LG компаниясы халықаралық CES жәрмеңкесінде ең алғашқы майысқан экранды OLED теледидарын ұсынады

TVLG Жаңа OLED теледидары LG компаниясының ұстанымын бекітіп, технология мен дизайн саласында ең алғаш жол салушы деп танылды

LG Electronics (LG) компаниясы Лас-Вегасте өткен CES 2013 халықаралық жәрмеңкесінде тұңғыш рет жаңа EA9800 толқынды экранды OLED теледидарын көрсетілімге шығарды. WRGB фирмалық технологиясы арқасында ерекше жіңішке экранды шығаруға қол жеткізді. Экранның майысқан дизайнымен және табиғатта кездесетін барлық түстердің анық түрде жеткізетін ең үздік сапалы кескіндемесімен ерекшеленетін теледидарын шығарды.

Теледидардың жаңа ерекше EA9800 моделі өз индустриясында тұңғыш рет ерекше майысқан дизайнды CINEMA 3D теледидарын ұсынды. LG компаниясы бұл өнімнің бағасын әлі жарияламады.

«LG компаниясы диагоналі 55 дюймді OLED теледидарын ең алғаш боп шығарды. Біздің жаңа OLED теледидарларымыз көрермендер бұрын тамашалаған теледидарды ұмыттырып, ерекше әсер қалдыратына сенімдіміз. Жаңа майысқан экранды теледидар ерекше дизайнымен, әрі дисплейінің жіңішкелігімен, эстетикалық әдемілігімен OLED теледидарлар топтамасының қатарын толықтырып отыр»,-деп LG Home Entertainment бас директоры, әрі президенті Хавис Квон жариялады.

LG OLED TV теледидарлары керемет көркем, әрі кескіннің анық болуына WRGB технологиясы арқасында қол жеткізді. Color Refiner бұрын көрмеген табиғи, әрі анық кескінді бейнелеуге арналған технология.
OLED диодтары әрқайсысы өз жарығын шығаратындықтан, экран қосымша жарықты қажет етпейді. Бұл LG OLED TV теледидарлырының салмағы мен габаритін азайтуға арналған. Майысқан экранды, ерекше дизайнді EA9800 моделі көрермендерге ешбір кедергісіз теледидарды тамашалауға мүмкіндік береді. CFRP өнімнің салмағын азайтып, сапасын арттырады. LG WRGB технологиясы арқылы жеткен кескіннің керемет сапасын OLED TV стильді дизайны мен жіңішке пішіні толықтырып тұрады.
LG Paper Slim дизайны теледидар тіреуіші мен экранның бір-бірімен жақсы үйлесуін қамтамасыз етеді. CINEMA SCREEN дизайны экранның сыртын көрінбейтіндей қылып жасап шығарды.Экран сыртының көзге көрінбейтіндігі 2D және 3D кескіндерін тамашалаған кезде ерекше әсер қалдырады. Енді жаңа модельді теледидарды қабырғаға жалғыз адам өзі орната алады. Сонымен қатар қабырға мен теледидар арасы 3 см ғана болып келеді. Сондықтан теледидарды өнер туындысы деуге де болады.
Smart Touch Control экранның төменгі жағында орналасқан жылжымалы сенсорлы басқыш пайдаланушыларға OLED теледидарын оңай басқаруға көмектеседі. Мысалы: дауысын өзгерту немесе каналдарды ауыстыру, сонымен қатар теледидарды сөндіру мен қосу.

LG OLED TV теледидарлары LG компаниясының өзіне тән технологияларын біріктірді. (Smart TV функциясы мен CINEMA 3D). Бүгінгі күнге тән үй ойын-сауығының толық сембиозын LG технологияларынан табуға болады.
Бөлісу:

8 пікір

Di2606
иа, өте керемет теледидар)
Aldeken
енді ЭлДжи компаниясының Қазақстандағы өкілдігі жарнама үшін төлемін админнің шотына аударжверсе, уаще күшті болады… ))))))))))))))))))
Di2606
иа, керемет ой екен.Компанияда танысыңыз болса, айта салыңызшы)))
Aldeken
компанияның жарнамалық парақшаларын аударып салған өзің ғо, бастаған соң аяғына дейін жеткізген дұрыс, негізі…
Di2606
Жақсы)Окырмандарға қызықты болсын дегенім ғой, жаңадан шығып жатқан техникалар жайлы біліп отырған ешкімге де артық етпес деп ойлаймын