Мен сіздерге нағыз музыканы сыйлаймын.


Соңғы жылдары жұлдыз болуды армандайтын жас әншілерді жарыққа шығару қолға алынуда. Болашағы бар, бойында табиғи дарыны бар, өз ерекшелігі де жетерлік жанға қолдау көрсету керек.
ADAM – Қазақстанда классикалық ритм-н-блюз жанры бойынша алғашқы орындаушы.
Продюсерлердің ADAM-ды жарыққа шығарудағы басты мақсаты – жауыр болған бірсарынды музыка мен Қазақстан шоу-бизнесіне бұрын соңды болмаған, жаңа үлгідегі жаңалық әкелу. Орындаушының басты ерекшелігі – әнді таза, шынайы орындаумен қатар драматургия мен жан тебірентер, өмір тақырыбындағы әндерді тыңдармандардың жүрегіне жеткізу.

«Сіздің санаңызға шынайылық, жүрегіңізге мейірімділік дәнін егіп, жаныңызды нағыз музыкамен сусындатамын. Мен сол үшін келдім. Қарсы алыңыздар!» -дейді ADAM.
Muzzone EMA 2012 марапаттау рәсімінің шымылдығын ADAM «Жол» әнімен ашты. Әннің сөзін Перизат Жұмажан жазса, әнін Elgato дүниеге әкелді. Әннің мағынасына көз жүгіртсек – өмірде өз маңдайына жазылған жолды адаспай табу.
2-ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шоу бизнес пен отандық музыка үшін жылдың ең басты «Еуразиялық MUZZONE EMA 2012» атты марапаттау кешінде жас орындаушының тұсауы кесілді. ADAM көрермендер мен кеш қонақтарын ерекше ән орындау шеберлігімен тәнті етсе, арнайы әнге сай ұйымдастырылған қойылым көшілікті таңғалдырмай қоймады. Танымал өнер адамдарының батасын алып, үлкен сахнаға қадам басқан ADAM-ға сәттілік тілейміз.
Бөлісу:

1 пікір

asaubota
әкел көрейік та клипі бар болса.

жалпы деймін да қазіргі әншілер әнді өнер үшін емес той үшін айтып жүргендей. тек сондай әндер шығып жатыр. былай шынымен музыка үшін музыка істеп жүрген қазақстандық музыканттар аз. музыкант деп қазір тек тойда музыка қосып тұратындарды атайды.