақырады. "Әй, әкеңнің аузына сиейін! Мен саған не істеп қойып ем? Мені неге шақырмайсыңдар?". Реніші орынды былай қарасаң, бірақ, шақырылмауының да бір себебі бар шығар. анау жауап қата алмайды. "Әкеңнің аузын ұрайын! Мен қазір сені өлтіремін" деп қолына пышағын алып тұра қуады. Анау қашып кеп береді.
Әрі қарай

Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog

Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.

(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).

Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Әрі қарай

Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын.


Соңғы жылдары жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерді жарыққа шығару қолға алынуда. Болашағы бар, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік жанға қолдау көрсету керек.
ADAM – Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы.
Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты – жауыр болған бірсарынды музыка мен Қазақстан шоу-бизнесіне бұрын соңды болмаған, жаңа үлгідегі жаңалық әкелу. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар драматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізу.

«Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» -дейді ADAM.
Muzzone EMA 2012 марапаттау рәсімінің шымылдығын ADAM «Жол» әнімен ашты. Әннің сөзін Перизат Жұмажан жазса, әнін Elgato дүниеге әкелді. Әннің мағынасына көз жүгіртсек – өмірде өз маңдайына жазылған жолды адаспай табу.
2-ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шоу бизнес пен отандық музыка үшін жылдың ең басты «Еуразиялық MUZZONE EMA 2012» атты марапаттау кешінде жас орындаушының тұсауы кесілді. ADAM көрермендер мен кеш қонақтарын ерекше ән орындау шеберлігімен тәнті етсе, арнайы әнге сай ұйымдастырылған қойылым көшілікті таңғалдырмай қоймады. Танымал өнер адамдарының батасын алып, үлкен сахнаға қадам басқан ADAM-ға сәттілік тілейміз.
Әрі қарай

LG компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде сыйымдылығы жоғары TurboWash™ технологиялы кір жуғыш машинасын көрсетілімге шығарды

TurbowashӨте тиімді жаңа LG кір жуғыш машиналары күшіңіз бен уақытыңызды үнемдейді
Биыл қаңтар айында Лас-Вегасте өткен CES 2013 жәрмеңкесінде LG Electronics (LG) компаниясы өзінің кір жуғыш машинасын ұсынды. Салмағы 15 кг болатын кір жуғыш машина бір салымда кірдің көп мөлшерін жуып, уақытыңыз бен күшіңізді үнемдейді.
Сұраққа жауап алу қорытындысына қарасақ АҚШ әйелдері кір жууға орташа есеппен алғанда бір аптада сегіз сағат жұмсайды екен. Солардың 75 пайызы кір жуу процесі көп уақыт алғанымен қоса жалықтырады деп көрсеткені де таңқаларлық жайт емес. LG компаниясы өндірген сыйымдылығы жоғары, әрі шапшаң циклді Mega-Capacity TurboWash™ кір жуғыш машинасы үй қожайының өмірін бірталай жеңілдетпекші.
LG TurboWash™ технологиялы WM8000 кір жуғыш машина кірді бір жуғанда сапалы нәтиже көрсетіп, уақытыңызды үнемдейді. Инновациялық кір жуғыш машина пайдаланушылардың көңілін қалдырмасы анық. LG кір жуғыш машинасы ENERGY STAR ® «Most Efficient» сертификатымен марапатталған.
«Біз бұл машинаны тұтынушылар сұранысына лайықтап, үлкен көлемді заттарды тез арада жуып шығара алатын етіп жасадық. Осы жолы бәрінен асып түстік, сондықтан тұтынушылар көңілінен шығады деген үміттеміз»,- деп LG Electronics Home Appliance президенті Сон Чжин Джо айтты.
LG WM8000 кір жуғыш машинасы стандартты кір жуғыш машиналарға қарағанда жүктеулігі 18 пайызға жоғары. Кірді сығу және жуып-шаю TurboWash™ технологиясы сіздің уақытыңызды үнемдеп, сапалы нәтиже көрсетеді. Соған қоса WM8000 кір жуғыш машинасының булы жүйесі матадағы дақтарға еніп, кірден айырылуға көмектеседі. Нәтижесінде уақытыңыз бен күшіңізді көп жұмсамай-ақ, кір заттарды көп мөлшерде жуа аласыз.
LG 6Motion™ технологиясы 6 түрлі алгоритімнен тұрады: қаныққан, реверсивті айналдыру, бұрмалау, шайқау, үтіктеу, базалық стандартты барабандардың айналуын өзара қиыстырып, сапалы нәтижесін көрсетеді. Жаңа жақсартылған басқару панелі барлық функцияларын басқара алады, сонымен қатар қазіргі замани стильде жасалған сыртқы пішінімен ерекшеленеді. WM8000 LG өте лас киімдердерге арналған және киім-кешектердің көлеміне байланысты дұрыс жууды автоматты түрде икемдейді. Егер кір жуғыш машинада мәселелер туындаса, шығынданып сервис орталықтарына барудың қажеті жоқ Smart Diagnosis™ технологиясы өзі мәселені тауып, шешіп береді.
Әрі қарай

