"Мен көрген BlogCamp: Құрылтай - 2013" бәйгесінен тыс. Еркебұлан Алдабергенов

Біз бір-бір бірлестік құрайық)
Шымкентте өткен 3-ші құрылтайдың қатысушысы болдым. Көзбен көргенімді, ойға түйгенімді айтайын. Екі мәселеге назарларыңызды аударғым келеді.Блогқұрылтай 2013 шарасының жаңа ойыншысы

Біріншісі Қазақ блогерлері шын мәнінде қоғамдық пікір қалыптастыратындай үлкен күшке айналғанына анық көзім жетті. Саяси күшке. Қоғамдық-саяси процестерге араласатын болса, кез-келген саяси науқанның парша-паршасын шығарады бұлар. Саналы түрде, бас тартып отыр саясаттан. Әзірше. Алған бағыттарынан ауытқып кетулері, әбден мүмкін. Саясиланып. Онда ешкімге оңай соқпайды. Әсіресе билікке. Ресейдегі жағдайды көріп отырмыз. Орыс блогерлері, екі күннің бірінде Дума депутаттарын мандаттарынан «айырып» жатыр. Екі мағынасында да. Қалай түсінсеңіз, солай қабылдаңыз. Владимир Пехтин ұшты думадан. Майамиде вилласы бар екен бұл пақырдың. Блогерлер біліп қойып, быт-шытын шығарды сабаздың. Алексей Кнышовты да депутаттық мандаттан бас тартуға мәжбүрлеген блогшылар. Кезекте Руслан Гаттаров, Владимир Бурматов, Ришат Абубакиров, Владислав Третьяк тұр. Орыс блогерлері бұл депутаттар дессертацияларын көшіріп алған деп айыптап отыр. Плагиат. Қоғамдық пікір арқылы, думадан қумақ. Біздің мәжілісте де қателеспесем ғылым докторлары да баршылық. Шет елдерде жылжымайтын мүліктері барларын айтпағанда. Енді ойланып көріңіз. Қазақ депутаттарын мәжілістен кетіруге мәжбірлемесе де, халық алдында қара бет қылуға қауқарлы қазақ блогерлері.
Екіншісі. Мем хатшы Марат Тажин айтқан тезистерге қатысты. Билік, блогерлермен тығыз жұмыс істеу керек деген болатын. Алғашқы қадам жасалды. Шымкентте. Блогқұрылтайға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолдау көрсетті. Қолдау көрсетіп ғана қоймай, өзі келіп қатысты. Формат. Галстуксыз. Бейресми. Жас блогерлердің еркін сұрақтарына жауап берді. Алдарыңызға, топтың ортасынан төбе көрсетіп, көптің ортасынан көзге түсу үшін келгенім жоқ деді әкім. Диалог қалыптасты. Атқарушы билік өкілі мен блогшылар арасында. Әдемі әңгіме болды. Шынайы. Блогерлер бұқпантайламады. Мырзахметов мысымен баспады. Асқар Исабекұлы атқарып жатқан, игі істерімен мақтанбады. Әкімге шапан жабылмады. Естелікке блогерлер футболка сыйлады. Демократия. Ашық айтылды. Пікірлер. Ойлар. Позициялар. Қысқасы, екі тарап та кездесуден қанағаттанды. Болады екен. Бірге жұмыс жасауға. Стратег, Марат Тажин айтқандай. Меніңше, билік те, блогерлер қауымы да әріптестік қарым-қатынасқа мүдделі болулары керек. Әйтпесе, жоғарыда айттым ойымды. Билік түсінуі керек. ОСДП сияқты саяси партиялардан, қазақ блогерлері ықпалды, қуатты саяси күш екенін…
P.S. Айтпақшы, Блогқұрылтайдың ашылуына Облыс әкімі Асқар Мырзахметовты, қортындысына білім және ғлым вице министрі Мұрат Әбеновты алып келген Берік Уалидің азаматтығын айтпасақ әділетсіз болар! Блогқұрылтайдың бас қасында болып, жан-жақты қолдау көрсеткен. Билікпен блогерлерді байланыстырған. Бар болыңыз аға! Мемлекетшіл жұмыстарыңыз нәтижелі бола берсін...
Еркебұлан Алдабергенов
Бөлісу:

