Болашақ журналистер бәйгеге түсті
Бүгін, 29 наурызда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы өтуде. Жас журналитердің мықтыларын анықтау мақсатындағы олимпиада 2 кезеңнен құралған. 1-ші кезеңде команда мүшелері журналистиканың кәсіби пәндері бойынша тест сұрақтарына жауап беруде барын салды, ал 2-ші кезең төрт түрлі сайыстан тұрады. Алдымен қатысушылар өз топтарын көпшілік алдында таныстырып, алдын-ала даярлаған бейне таныстыруларын жұртшылық назарына ұсынды. «Ең үздік болашақ телерадиожурналист» аталымы бойынша команда мүшелері әділқазы алқасын қатыстыра отырып, телесұхбат жүргізді. «Ең үздік болашақ фотожурналист» сайысында команда мүшелері өзара кеңесе отырып, университет қабырғасының көрнекті жерлерінен бейне түсірді. Ал дәл қазір, шешуші сайыста, жеңіске мен жетемін деген олимпиада қатысушылары баспасөз және онлайн-журналистика бойынша додаға түсуде.
Айта кету керек, ең дарынды болашақ журналистерді осы салада жүрген белгілі тұлғалар анықтамақ. Биік тұғырынан кім көрінуге лайық екенін бүгінде телевизия саласында зерттеу жүргізіп, кітап жазатын Құдайберегн Тұрсынов, «Қазақстан» ҰА продюссері Жаңылхан Асылбекова, ҚазҰУ-дың баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғалия Тілеубергенқызы шешетін болады.

2 пікір