Интернетпен қашан таныстыңыз?

Мектепке алғаш барған кезімізді, алғашқы ұстазымызды еске алғандай интернетке қалай келгенімізді де еске ала отырайық. Қандай сайттар алғашқы сайттарыңыз еді? Қандай бағдарламаларды көп қолданатын едіңіз?

Менің интернетпен таныстығым 1997 жылы басталды. Анкара қаласында оқитын нағашыма қонаққа барған едім. Университеттеріндегі интернетке алып барды. Алғашқы көрсеткен сайты Караван газетінің сайты www.caravan.kz еді. Алғашқы қазақстандық сайттардың бірі сол сайт болған сияқты. Кейін өзіме барғасын асықпай қараймын деп http:// деп басталатын жерінен бастап бір қағазға жазып алған едім. Осылайша интернеттің не екенін түсіне бастадым.
Әрі қарай

Ainol Novo 7 Crystal. Планшетке Фото-шолу.

Ainol Novo 7 Crystal. Планшетке Фото-шолу.

Сәлем оқырмандар!

Бүгінгі тақырыбымда операциялық жүйесі Android 4.1 Jelly Bean, Ainol Novo 7 Crystal планшетіне шолуым туралы жазамын.



Бірінші рет қолыма алған кезде біртүрлі сезім болды. Себебі Ipad-тан кейін бірден үйреніп кетуім қиын болды. Бір күннен кейін барлық минустары жойыла бастады. Бір аптаның ішінде планшет өзінің жақсы жақтарына толы екенін дәлелдеді.
Әрі қарай

LG компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде Door-in-door форматтағы инновациалық тоңазытқышты көрсетілімге шығарды

LG тоңазытқышыЖаңадан шыққан Инновациялық LG тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық пен пайдаланудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

7 қаңтар, 2013-LG Electronics компаниясы CES 2013 жәрмеңкесінде сыйымдылығы кеңейтілген, қос есікті тоңазытқыштарын ұсынды. Ғажайып дизайнді, өте ыңғайлы қос есікті (Door-in-door) тоңазытқыштары пайдаланушыларға кез келген уақытта сүйікті тағамдары мен сусындарын бір пернені басып қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тоңазытқыштың есігін ашқан сәтте суық ауаның азайғандығы жайлы ескертеді және тамақ өнімдерінің бұзылып кетпеуінің алдын алады.

«LG тоңазытқыштары тамақ өнімдерін сақтауда жаңа әдіс-тәсілдері мен көптеген таңғажайып жүйелерді ұсынады» — деп LG Electronics компаниясының HA бөлім Президенті Сеонг-джин Джо айтты. LG компаниясы тұтынушыларға интеллектуалды өнімдерді шығаруға дайын екендігін өзінің жаңа door-in-door системасымен дәлелдеді.

