Blogcamp 2013 немесе "құдай жүректер"
Блогкэмп ресми шара емес. Қылқына галстук тағып, қыдиып-қыдиып отырып қайтатын жер де емес. Блогкэмп – жауыр болған тіркеспен айтсақ, “бір терінің пұшпағын илеп жүрген” блогшылардың бас қосып, жиналып, бір-бірін тек аватардан ғана емес, анфасынан, профилінен, артынан, астынан, үстінен қарап, танысатын жері Тәжірибе, идея алмасып, пікір таластырып, достық сезіммен қимай-қимай қоштасатын орын. © Қисық
Рас, айтады Қисық. Мен көрген блогқұрылтай 13 осылай өз форматында жақсы өтті. Бұрынғыларын көрмегендіктен, салыстыра алмай отырмын.
Алғаш рет барып тұрғандықтан қобалжыңқырап, «адамдар арасындағы бөлітіріктей» топ ортасынан саяқтау жүрдім. Сооол…
Блогқұрылтайдың бірінші күнінде әдеттегідей мастер класс, сессиялар, әр түрлі старт-ап жобаларды таныстыру өтті. Әсіресе маған ұнағаны «Шеберлік шыңдау дәрістері», «Блог жүргізудегі шет ел тәжрибесі», «Монетизация» сынды сессиялар маужыратпай, сергек отыруыма ықпал етті
Әрі қарай

«Барған да, бармаған да арманда» деп осындайда айтылса керек. Қалың ел [блоггер атты] жыл сайынғы дәстүрлі құрылтайына барып келді. Бара жатқанда, препатиде, патидің өзінде, автепатиде әр түрлі суреттерін жариялап қанды да ішті, тұзды да жалатты. Иә, сырт көзге қарағанда алдыңғы екі жиынға қарағанда, осы жиын тамаша өткен секілді. Кәдімгідей ел боп қалыппыз, кәдімгідей мықты ұйымдастырылған. Санамаламай-ақ қояйын, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген барлық қыз-жігіттерге ақ алғыс.

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факултьтетінің ұйымдастыруымен республикалық «Ең дарынды болашақ журналист» атты пәндік олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиаданың басты мақсаты республика деңгейіндегі ең дарынды, қарымды журналисттерді анықтау, іріктеу. Төртінші рет өткізіліп отырған олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан 10 команда қатысып отыр. 