"Мен көрген BlogCamp: Құрылтай - 2013" бәйгесінен тыс. Еркебұлан Алдабергенов

Біз бір-бір бірлестік құрайық)
Шымкентте өткен 3-ші құрылтайдың қатысушысы болдым. Көзбен көргенімді, ойға түйгенімді айтайын. Екі мәселеге назарларыңызды аударғым келеді.Блогқұрылтай 2013 шарасының жаңа ойыншысы

Біріншісі Қазақ блогерлері шын мәнінде қоғамдық пікір қалыптастыратындай үлкен күшке айналғанына анық көзім жетті. Саяси күшке. Қоғамдық-саяси процестерге араласатын болса, кез-келген саяси науқанның парша-паршасын шығарады бұлар. Саналы түрде, бас тартып отыр саясаттан. Әзірше. Алған бағыттарынан ауытқып кетулері, әбден мүмкін. Саясиланып. Онда ешкімге оңай соқпайды. Әсіресе билікке. Ресейдегі жағдайды көріп отырмыз. Орыс блогерлері, екі күннің бірінде Дума депутаттарын мандаттарынан «айырып» жатыр. Екі мағынасында да. Қалай түсінсеңіз, солай қабылдаңыз. Владимир Пехтин ұшты думадан. Майамиде вилласы бар екен бұл пақырдың. Блогерлер біліп қойып, быт-шытын шығарды сабаздың. Алексей Кнышовты да депутаттық мандаттан бас тартуға мәжбүрлеген блогшылар. Кезекте Руслан Гаттаров, Владимир Бурматов, Ришат Абубакиров, Владислав Третьяк тұр. Орыс блогерлері бұл депутаттар дессертацияларын көшіріп алған деп айыптап отыр. Плагиат. Қоғамдық пікір арқылы, думадан қумақ. Біздің мәжілісте де қателеспесем ғылым докторлары да баршылық. Шет елдерде жылжымайтын мүліктері барларын айтпағанда. Енді ойланып көріңіз. Қазақ депутаттарын мәжілістен кетіруге мәжбірлемесе де, халық алдында қара бет қылуға қауқарлы қазақ блогерлері.
Екіншісі. Мем хатшы Марат Тажин айтқан тезистерге қатысты. Билік, блогерлермен тығыз жұмыс істеу керек деген болатын. Алғашқы қадам жасалды. Шымкентте. Блогқұрылтайға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолдау көрсетті. Қолдау көрсетіп ғана қоймай, өзі келіп қатысты. Формат. Галстуксыз. Бейресми. Жас блогерлердің еркін сұрақтарына жауап берді. Алдарыңызға, топтың ортасынан төбе көрсетіп, көптің ортасынан көзге түсу үшін келгенім жоқ деді әкім. Диалог қалыптасты. Атқарушы билік өкілі мен блогшылар арасында. Әдемі әңгіме болды. Шынайы. Блогерлер бұқпантайламады. Мырзахметов мысымен баспады. Асқар Исабекұлы атқарып жатқан, игі істерімен мақтанбады. Әкімге шапан жабылмады. Естелікке блогерлер футболка сыйлады. Демократия. Ашық айтылды. Пікірлер. Ойлар. Позициялар. Қысқасы, екі тарап та кездесуден қанағаттанды. Болады екен. Бірге жұмыс жасауға. Стратег, Марат Тажин айтқандай. Меніңше, билік те, блогерлер қауымы да әріптестік қарым-қатынасқа мүдделі болулары керек. Әйтпесе, жоғарыда айттым ойымды. Билік түсінуі керек. ОСДП сияқты саяси партиялардан, қазақ блогерлері ықпалды, қуатты саяси күш екенін…
P.S. Айтпақшы, Блогқұрылтайдың ашылуына Облыс әкімі Асқар Мырзахметовты, қортындысына білім және ғлым вице министрі Мұрат Әбеновты алып келген Берік Уалидің азаматтығын айтпасақ әділетсіз болар! Блогқұрылтайдың бас қасында болып, жан-жақты қолдау көрсеткен. Билікпен блогерлерді байланыстырған. Бар болыңыз аға! Мемлекетшіл жұмыстарыңыз нәтижелі бола берсін...
Еркебұлан Алдабергенов
Әрі қарай

Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)

Алматы-Шымкент пойызынан түсіп келе жатып терезеден сыртта Илиястың Нұрлан Жанайды қарсы алып жатқан сәтін көріп қалдым. Бұл менің ең алғаш виртуалды адамдарды реалда көруім болды. Пойыздан түсіп Нұрланды тауып алайын деп едім, жер жұтқандай жоқ болып кетіпті.
Әрі қарай

Мен көрген БлогКэмп

Көптен күткен, көптен шақырған блогкэмте өтіп кетті. Біраз адамдар мен танысып, Шымкентті көріп қайттық. Өкініште, қуанышта бар. Кемшілігі де сол пайдалы ақпарат ала алмағаным шығар… Жылда өзіме пайдалы бір ақпар алып қайтатынмын, мүмкін ақпарат алатын белестен өтіп ақпарат беретін белеске өтіп кеткен де шығармын... 
Әрі қарай

Құрылтайдан бір сәт

Мен көрген құрылтай тіркелуден басталды. Неге десеңіз мен сияқты қаңғыбасқа пойызға міну, түсу, күтіп алу дегендер үйреншікті жағадай ғой.
Сонымен тіркелу. 3қабатқа көтеріліп келсек әдемі қыздардың бәріне көк футболка кигізіп, қаз қатар тізіп қойыпты.
— Сәлем, қыздар! Сіздер ме тіркейтін?
Әрі қарай

ІІІ-Блогқұрылтай және Шымкент

Жалпы биылғы блоггеррлердің 3-ші басқосуы өте тамаша өтті. Оны ұйымдастырған Данияр, Нұрлан және тағы басқа шымкенттік барлық бауырларымызға үлкен алғыс айтамын. Сонымен қатар қолдау көрсеткен барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен мекемелерге көпшілік риза болды.
Әрі қарай

Оппозицияға сұрақ

Қазіргінің алдындағы Мәжіліс таратылғанда барлық оппозициядағылар мәз болып күлгені естеріңде ма? Былай деп еді ғой: "Қайда сендерді сайлаған 80 пайыз? Өздері сайлаған Мәжілісті неге қорғамайды? Көшеге 80 пайыз түгілі 80 адам да шықпады ғой. Сайлауда қалай жеңгендерің көрініп қалды ғой." Сөйтіп алып: «Сайлауда біз көп дауыс аламыз ылғи. Егер сайлау адал өтсе біз парламенттегі негізді орынды алатын едік. Халықтың сөзін сөйлеген соң олардың барлығы бізді қолдайды.» Өздері бір дауысты санап, статистика жүргізіп қойғандай. Өткенде Әміржан Қосанов ағамызды өздерінің жиналысына кіргізбей қойғанда көшеге 50 мың мүшесінен елу адам да шыққан жоқ. Сонда қолдайтындар қайда болды? Олар өздерінің социал-демократиялық идеяларын ұмытып қалған ба? Парламентке жаңадан сайлау болса қанша процент аламыз деп ойлайды? Бәріне ортақ сұрақ: бұл оппозицияның проблемасы ма әлде барлығымыздың проблемамыз ма?
Әрі қарай

Мен көргім келетін БлогҚұрылтай-2014



Шымкентте өткен БлогҚұрылтай біраз түйткілдің басын ашып берді.

Ұйымдастырушы жігіттерге айып жоқ. Қолынан келгенін істеді, ешкімді "қыңқ" дегізбей, күтіп алып, шығарып салып, аяғын жерге тигізбей күтті.

Бірақ, жиынның ресми жағы біраз ақсап қалғанын мойындауымыз керек. Және ол ұйымдастырушылардың да кінәсі емес.

Сондықтан, өз тарапымнан бірнеше ой айтпақпын.
Әрі қарай