French сериясының жаңа тоңазытқышыFrench сериясының тоңазытқыштары кеңейтілген сыйымдылық (880 литр), door-in-door жүйесі мен басқа да ерекше жүйелерді, соның ішінде мұзға арналған шағын Slim SpacePlus™ Ice System жүйесімен таң қалдырды. Мұзға арналған шағын дизайн, әрі жаңа жүйелі есіктегі кеңістікті оңтайландыру мен сөрелерді қолданудағы ыңғайлылық. Тоңазытқыш іші кеңейгенмен, сыртқы пішіні сол қалыпта стандартты түрде қалды. Тоңазытқыштың үлкен сыйымдылығы, ас үйдегі кеңістіктің кеңейюіне мүмкіндік береді.
Әрі қарай

ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰТЫЛЫП БАРАДЫ

Түсінген адамға қандай әсерлі.



(1)- граница 1939 года (согласно Большому советскому атласу мира),
(2)- современные государственные границы.
(3)- территория Казахстана, которая не меняла своей принадлежности при изменении границы с Узбекистаном
(4)- территории, отошедшие от Казахстана к Узбекистану.
(5)- территория Узбекистана, которая не меняла своей принадлежности при изменении границы с Казахстаном.
(6)- территория, отошедшая от Узбекистана к Казахстану.

Бұны сіздерге жариялап отырғаным өзім сол жақта туып өскендіктен қайда жүрсеңде туған ел туралы ғаламтордан болсын іздеп отырады екенсің.

Бұл төмендегі мақаланы толық оқып шық демеймін әрине, ол өте көп.

сіздер де картаға қарап, біліп жүрсе екен деп едім.