16 пікір

Aikona
Мейлінше саясаттан алыстамақ болсақ та бізді жақындастыруға тырыстыратындарың-ай. БлогКэмптің ресмиленгені ұнамайды. Шымкенттен кеткен қате де осы. Әкім де, Мұрат Әбеновте, Берік Уәли де келмей-ақ қоюы керек еді. Келе ма, жәй көруге тыңдауға келсін. Енді біз бейресми деп бірнәрсе айтып көрші… Жалпы, осыған ашулымын, себебі саясатпен ойнамағанды қалайтындардың қатарынанмын!!!
Rozatai
айтпақШ, басында анау футболканы әкімге мен табыстайтын болғанмын. Өзім жұлқынған жоқпын, Данияр Алан қолыма футболка мен ручка беріп, тапсырды.Мен сақадай сай тұрғанымда, әнебір жоңғар деген нигі бар бала қолымнан тартып алғандай қылып алып кетті.  «Менен де шустрый екенсің, бауырым!» дегім келді де, "қойшы" дедім. Қыздан бетер шустрить еткен жақсы емес, негізі
aza
Шымкент қой…
ruben
 Ой, прям-ай! Явуздікі — жекелеген жағдай. Не мүдде көздегенін өзінен сұраған жүөн, жалқының, брат, әрекетін жалпылағаннан гөрі. Амитофо!
Zilola
Екінші күні қыздар ұйқыашардан жүлделі болмағанда, төбелес шығарайын деп отырғанмын негізі. Ашулы болдым бірінші күндегі кейбір әрекеттер мен күтпеген жайттардан.
Соңғы түзету:
Arys_arlany
Жоңғар емес, )))))) 1000қол ҒОО
Hetrou
Онда ешкімге оңай соқпайды. Әсіресе билікке.
Сөз қуам деп, мүмкіндіктеріңді асыра бағалап жіберген жоқсың ба, інім.
Aldeken
Мем хатшы Марат Тажин айтқан тезистерге қатысты. Билік, блогерлермен тығыз жұмыс істеу керек деген болатын. Алғашқы қадам жасалды. Шымкентте. Блогқұрылтайға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолдау көрсетті. Қолдау көрсетіп ғана қоймай, өзі келіп қатысты. Формат. Галстуксыз. Бейресми. Жас блогерлердің еркін сұрақтарына жауап берді. Алдарыңызға, топтың ортасынан төбе көрсетіп, көптің ортасынан көзге түсу үшін келгенім жоқ деді әкім. Диалог қалыптасты. Атқарушы билік өкілі мен блогшылар арасында. Әдемі әңгіме болды. Шынайы. Блогерлер бұқпантайламады. Мырзахметов мысымен баспады. Асқар Исабекұлы атқарып жатқан, игі істерімен мақтанбады. Әкімге шапан жабылмады. Естелікке блогерлер футболка сыйлады. Демократия. Ашық айтылды. Пікірлер. Ойлар. Позициялар. Қысқасы, екі тарап та кездесуден қанағаттанды. Болады екен. Бірге жұмыс жасауға. Стратег, Марат Тажин айтқандай.
не деген пафос, мынау… )))))))))))))))
енді дәл осы сарында Данияр Алан туралы жазжверсең, сөз жоқ, сауапты іс істеген болар едің…
amir
саясатқа бармағаны дұрыс блогшылардың.
ruben
Осы тақырып көп алға тартылып келеді. Айтқандары ақиқат шығар, бірақ келтірілген, осы мақалада да, шетелдік параллельдер сәтсіздеу ұсынылған. Ресейдегі, Араб елдеріндегі правдоруб блоггерлердің мұхиттың арғы бетінде режиссерлері бар. Ал еліміздегі қазақ тілді блоггерлер ТОЛЫҒЫМЕН тәуелсіз, тарапсыз. Кейіннен түрлі мем.қызметке кеткендері бар дерсің, — олардың көзқарастары баяғыша. Блоггерлерді ісіртіп-ісіртіп, айтаққа ергіземіз деп ойлайтын шығар түрлі топтар. Пішту, блоггерлер — кей журналистер секілді емес. Негізгі табыс көздері бар болғасын, материалды игіліктерге алданып, кіріптар бола қалуы екіталай.
Zilola
Нұршатты танимын, ал Еркебұлан деген кім?
Nurshat
Берік УӘЛИ ағамыздың көмекшісі ғой. Ал мен пікір айтудан аулақпын.
Aikona
Ана бір жігіт жүрді ғой ақ жейдемен, шаштары айғайлап тұрады, фб да көп жүреді Аршат айтқан рамкадан шықпайды өзі
monti
жир.жазылған неге?көз ауыртад кен
amir
жақсы жазылған екен жир болса да. блогерлер саясатта да белсенді болсағой…