ҚАЗАҚ ЖЕРЛЕРІ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰТЫЛЫП БАРАДЫ

Жауапсыз қалған сұрақ немесе шекара туралы жан айқай

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы 13-қараша күні тікелей желіде Қазақстан халықтарының көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Сол күпі түскен ондаған мың сұрақтарға жауап беру мүмкін емес екендігін көпшілік жақсы түсінеді. Оған ешкім де Елбасына өкпелей алмайды. Бірақ, Елбасымыз жауап беріп үлгере алмаған барлық сауалдарға жауап алатынын, жауап беруді Үкіметке, тиісті минстрліктерге тікелей тапсырма бергенін айтқан болатын. Жауап беру мерзімін өткен жылы 15-желтоқсанға дейін дел белгіледі. Бірақ, мен сол кезде жолдаған сұрақтардың жауабын әлі күнге дейін ала алмай отырмын.
Мені және Мақтаарал ауданының халқын көп жылдан бері мазалап келе жатқан «Шекара» мәселесі еді. Бұл мәселе тек қана Мақтаарал халқын емес, бүкіл Қазақстан халқын толғандыратын, ойландыратын кезек күттірмейтін жағдай деп есептеймін. Өйткені әр ел, мемлекет Одақ тараған соң, өз шекараларын белгілеп нықтай түсті, шама шарқынша шекараларын белгілей бастады. ӨйткенІ мемлекеттің шекарадан басталатынын халық біледі. Бізді толғандырып отырғаны сол шекара сызықтарының (делимитациялық) әлі күнге дейін дұрыс сызылмауы. Кезінде, Қызыл империяның өктемдігімен біздің Қазақстан жері талан-таражға түсті. Керек болса кезінде Солженицин, Жириновский сияқтылар "қазақ деген көшіп-қонып жүріп, сол қонған жерін менікі дейтін халық. Қазақ дейтін ел жоқ” деп сандырақтады. Кезінде Н.С.Хрущев Солтүстік Қазақстанды Россияға қосып, Ақмола облысынан немістерге автономиялық облыс ашпақ та болды. Бірақ, сол кездегі қазақ халқы үшін, жері үшін қаймықпай қарсы тұрған Ж.Тәшенов сияқты азаматтарымыз ерлік көрсетті. Жұдырық болыл жұмылған қазақ халқы, қылышынан қан тамған қызыл империяның айтқанына көнбей қарсы тұра білді.
Бірақ, Н.С.Хрущев ешкімді тыңдамай баса көктеп, қазақ жерін талапайға салды. Бостандық, Мақтаарал, Киров, Жетісай, Шымқорған сияқты шұрайлы бай өлкелерін Өзбекстанға беріп жіберді. Кейіннен Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандары Д.Қонаев ағамыздың арқасында қайтарып алынды. Д.Қонаев ағамыздың бұл ерлігіне алғысымыз бен ризашылығымыз ұшан теңіз. Бірақ, айта кететін өкпе-назымыз да жоқ емес. Сол кезде Қызыл Империяны көп жыл басқарған Л.И.Брежневпен жақын етене дос бола жүріп, қазақтың барлық жерін қайтарып алмағанына айтар назымыз бар. Жүрегінің кеңдігінен, арамдығының жоқтығынан Өзбекстан басшыларының жымысқы, құйтұрқы әрекеттерін байқамаған да болар. Сол үшін ауданды қазақтар қайтып алайын деп жатыр дегенді естіген өзбек басшылары түлкі-бұлаң зымияндыққа барды. Бұрынғы Киров ауданына қарасты Арнасай, Амангелді, Ильич, Шымқорған совхоздарын Өзбекстанның Жызақ облысының Фарыш ауданына апарып қосып қойды. Сөйтіп жоғарыдан Өзбекстанға тиімді шешім шығартты. Сол қаулыдан кеткен «бір сөзден» қазақ қаншама жапа шекті. Қаулыда «бұрынғы территориясымен емес, қазіргі территориясыен қайтарылсын” деп жазылды. Сол солақай шешім мен қаулының кесірінен аты аталған совхоздар мал-мүлкімен, байлығымен Өзбекстанда қалып қойды. Озбектер сол қате қаулының арқасында (әрине, бәрі де қолдан жасалған) Жызақ облысын ашып алды. Жызақ облысы түгелімен Қазақтың жері деуге болады. Мыңдаған шаршы шақырым жеріміз — Шымқорған, Арнасай, Амангелді, Ильич совхоздары, сонау Бұхара облысына дейін баратын ұлан-байтақ Қызылқұм жайылымы түгел Өзбекстанда қалып қойды. Белгілі қазақ азаматтары, Социалистік еңбек ерлері Үкібаев, Сәмен Пірназаров сияқты ел ағалары бастап қаншама рет шағымданғанымен, барлығы ескерусіз қалдырылды. Бұл көршімізбен тату-тәтті тұрайық деген пиғыл болуы мүмкін.
Бұрынғы „Бостандық” ауданы түгел халқымен, байлығымен сол күні Өзбекстанда қалып қойды. Егемендік алған соң ондағы тұрып жатқан қазақ халқы біраз толқып барып басылды. Ал, өзіммізге қарасты ем алып, демалып жүрген шипажайлар — “Шымған” мен „Газелкент” ешқандай Қазақстанның келісімінсіз-ақ Өзбекстан жағына көшті. Өзбектер сол шипажайларға баратын жолдарымыздың бәрін тапс қып бекітіп тастады. Біро қазақты өткізбей қойды. Ешкім бара алмаған соң шипажайлар бос қаңырап қалды. Оның айналасында тұрып жатқан қазақтарды үй-жайларын тастап көшіп кетуге мәжбүр етті. Ол жердегі қазақтар түгел көшіп кеткен соң шипажайлардың ғимараттары да тозып біткен. Өзбек ағайындардың бұл қылығына тіл қатқан бір ел азаматы табылмады. Белгілі мемлекет қайраткері Хайдар Арыстанбеков ағамыздың жазған бір мақаласында: “Өзбектер Қазақстан территориясына барлық шектесіп жатқан жерлерінде біздің ішімізге 500 метрден 1 шақырымға дейін кіріп кеткен” дейді.
Қарап тұрсақ, шындығында солай. Мақтаарал ауданы шектесіп жатқан Өзбекстанның «Сырдария» облысында «Шалыкөр», «Шыбынтай» деген ауылдар бар. Сол «Шыбынтай» мен «Шалыкөр» ауылына қарасты жерлер де бар еді. Сол жердерді Одақ кезінде өзбектер бау-бақша егіп иеленіп алды. Сонда да „бұл қалай?” Деген бір қазақ тьабылмады. Мұндай жерлер Сарыағаш ауданының Өзбекстанмен шектесіп жатқан жерлерінде көптеп кездеседі. Кезінде осы ауданда әкім болып істеген Нұрлан Сейітжаппаров деген азаматтың жігерсіздігінен, әлде Өзбекстанның әмпей-жәмпейлігінің арқасында біраз жер Өзбекстанға өтіп кетті. Соның кесірінен шекара сызығы да дұрыс болмай, өзбектер жағы “малың өтіп кетті” деп қазақтарды жазықсыз атып өлтірген жағдайлар да кездескен. Оны бүкіл ақпарат құралдары арқылы халық естіп-біліп жүр. Соған да шыдап келеміз. Ел тыныштығын ойлаған халықпыз ғой. Бірақ, сонымыздан талай рет опық жеп те келеміз.
Соңғы жылдар көлемінде Елбасымыздың тапсыруы бойынша, Мақтаарал ауданының Өзбекстанмен арадағы шекара сызықтары делимитацияланды. Екі Республика арнайы комиссия шығарып, делимитация сызықтарын сызып, қазықтар қағылды. Бірақ, Қазақстаннан барған комиссия мүшелерінің тірлігіне ел риза емес. Сондықтан дау-дамай әлі күнге жалғасып, үлкен жанжалға айналуда. Өйткені, делимитация сызықтары дұрыс сызылмаған. Қазақстан жағынан барған комиссия мүшелерінің жігерсіздігінен, бойында ұлттық намыстың жоқтығынан көп жеріміз Өзбекстанға беріліп қойды.
Мәселен, бұрыннан Қазақстанның „Қоғалы” совхозының біраз жері, Мақталы совхозының бөлімшелері, “Маңғытай”, „Құлшығаш” ауылдарының жерлері, “Атамекен” кеңшарының жерлері ауыл тұрғындарының мемлекеттік актілері бола тұра, Өзбекстанға өтіп кеткен. Ол ол ма, „Қоғалы”, “Қараөзек” совхоздарының Қызылқұмдағы мал жайылымдарының көбісін құдықтарымен қоса Өзбекстанға қалдырып қойған. Меніңше, қазақстандық комиссия мүшелері жердің жай-жапсарын білмейтін, түсінігі жоқ, ұлт намысынан хабарсыз жандар болғанға ұқсайды.
Өзбекстанның комиссия мүшелері Қазақстанның ұлтарақтай жері болса да өздеріне қаратуға тырысқан. Құмдағы кейбір отырған қазақтардың үйін бір бөлек, құдығын бір бөлек қылып сызықтар сызған. Қаншама мал жайылымдары Өзбекстан аумағына өтіп кеткен. Егер сол кездегі комиссия мүшелерінің құрамында бұрынғы сол совхоздың басшылары мен жергілікті тұрғындар, ақсақалдар болғанда, мұндай келеңсіз дау-дамай, жанжал болмасы анық еді. Сол кезде бір өзбек тұрмайтын „Амангелді”, “Арнасай”, „Ильич” совхоздарының Қазақстанда қалуына толық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ, сол комиссия мүшелері мен совхоз басшыларының қарақан қу басының қамын ойлап, намыссыздық танытқанының салдарынан ешқандай әрекет етпей, қол қусырып отырғаны қынжылтады. Қаншама халықтың қарғысына ұшырап отыр. “Шөптің басы жел тұрмаса қимылдамайды” дегендей, тұрғындар арасында комиссия мүшелері өзбектер не айтса соны істеп, бас шұлғып, қол қой деген жеріне қолдарын қойғанын әңгіме етеді. „Жыланға арбалған торғайдай” күн кешкен деседі.
Ал енді мынаған назар аударайық. “Арнасай” платинасы Шардара ГЭС-інің су қоймасының ажырамас бір бөлшегі. Су қоймасының артық суы осы платина арқылы Айдаркөлге жіберіледі. Шардара ГЭС-і, Арнасай платинасы, Айдаркөл үшеуі бір-бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес. Үшеуі тұтас бір организм. Бұл дүниежүзілік халықаралық келісім бойынша солай болуға тиісті.
Соған қарамастан Айдаркөлге өзбектер еге болып шыға келді. Олар Айдаркөлді екі жерден бөліп платина салып, балық өсіретін су қоймасын жасап алды. Осы Арнасай платинасының жанында „Арнасай” поселкесі бар. Ол Шардара ауданына қарайды. Сол Арнасай елдімекеніне бару үшін міндетті түрде Амангелді, Арнасай совхоздары арқылы өтесің. Егер Амангелді, Арнасай сол күйі Өзбекстанда қалып қойса, Қызылқұм селолық округіне қарасты Қарасақал ауылы арқылы өтетін, Шардара су қоймасының шетімен жүретін жол бар еді. Соңғы кезде сол Қарасақал ауылының жолына да өзбектер шекара қазықтарын қайта қағып, алып қойған. Енді сол Арнасай поселкесі тек тікұшақпен немесе қайықпен баратын аралға айналып отыр.
Шипажайларымыз Шымғанның кероін келтіріп отыр. Арнасай елдімекенін де Шымған сияқты, қазақтар тастап кетеді деп ойлап отырса керек. Өзбектердің патриоттық сезімдеріне таң қаламын. Бір адым жер үшін жанын беруге дайын, ал біздің қазақ азаматтары бабаларымыздың білек күшімен, найза ұшымен қан төгіп сақтап қалған жерінен айырылып отырғанымыз мынау. Егер Елбасымыз халықтың жан-айқайын түсініп, тағы да арнайы комиссия шығарып, ең болмағанда Амангшелді, Арнасай совхоздарын мал жайылымдарымен шипажайымыз Шымған мен Ғазалкенттің орнына айырбастап алса құба-құп болар еді, елдің алғысына бөленер еді. ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен биылғы Барыс жылында осы мәселені шешеді деп сенеміз.
Бұл шекара мәселесі жөнінде көптеген ақпарат құралдары халықтың жанайқайын жария етті, бірақ ешқандай қимылдаған әкімді, халық қалаулыларын, не үкіметті көрмедік. Мысалы, Мақтаарал ауданынан шығатын “Нарық Әлем” газетінің 2003 жылғы №7-санында Ерсайын Жетпісбаев деген азаматтың „Көктөбеге қайтадан көш келе ме?” Деген мақаласы жарық көрді. Онда Өзбекстанға өтіп кеткен жерлер картасымен берілген. Өте ашық және түсінікті етіп көрсетілген. Өзі шығарған өлең шумақтары да қаны қазақ азаматтардың жүрегін сыздататын, ойландыратын әсері бары анық (газет редакторы Жаппар Ғаппаров).
“Оңтүстік Қазақстан” газеті 2009 жылы 119-нөмірінде Төлемырза Темірбекұлының „Қош Мырзашөл” өлең топтамаларын жариялады. Түсінген адамға қандай әсерлі.
2009 жылғы 3-қазандағы нөмірінде “Оңтүстік Қазақстан” газетінің тілшісі Сәбит Қалдыбаев „Шекараға тікенек сым тартылса күніміз не болады?” Деген тақырыппен өз мақаласын жариялады. Онда Амангелді, Арнасай совхоздары халқының жанайқайы толық жазылған.
“Жас Алаш” газетінің 2003 жылдың 21-қаңтарындағы нөмірінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовке „Тасмағамбетов орындасын, “Жас Алаш” газеті бақылауға алсын” деген қол қойылған хаттамасын берген. Сол кезде қуанып қалып едік, бірақ, неге екені белгісіз, оны Тасмағамбетов аяқсыз қалдырды.
Міне, осы сияқты мақалалар көптеп жазылып жатыр, оны көретін көз, еститін құлақ болса. Теледидардан да беріліп жатыр. Әлі де Елбасының есіне түсіріп, халықтың жанайқайычн жеткізер азаматтар табылар деген үміттеміз. Бұл мәселені жедел шешпесе, екі халық арасына сына қағылып (бетін аулақ қылсын), „Қарабаққа” айналып кетуі ғажап емес. Ел билеген азаматтар ойланар, толғанар, бұл мәселені бейбіт жолмен шешер деген ойдамыз.
Ағман САБЫРХАНОВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Әрі қарай